Сабақ жоспары 9-сынып Халықтың жастық жыныстық құрамы денсаулығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Бекітемін:___________ Пәні: География Сыныбы:9 күні:

1.Сабақтың тақырыбы: Ел халқының жастық-жыныстық құрамы және денсаулығы.

2.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

2.1 Қазақстан халқының жастық – жыныстық құрамын анықтай білу.

2.2 Халықтың жастық және жыныстық құрылымы, жастық топтары, жастық құрамы,

ел халқының денсаулығына көңіл бөлу себептерін түсіну.

2.3 Халықтың жыныстық-жастық пирамидасын, денсаулығы, туу және өлім деңгейлерін анықтау.

2.4 Халықтың жыныстық-жастық құрамы, халықтың орта жасы, халықтың денсаулығытуу және өлім деңгейлері және халықтың ұдайы өсуін талдау.

2.5 Салауатты өмір салты ұстанымы туралы өз ой пікірлерін білдіру.

2.6 Қазақстан халқының денсаулығы, халыққы көрсетіліп

жатқан дәрігерлік қызметтің заманға сай қамтамассыз етілуіне өз ой-пікірлерін жеткізу.

3.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

4.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

5. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

6. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

- сабақтың өткізу жоспарын көрсету.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады

10 минут

Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

Кім жылдам?

  1. Халықтың жыныстық- жастық құрылымы ................................. анықталады.

  2. Қазақстан халқының ............................ ерлер, ........................... әйелдер құрайды.

  3. Қазақстан халқының орта жасы ........................, ерлер ..........................., әйлдерде ................................... құрайды .


Картамен жұмыс

Халықтың өлім, туу деңгейлерінің жоғарғы және төмен аудандарын талдау

Халықтың жастық жыныстық құрамының пирамидасын талдау

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

20 минут

Негізгі бөлім

Видио көрсетіп Қазақстан аумағында жастық жыныстық құрылымын және денсаулығының жақсы жақсы аумақтарын және төмен аймақтарын талдау.

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

I топ. Халықтың жыныстық құрылымы.

II топ. Халықтың жастық құрылымы.

III топ. Халықтың денсаулығы.

а)Оқушылар тақырыпты жазып алады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут

Қорытынды бөлім

Кім жылдам?

  1. Халықтың жыныстық-жастық құрылымы дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Халықтың жастық құрамы қалай бөлінеді?

  3. Елімізде халықтың денсаулығына неліктен көңіл бөлінуде?

Картамен жұмыс


Топтар арасындағы байланыс

*Салауатты Қазақстан*бағдарламасы туралы пікірлерің қандай?

Еліміздегі халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге көңілдерің тола ма? (Өз ойларыңды жазыңдар.)

Кейінгі оқу:

Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.

Топтық жұмысты бағалау критерий

Тақырыпты ашу тереңдігі

Тақырып ашылмаған -0 ұпай

Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай

Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай

Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай


Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма