Сабақ жоспары такырыбы Нәсілдер .

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары


Сынып

6«В»

Мамыр

Тақырыбы

Нәсілдер




Бөлік

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дифферен

циация

Бағалау

Ресурстар, көрнекілік құралдары, сыныптың жағдайы

I

5

Оқушыларды топқа бөлу «Атомдар мен молекулалар» ойыны қолданылады.

«Атомдар мен молекулалар» ойыны қолданғанда сыныпта коллаборативті орта пайда болады. Лқушылар бірден топқа бірігеді. Топ басшысы сайланады. Бағалау критериі айтылады.




5

Білімнің актуализациясы. Тақырыпты жүйелеу. Миға шабуыл. Сабақтың мақсаты анықталады.

Білімнің актуализациясы – «Нәсілдер» тақырыбында миға шабуыл жасалады: Нәсілдер деген кім? Кім біледі? Қандай нәсіл топтары бар?Негізгі нәсілдер түрлерін атаңдар? Өтпелі нәсілдерді атаңдар?

Сабақ мақсаттарын қою

Миға шабуыл кезінде

Формативті (жетондар)

Сұрақтар.

II

5

Сәйкестікке негізделген кесте толтыру «негізгі және өтпелі нәсілдерді» анықтау


Оқушылар кестені таңдап алып, сәйкестікті орындайды: 1. Негізгі нәсілдер

2. Өтпелі нәсілдер

Кестемен жұмыс

Формативті (жетондар)

Кестелер мен анықтамалар

5

Сергіту сәті.

Ойлауға негізделген сергәту сәті

«Қарындашты жазу мен сызудан басқа қалай қолдануға болады?»

Оқушыларға уақыт беріледі, олардың қарындаштың мүмкіндіктері бойынша ойға кетеді. «Қарындашты жазу мен сызудан басқа қалай қолдануға болады?». Түрлі тәсілдерді көрсете білген топтар жетон алады, әр оқушы жетон алады

Сергіту сәті

Формативті (смайликтер)

Смайликтер, қарындаштар, қосымша парақ

III

20

«Алты қалпақ» тәсілі, «Нәсілдердің теңдігі» тақырыбы бойынша




Топ басшылары хат таңдайды, хат ішіндегі қағаз түсі бойынша қалпақ таңдалады. Қара мен көк қалпақ та алынады. Топта талқылап болған соң, ортаға бір спикер шығады.

«Алты қалпақ» тапсырмасы орындалады.

Формативті (жетондар)

Түрлі түсті қалпақтар, қосымша парақ, қағаздағы мәселе

5

Рефлексия

Қорытынды

Журнал мен күнделікке оқушылардың бағасын қою.

Үй тапсырмасы жұптық рефлексия. Сабақ мақсатын еске түсіріп, сараптайды.

Бағаларын күнделіктеріне қойып мұғалімге қол қоюға тапсырады.


Суммативті( критерийлер бойынша)

«Екі жұлдық және бір тілек» парағы



География пәнінен «Нәсілдер» тақырыбында өткен сабаққа рефлексивті есеп.


«Адам және табиғат» тақырыбында аталған сабақ екінші болатын. Бұл сабақ мұғалім-зерттеушілер тарапынан жоспарланған еді. Оқушылар сабақта белсенді болулары үшін сыныпта коллабаративті орта құру керек. Бұл сабақта мен «Атомдар мен молекулалар» ойынын қолдандым. Сыныпта барлық оқушы жұмыс атқарды, тіпті С деген оқушы да. С өте белсенділіг төмен оқушы. Бұл ойын оқушыларды топқа біріктіруде көмек берді. Әр топтың басшылары таңдалынып алынды, бұл арқылы барлық оқушы оқыту жүйесіне қатысып отырды. Топ басшылары болып сынып көшбасшылары таңдалды.

Бұл сабақты өткізу кезінде ойлауға негізделген тапсырмалар орындалды. Психологиялық тест қорытындысы бойынша сынып оқушыларының ойлау деңгейі анықталды, сыныптың ойлау деңгейі орташа болып шықты. Сондықтан оқушылардың ойлау деңгейіне бұл сыныпта көңіл бөлу керек.

Сабақтың келесі бөлігі миға шабуыл. Оқушылар бұл жұмысты оңай атқарды, сабақ мақсатын қоя білді. Ары өарай оқушылар екі түрлі нәсілге байланысты кесте толтырды. Бұл жұмыс бойынша оқушылар аппликация жасады, нәсілдердің түрлері бойынша және олардың орналасу орындары бойынша жапсырмалар жапсырды. Бұл жұмысты сынып жақсы атқарды.

Келесі тапсырмалар легінде сергіту сәті болды. Бұл сергітуде оқушылар қарындаштың жазу мен сызудан бөлек қандай іс атқаратынын жазу керек болатын. Топтың барлығы бұл тапсырманы орындай қойған жоқ. Жоғары деңгейлі оқушылары бар топтардың ойлар да, ұсыныстары да көп, әрі ерекше болды.

Сабақтың келесі бөлігі «алты қалпақ» әдісіне берілді. Оқушыларға сұрақ ұсынылды: «Нәсілдердің теңдігі». Топ басшылары хатты алып, өз қалпақтарымен сәйкестігін байқады. Сабақтың бұл бөлігін сәтті деп айту қиынға соқты, себебі оқушылар үшін тапсырма оңай болмады. Қиындық туғызған түстер ақ және сары қалпақ болды, олар сергіту сәтін де жақсы атқара алмады. Бұдан шығатын қорытынды сыныпта ойлауды дамытуға назар аудару керек. Ең тамаша сөзді қара және қызыл қалпақ сөйледі. Көк және жасыл қалпақ өз міндеттерін жақсы атқарып шықты.

Сабақ соңында оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» рефлексиясы бойынша өз ойларын айтып шықты, оқушылар сабақтың ең сәтті жақтарын айтып шықты. Оқушылар сәйкестік кестесін, «алты қалпақ» тәсілдерін ерекше атап өтіп, дәл осындай сабақтың жиі болғанын қалайтындарын жазды. Оқушылар жақсы бағаланды. Критерийлер бойынша бағалау ұсынылды. Формативті бағалау түріне жетондар қолданды, осының көмегімен сабақ бойынша оқушының назары оқу жүйесінде болды.

Осы тәсілдер оқу жүйесінің жетістігін арттырып, тақырыптың қамтылуы жоғары нәтижелі болды .