География патшалығындағы бір күн Сыныптан тыс шара (7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Сабақтан 2 алған баланың сөздері



1.Уһ, географиядан да құтылдым-ау! Тағы да 2 алдым. Апырым-ай осы жұрт географияны қалай оқиды екен?! Бәрінен де апайды айтсайшы — ?! Соншама жер атауларын, бүкіл Жер шарында болып жатқан оқиғаларды қалай ғана кіп-кішкене басына сыйғызып жүргеніне таңмын. «Гидрасфера, атмосфера, биосфера, литосфера … не бір қиын тапсырмаларды тақта бетіне толтыратынын қайтесің?» Айтыңдаршы балалар, географиядан екі алмағандарың бар ма?  Ә, мен білемін, бәрің де 2 алғансыңдар. Озаттарың да, екпінділерің де шамалы бағамен оқитындарың да географиядан екі алмадым деңдерші? Оқығым келмейді географияны  …



2.Сіз кімсіз, кім боласыз ?



3. Керемет екен. Шетінен өнерлі. Адамзатқа барлығының тигізетін пайдасы зор екен. Патшалықтарыңызда өмір сүру де өте қызықты.









4.Ия мен енді бәрін түсндім. «Табиғатты сүю парыз, сүю үшін білу парыз» дегендей география сабағын оқуға, табиғатты аялауға уәде беремін!



















































География патшасы-Хан



  1. Мен бағанадан бері өзің даттап жер-жебіріме жеткен География патшасымын.



Жер бетінің әр бір құмын, әр тасын,

Мен зерттеймін, ей, балақай, байқашы.

Мені білгің, оқығын, сен, азамат,

Сиқыршымын —  мен География патшасы


Ал, балақай, жүр, мен сені География патшалығына апарайын, географияның қызығына қандырайын . Қорықпа, жүр!

  1. Ал енді тұрғындарымның өнерімен қасиетін таныту мақсатында физикалық география мен экономикалық географияны айтысқа ортаға шақырамын

  2. Дауласудың қажеті жоқ, екуің де өмір тірегісіңдер

4. Ал балақай патшалығымның тұрғындары қалай өнерлі ме екен?

5. Біздің патшалығымыз да  өмір сүру қызықты-ау Бірақ  экологиялық проблемалар туындап, жағдайымыз нашарлап барады. Сен адамзат баласына айта бар табиғатты аяласын, қорғасын! Себебі табиғат оның үйі ғой. Ал барлық тіршілік иесі үйлерін күтіп, қорғйды емес пе?































Жаршы:

  1. «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! География патшасының сарайында той болады. Бәріңізді де тойға шақырамыз Келіңіздер, көріңіздер бағаларыңызды беріңіздер.»

География патшасы өз тұрғындарының өнерімен қасиетін таныту мақсатында физикалық география мен экономикалық географияны айтысқа ортаға шақырады.

2. География патшалығының үштен екі бөлігіне билігі жүретін  премьер-министр  —  Гидросфера:



3. Жаршы:      Биосфера ханзада сөз алады:



4.Литосфера ханшайымын шақырайық


5.Атмосфера ханшайымды шақырамыз:


6. Мың сан халқы ізіне ерген

Келешекке берік сенген,

Қасиетті туған өлкем,

Кереметсің қандай көркем!

О, Жер-Ана қадіріңе жетейін,

Көрерменді сырға қанық етейін

Жер-Ананы шақырып  ап  ортаға,

Сіздерге толық таныстырып өтейін – деп ортаға Жер-Ананы шақырайық.

О, Жер-Ана бізге жылдам келіңіз

Сізге әр кез дайын біздің төріміз. (Жер-Ана келеді)

Міне, Жер-Анамыз да көрінді. — Саламатсыз ба Жер-Ана!

Жер-Ана:



7. Оқушылар Жер Ана ның дайындап келген сұрақтарына назар аударайық

8. Қымбатты Жер-Ана, жаңа бір сөзіңізде 6 балам бар деп едіңіз, Сіз рұқсат етсеңіз, соларды ортаға шақырсақ деп тұрмыз.



9.Ендеше, алдымен анамыздың үлкен баласы «Еуразияны» шақырамыз. (ортаға Еуразия келеді)                                    


10. Келесі кезекте Африканы шақырайық

11. Келесі кезекте Жер-Анамыздың 3-ші баласы Солтүстік Американы шақырамыз.

Солтүстік Америка

12. Енді Оңтүстік Американы шақырамыз



13. Келесі кезекте  Антрактиданы ортаға шақырамыз. (Антрактида келеді)

Хош келдіңіз мұзды мекен

Дейді көп жұрт сізді бекем.

