Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Италия» (11 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ № 28

Сыныбы 11 «А»

Күні 18.12.2015 ж.


Тақырыбы: Италияның шаруашылығы.Сыртқы экономикалық байланыстары.


Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Италия шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Оның басты бағыты, шаруашылық жүйесі, ел экономикасының аса маңызды салалары, көлік географиясы, оның түрлері мен тораптары, сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы, Италия «Еуропаның басты бағы», «Күн жолы» атты ұғым туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтінінің, тақырыптық карталардың көмегімен Италия шаруашылығының басты бағытына, өнеркәсібінің жетекші салаларына, солтүстік пен оңтүстіктің даму деңгейлеріне салыстырмалы сипаттама, ел өнеркәсібінің орналасу заңдылықтарына талдау жасау, ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін түсіндіруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Италияның экономикалық картасы, «Солтүстік және Оңтүстік Италия» атты сызбанұсқа, «Италия экономикасы» атты сурет

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Пәнаралық байланыс: тарих, биология

Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау

1. Италия

2. Кескін карталарын тексеру

Жаңа сабақ

Италия шаруашылығының басты бағытына, шаруашылық жүйесіне, ел экономикасының аса маңызды салаларына сипаттама береді. Кейін, жоспар құрып, соның негізінде мәліметтер келтіріп, теориялық білімді қалыптастыру керек. Мұғалім өзінің айтар ойын белгілі бір жүйеге келтірі, келесі жоспар бойынша баяндайды:

1. Италия шаруашылығының басты бағыты;

2. өнеркәсібі, оның салалары;

3. өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуы;

4. ауыл шаруашылығының жетекші салалары;

5. көлігі, көлік жүйелері;

6. Италияның сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;

7. туризм туралы мәліметтер беріледі.

Жаңа сабақты бекіту

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

1.Италия шаруашылығының басты бағыттары қандай?

2.Өнеркәсібінің қандай жетекші салалары бар?

3.Италияны «Еуропаның басты бағы» деп неліктен атаған?

4.«Күн жолы» атты ұғымды қалай түсінуге болады?

5.Италияның «алтын қалалары» деп неліктен аталған?

Қорытындылау:

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды.

Бағалау:

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Үйге тапсырма беру

1. Оқулық мәтінін пайдаланып, Италияның табиғат ресурстарының негізгі топтарын анықтау, ел өнеркәсібінің орналасу заңдылықтарына талдау жасау.

2. Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтерді пайдаланып: а) халықтың жас құрылымын; ә) еңбек ресурстары құрылымын бейнелейтін дөңгелек диаграммалар құрастыру.

3. Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін түсіндіру.

4. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып «Италияның тарихи және мәдени ескерткіштері» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.

5. «Дидактикалық материалдардағы» «Еуропаның жоғары дамыған елдері» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындау.