Сабақ№__54______ Сыныбы___11 «А»___ Күні__5.04.2016ж._
Тақырыбы: Африканың халқы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Африканың халқы, ұлттық, діни, тілдік, жастық, жынысттық құрамдары, халық тығыздығы жөнінде түсіндіру.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Африканың халқымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта, тірек-сызба, кесте т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Африканың минералды ресурстары?
2. Африканың агроклиматтық ресурстары?
3. Африканың су ресурстары?
4. Африканың жер ресурстары?
5. Африканың орман ресурстары?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2014 жылдың ортасына қарай 1 млрд 136 млн адамға жуықтады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Тек Нигерияның халқы ғана 177,5 млннан асады, тағы да бес елдің халқы 25-60млн аралығында. Осы алты елдің халқы аймақ халқының 56%-ын құрайды. Африка халқына тән басты белгінің бірі – халық санының жедел өсуі. Халықтың табиғи өсуінің қарқыны жөнінен Африка басқа аймақтарды басып озуда.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Африка халқының құрамын түсіндіру.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Африка халқының құрамын түсіндіру.
4. Топтастыру.
Топтастыру арқылы Африка елдерінің қала халқын түсіндіру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Африканың халқы?
2. Африканың ұлттық құрамы?
3. Африканың тілдік құрамы?
4. Африканың діни құрамы?
5. Африканың халық тығыздығы?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: §49. Мазмұндау, тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар.
2) 277-беттегі 4-тапсырманы орындау.