Шыныменен сізді ойласам

Менің өзім дір-дір етем


14. Көп рахмет. Келесі кезекте Жер-Анамыздың  ең кенже баласы «Аустралияны» шақырамыз.   (оратаға Аустралия келеді)

Хош келдіңіз, кенжесі ананың

Сіз жайында білгіміз келіп барады.

Біздің кеште қонақ болып қайтыңыз,

Бірақ сізде өзіңіз жайлы айтыңыз


15. Тамаша. Жер Анамыздың алты ұлы болған алты материкпен де таныстық. Осы материктерде тұратын елдердің өкілдері өздерінің сән үлгілерімен келіпті. Қазір оны тамашалайық.              (әр елдің ұлттық киімдері көрсетіледі)

  • Қазақ елі

  • Өзбек елі

  • Араб елі

  • Испан елі

  • Түрік елі

  • Үнді елі


16. Жаршы: Оқушылар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақ тегін емес: дыбысты. Шарты: жұмбақтың шешуін тауып соны қимылмен және дыбыспен көрсету керек.

  1. Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ  —  қашады    (ЖЕЛ)

  2. Аң патшасы десек те, Піл, керіктен жасқанған, Мысық текті хайуан (АРЫСТАН)

  3. Мұрты бар, сақалы жоқ, Тоны бар, шапаны жоқ (МЫСЫҚ)

  4. Ат басты, арқар мүйізді,

     Бөрі кеуделі, бөкен санды,

    Құс қанатты, құмырсқа ізді      

   Бота тірсекті                                  (ШЕГІРТКЕ)

  1. Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті         (Күннің күркіреуі)

 

17.        Жаршы:              

Қасиетті Жер-Ана! Сіздің 240 немереңіздің ішінен 9-шы немереңіз біздің Отанымыз. Енді «Қазақстанды» шақырғымыз келіп отыр.

Қазақстан – туған өлкем бағыстан,

Бақытымды іздеймін алыстан,

Бүгін бізге қонақ болып кетіңіз,

Балалардың әнін тыңдап жарысқан.

Сіз біз үшін ең киелі мекенсіз.

Бізбен бірге мәңгі жасап өтерсіз.

Қасиетті Жер секілді ананың

 9-шы немересі екенсіз.

Отан-Ана ортамызға келіңіз

Өзіңіз жайлы бізге айтып беріңіз –

деп ортаға Отан Ана Қазақстанды шақырамыз.




18. Сізге шексіз біздің алғысымыз.

     Әрдайым алға бассын жақсы ісіңіз – деп «Қазақ елі» әнін жолдаймыз.-Санна


19. Жаршы:

Табиғаты қойған сынап кенелте,

Қазақстан – байтақ, өлке, кең өлке

Қазақстан – ғажапстан бұл күнде,

Ағыл-тегіл ақтарылған кең өлке.

Отан-Ана қадіріңе жетемін

Сенен басқа Отанды мен не етемін!

Сен мұңайсаң, мен де бірге мұңаям,

Сен қуансаң мәңгі күліп өтемін.

«Туған өлкем – қандай көркем» — еді деп,

Табынамыз саған, атамекенім!



20 сонгы.Құрметті география патшалығының тұрғындары бүгінгі кешімізді «Атамекен» Аслан Нуралин әнімен аяқтаймыз. Қатынасқандарыңызға рақмет. Хош сау болыңыздар!











































































Экономикалық география:

1. Армысыздар бүгінгі кешті көретіндер.

География десе жанын беретіндер.

География кереметін жыр ғып айтам,

Сөзіме сенетіндер, көнетіндер.

Есімім – экономикалық таныстырсам,

Жеңілер деп ойлама жарыстырсаң,

Географияның тірегі мына менмін

Не қыласың күшіңе қарсы тұрсам?!



2. Экономика — өмір, тұрмыс тірегі,

Құрамына саясатта кіреді

Халықтар  мен елді мекен, нәсілдір

Мен арқылы байланыстар жүреді.

Менен болар халықтардың санағы

Машинаға мен керекпін қараңыз

Талшық, көмір, мұнай мен газ сатамын

Мені оқыңыз жеткенінше санаңыз.



3. Құдайға шүкір жақсарып жатыр жағдайың

«Ластадың» деп балағаттап қызбағын.

Пайдасы қайсы, мақтағанда тигізген

Аралыңды басып жатыр тұздарың.

Мен арқылы өндірістер басталды

Басталды да ел жағдайы жақсарды.

