Географиялық қабық. Табиғат кешені . Географиялық белдеулер мен зоналар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы :

 Географиялық белдеулер мен зоналар

Пәні : География (6 сынып )

Өткізген : Азатқызы Қ.

Сабақтың күні : 14.04.2016 ж

Сабақтың тақырыбы : §49 Географиялық белдеулер мен зоналар (154-155 беттер аралығы )

Сабақтың  мақсаттары :

    а ) Білімділік :  Оқушыларға географиялық белдеулер мен  зоналар, оның

                                 түрлері және   бір – бірінен айырмашылығы туралы білім

                               беру.

   ә) Тәрбиелілік :  Оқушыларды тез ойланып жұмыс жасауға,өз білгендерін

                                  жүйелі айта алуға,топ алдында еркін сөйлеуге, ізденпаз-

                               дыққа, жан-жақтылыққа,отансүйгіштікке тәрбилеу.

   б) Дамытушылық  : Оқушылардың ойлау, есте сақтау картамен жұмыс

                                  жасау    шеберліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі :  Дүниежүзінің физикалық картасы

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : Топтық жұмыс, сұрақ – жауап, тест

Cабақтың барысы : I. Ұйымдастыру.

                                II.Үй тапсырмасын тексеру.

                                III. Жаңа сабақ

                                IV.Бекіту.

                                V.Қорытынды

                                VI.Үйге тапсырма

                                VII.Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу,түгендеу,белгілеу.

2.Сыныпты топқа бөлу.

3.Оқушыларды сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үй тапсырмасын үлестірмелі карточка арқылы орындаймық карточка да

1-тапсырма Семантикалық карта.

Атмосфера қабаты


Биосфера қабаты


Гидросфера қабаты


Литосфера қабаты



Тропосфер, Жерорта, Ядро, Флора, Озон, Мантия, Тынық , Фауна


2-тапсырма Тест. «Биос » сөзінің  грек тілінен аудармасы?

а) Көбейгіштігі                                       б) Тіршілік +

ә) Шөгінді қабат                                     в) Флора мен фауна

2. Тірі ағзалардың басты қасиеті?

а) Тіршілік жағдайына икемділігі       б) Бейімделуі

ә)  Көбейгіштігі +                                  в) Таралуы

3. Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланатын ағзалар?

а) Өсімдіктер                                б) Биоценоз +

ә) Фауна                                        в) Биогеография

4. Ең құнарлы топырақ?

а)  Күлгін                             б) Ашық қоңыр

ә)  Сұр қоңыр                      в) Қара +

5.Топырақтану   ғылымын  зерттейтін ғалым ?

а)  В.В Докучаев    +                       б) А.К.Берг

ә)  Д.Ливингстон                             в) Н.М.Преживальский

Тексереміз

3.Жаңа сабақ

1.Географиялық белдеулер

2.Географиялық зоналар

 XIX  ғасырдың соңы мен XX  ғасырдың басында осы мәліметтерді талдау мен қорытындылау нәтижесінде географиялық қабық туралы ілімнің негізі қаланды. Геогрфиялық қабық туралы ілімнің қалыптасуында әсіресе А.Гумбольдт, В.В Докучаев  және В.И. Вернадский еңбектерінің маңызы зор.

Географиялық қабық – ғаламшар ауқымындағы ең үлкен табиғат кешені болып саналады.

XX ғасырда климатты аудандастыруға В.Кеппен мен орыс географы әрі биологі Л.С.Берг алғашқы қадам жасады. В.Кеппен жер шары климатын жіктеуде температура мен ылғалдың әркелкілігін негізге алған. Климат қалыптастырушы заңдылықтарды ескеру негізінде орыс климатолгы Б.П. Алисиов жасаған климаттық аудандастыру әлі күнге дейін өзінің ғылыми және қолданбалы маңызын жойған жоқ. Жер шарын 13 климаттық белдеулер кесіп өтеді,оның 7 негізгі – 6 аралық болып жіктеледі.

Климаттық белдеулер :

Негізгі : Экваторлық, тропиктік,қоңыржай,арктикалық,антрактикалық

Аралық: Субэкваторлық,субтропиктік,субарктикалық,субантрактикалық

Табиғат зоналарының аттары көп жағдайда зонаға тән өсімдік жамылғысына сәйкес қойылады.

Табиғат зоналары : тундра,орманды тундра орман,орманды дала,дала зонаcы,шөл және шөлейт,саванна мен сирек ормандар,субтропиктік орман,ылңалды мәңгі жасыл ормандар.

Жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгерту. Мәтінді бөліп беру

Топтарға тапсырма беру:

Кестені толтыру:

1-топ.Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.

2-топ.Тропиктік және субтропиктік белдеулер.

3-топ. Қоңыржай белдеу.

4-топ. Субполярлық және поллярлық белдеулер.

Сипаттамада берілген табиғат зонасын анықтау.

1-топ тапсырмасы: «Бұл зона өсімдік өсуге тым қолайсыз.Мұнда мүк, қына және бұталар өседі. Жазда ауаның топыраққа жақын қабаты жылынатындықтан бұталар жер бетіне төселіп немесе ұйлығып өседі.» ( тундра )

Табиғат зоналардың аттары көп жағдайда неге байланысты қойылады ?

(Зоналардың өсімдік жамылғысына сәйкес )


2-топ тапсырмасы: «Бұл зона жануарлар түріне өте бай. Мұнда терісі бағалы аңдардан тиін, түлкі, бұлғын; жыртқыштардан қоңыр аю, сілеусін, қасқыр; тұяқтылардан бұлан, елік мекендейді. ( орман зонасы)

1.Екі жарты шардың қоңыржай,субтропиктік және тропиктік белдеулер шегінде таралған зонаны атаңыз?

(Шөл және шөлейтті зона )

3-топ тапсырмасы: «Бұл зонаның табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазда + 500 С ыстық, қыста- 300С суық аяздар байқалады. Жауын-шашын 100-200 мм шамасында. Жануарлардан ақбөкен,қарақұйрық , сонымен қатар ұсақ кемірушілер,жыландар, кесірткелер көп. ( Шөл зонасы)

4-топ тапсырмасы:

«Бұл зонада ағаштың жүздеген түрі кездеседі, ең биігі 50-60 м-ге дейін барады.Пальма, темір ағашы, нан, шоколад ағаштары өседі. Жануарлардан піл,мүйізтұмсықтар, ягуар,қолтырауын мен бегемоттар кездеседі.

( Экваторлық ылғалды ормандар)                              

Кезең Эссе жазу.

(Экранда видео үзінді оқушылар назарына ұсынылады. Оны көріп болған соң,сол тақырыпқа сәйкес эссе жазады.)

Кезең « Картаға саяхат  »

1-Топ

1.Тропиктік белдеуді көрсетіңіз?

2.Арабия теңізін көрсетіңіз?

   2-топ

1.Қоңыржай белдеуді көрсетіңіз?

2.Жерорта теңізін көрсетіңіз?

   3- топ

1.Субтропиктік белдеуді көрсетіңіз?

2.Қызыл теңізді көрсетіңіз?

  4- топ

1.Арктикалық белдеуді көрсетіңіз?

2.Охот теңізін көрсетіңіз?

Қорытынды.

Рефлекция.

Үйге тапсырма: §49 Географиялық белдеулер мен зоналар.

                                    Кескін картаға климаттық белдеулер  мен табиғат 

                                   зонасын сызу.

 Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан топты  және  оқушыларды мадақтап,бағалау.