Пайдам бар менің тағы басқа көптеген

Өз бойыма көп қасиет жиыппын.







Физикалық география

1. Көруге география кешін жиылғандар

Эротосфенге құдайындай сыйынғандар

Қош келдіңдер бүгінгі ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

Физикалықпын несіне жасырайын,

Сенен достым күшімді асырайын.

Физикалықтың күшіне географияда

Тұра алар дәті шыдап қасымда кім ?



2. Күн жүйесін Жер шарын зерттеймін мен

Зерттеймін мен жазықтар мен тауларды

Көрікті табиғат, пайдалы қазба беремін

Тұзсыз дәмі кіруші ме еді тағамның?

Мақтанасың сен бекерге бас ұрып

Уланудан дерті кетті асқынып

Мұнай сатып, темір, көмір өндіріп,

Табиғатты ластадың сен қатырып.



3. Байлығымды адамзат қолданады.

Жұтсаң — ауа, ішсең — су қолда бары

Топырақ пен өсімдік күн сәулесі

Түнып тұрған байлыққа көз болады

Әрқашанда ашық ғылым картасы

Көп мақтанып кеудеңді сен қақпашы

Төрелігін берсін География патшасы




Гидросфера:



Гидросферамын, судың нағыз өзімін

Мұхит, өзен, көл, бұлақпын, жаңбырмын.

Түссіз, иіссіз, дәмсізбін мен ежелден

Жер астында да, тау басында да боламын

Толқындарым электр тогын береді

Менімен болар қандай істің есебі

Кемелерің меніменен еседі

Адам суды өмір нәрі деседі.

Каспий бұл көлдерімнің төресі

4 мұхитым жер бетіне таралған

Тіршіліктің тынысы  су мен боламын

Ішіп жүрген уақытында қалаған

Ал енді балалар менің сендерге сұрағым-   Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен ?     (НІЛ)

Және бір жұмбағым бар еді- Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасақ егерде, барша тірлік қурайды              (СУ)























Биосфера:


1.Мен биосферамын – баға жетпес тіршілікпін

Басты қасиетім — өте тез көбейгішпін.

Аңдар  менен  өсімдікті түзуші

Тіршіліктің көзі болып кете алдым

Жануарда да, адамда да бармын мен

Тіршілікті өмір сүруге икемді қылып

Өсімдік пен жануар түрін жасадым

Сөйтіп мәңгі тарихта қалдым мен

Қайткенде де болашағым мол менің

Адамзат та артты маған зор сенім

Тіршіліктің тірегімін, көзімін

Дұрыс болар есте сақтап сенгенің

Балалар менің сендерге қойатын сұрағым мынадай-   Қазақстанда неше қорық және неше ұлттық парк бар? (9 қорық, 5- ұ. парк)

Жұмбағымды жасырсам: Он екі айдың біреуі, мына менің атымда-деп, жар салып жүреді.   (көкек)
























Литосфера:


1.Мантия, ядро, жер қыртысынан құралдым

Өмір бойы керегіңе жете алдым

Литосфералық тақталардың картасы

Венегердің көргенімен ашылдым

Бөлініп тұрған үш түрге тау жынысын

Қыртысымда сен олармен кездесесің

Артық болмас қойным толы байлық десем

Ғарыштағы ракетада, ұшақтан

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Литосферамын – жердің қатты қабаты

жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрылыстың мен сәулеті, негізі

Қаланады менен ғана ойланшы.

Менің бір сұрағым бар - Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек         (АРАБИЯ)

Жұмбақ та қойғым келіп тұр:   Бір түкті кілем, бір түксіз кілем        (аспан мен жер)

























Атмосфера ханшайымы:

1. Бүкіл әлем тыныс алар ауамын

Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.

«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?

Пайдасы көп адамзатқа ауаның.

Тропосфера, стротосфера қабаттар,

Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.

Болмаса ауа минутта шыдамай

Сондықтан да ластануда ағат бар.

Қорғаңыздар ауа атты қабатын,

Боласың сен осыдан пайда табатын.

Жануар да, өсімдік те, адам да

Тыныс алар ауа деген затымен.

Мынадай сұраққа жауап беріңдерші- Температураны немен өлшейді?             (ТЕРМОМЕТР)

Жұмбақты шешіп көріңіздер- Жүйрік өзі тұлпардан, ұшқыр өзі сұңқардан.

Күні-түні жүйткиді, кең далада бір тарлан                 (ЖЕЛ)























Жер Ана:


1. Амансың ба қарағым! Амансың ба оқушым! Құрметті қонақтар! Мені бәрің де география пәнінен жақсы танисыңдар деп ойлаймын. Солай ма?….  Дей тұрғанмен де, мен сіздерге қонаққа келген соң, өзім жайлы айта кетейін.

Күн жүйесін 3-ші боп мекендедім,

Көлемім кең, үлкен жүк көтергенім.

Ізімнен ерген менің 6 ұлым бар.

Емессіңдер сендер де бөтендерім.

Және бар менің 240 немерем,

Немерелерім шетінен білгір, көреген.

Жан-жағымдағы Плутон, Шолпан, Марстар,

Дейді маған «бақыттысың не деген!».

Өйткені менің басамдау еді пәрменім

Артықтығым 6 бала көргенім.

Солардан өрген өздерің аман тұрғанда

Әрқашан да тіршілігім бар менің.

  1. Менің сұрақтарыма кім көп жауап береді екен?


  1. Ең ыстық материк ? (Африка)

  2. Ең кішкентай құс ? (колибри)

  3. Жер бетінде қанша материк бар? (6)

  4. Ең биік материк ? (Еуразия)

  5. Ең биік сарқырама? (Анхель)

  6. Ең үлкен арал? (Гренландия)

  7. Қазақстандағы ең биік тау? (Тянь-Шань)

  8. Қазақстандағы ең үлкен көл? (Каспий)

  9. Қазақстан көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында? (9)

  10. Ең терең мұхит? (Тынық)

3. Жер-Ана: Шақырыңыздар, айналайындар! Мен қарсы емеспін.











 Еуразия


1.Орасан зор материкпін,

Төрт мұхит, төрт қабырғам.

Алуан түрлі тірлігімен

Көп халық менен табылған

Исландия — аралым бар,

Фенноскандия – орманым.

Балқан таумен таралынған

Гималай, Альпі қорғаным.

Арбия – үлкен түбек,

Месопотамия – жазық ойпат.

Орта Азия шөлді өлкені

Жылқы, түйе жүрер жайлап.

Тынық мұхит жағасында

Вулканым бар отты алып.

Ұлы Қытай жазығында

Ырзығын терген көп халық.

Архипелаг Малайзия

Тұрады бес мың аралдан.

Күріш пенен шәй бұта

Бұл жерге тән таралған











Африка

1.Мен Африка! Қос мұхит арасында

Еуропадан 3 есе үлкен құрлықпын.

Түп атым «Еуразия» тайпасында,

Белімді экватор кескен құрлықпын.

Маймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен,

Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.












Солтүстік Америка

1.Өзім жайлы менде айтып берейін,

Құнды-құнды мәліметтер терейін

Ағаларым өзін айтып мақтанды

Байлығымды мен де мақтап көрейін

Қалың тонды қойбұқам бар,

Қылқанды шырша орманым бар.

Бұлғын, құндыз ондатра –

Ең бағалы аңдарым бар.

Ниагара алып құламадан

Энергия аламын.

Үлкен Антиль, Кіші Антиль

Бағамдай бар аралым.

Гольфстрим ұлы ағысым,

Кордильер таулы тізбегім

Иеллоустон – ұлттық паркке

Барудың жолын іздегін.

Гейзер суы көкке өрлеген,

Секвоялы жасыл орман.

Міне, осы барым менің

Маған  мәңгі  мақтан болған.



Оңтүстік Америка

1.Шығысым менің кең жазық,

Анд тауы батыс жағында.

Амозонка ең сұлу өзен,

Биік таудан соғылған.

Өсімдігім мимоза,

Кебрачо, кактустар.

Мекен еткен жерімді,

Пума, ягуар жыртқыштар.

Жиырмадан астам елім бар,

Титикака көлім бар



Антрактида

1.Шынымене мінезім сәл қаттылау

Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау

Мысалы менде ғалымдардың ғылыми

Станциялары жұмыс жасайды бақылау.

Жануарларым тюлень, теңіз мысығы,

Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығын


Аустралия

Айтар болсам өзімді

Тыңдаңыздар сөзімді

Ағалардан шалғайдамын

Құрғақшылық бар  аймағым.

Қос мұхитпен қоршаулымын,

Қалталы келеді жануарым

Әлем бойынша қой өсіріп,

Ең бірінші орын алдым



\



































Қазақстан


Белестерден белестерге ұласқан,

Орман, шөлім, өзен-көлім қыр асқан.

Тау мен тасын жауып құмның етегін,

Баурайында сылдыр қаққан бұлақтар

Менің жерім дәнге, малға, кенге бай,

Менің елім жаны жайсаң , көңілі жай!


























Жаршы