Статья на тему: «Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафтарының қазіргі жағдайы мен оларды тиімді пайдалану мәселелері»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафтарының қазіргі жағдайы мен оларды тиімді пайдалану мәселелері

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық — табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.

Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер негізінде жүргізілуі керек:

Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйсінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.

Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау. Табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.

Өндірістік экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау – табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін экология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру, шикізат өндірісінде озық технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңейту, өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою т.б.

Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:

шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек.

шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек.

қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болу керек.

табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші  салалардың өсуінен кем болмауы керек.

табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық болуы керек.

5.     Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу принципі. Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе, оның тиімділігігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.

6.     Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мүмкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауға болады.

7.     Аймақтық принцип.  Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші түріне бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу  тиімділігігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

8.     Кешенділігі.  Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажеттілігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат  табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа түрінде болады. Сонымен қоса материалдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.

9.     Нарықтың заңдарына сәйкес барлық табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс.  Төлемділік принцип негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігігін арттыруға болады.

Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір – бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттілігі күмән тудырмайтыны анық. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғау мен ұйымдастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология – экономикалық  байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы су ресурстарды ең көп талап ететін суармалы егін шаруашылығы, мұның себебі облыста ылғал көп талап ететін мақта, күріш тағы басқа дақылдар егіледі. Сонымен қатар облыс территориясында дамыған өнеркәсібі бар ірі елді мекендер бар.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егін шаруашылығы су ресурстарының басты тұтынушысы. Суармалы егін шаруашылығында су жалпы бірнеше агротехникалық шараларда қолданылады. Біріншіден, сортаңды топырақтарды егіс алдын жуып-шаю үшін суғарады, немесе топырақтағы ылғалдың мөлшері аз болған жағдайда. Екіншіден, дақылдарды суғару мақсатында қолданады. Үшіншіден, егістік жерлерді өнім жинаудан кейін топырақты суландырады, кейбір жағдайда қатқақта қорғау мақсатында. Суармалы ауыл шаруашылықта су ресурстарын пайдалану дақылдардың вегетациялық ерекшеліктеріне тәуелді. Мысалы, күріш өсіруде дақылдың вегетациялық кезеңі бойы өсімдік су қабатымен жабылу қажет, тек күрішті жинаған кезде ғана егістіктен суды шығарады. Мақта шаруашылығында вегетациялық кезеңі бойы мақтаны 3 – 4 рет суғарады. Басқа дақылдарды суғаруда су көп кетпейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайында су ресурстары ең көп пайдаланатын күріш егуде, нормативтер бойынша вегетациялық кезеңде 1 га егістікке шамамен 10 – 12 мың м3 су қажет, ал нақты су шығындығы 28 мың м3 дейін барады. Күрішті егуде судың қажеттілігі топырақтың жағдайына байланысты. Қазіргі таңда, облыстың жақсы құнарлы топырақ ресурстары таусылды, шамамен ондай жағдай ХХ ғасырдың 70 – 80-ші жылдары айқындалды. Мысалы, Арыс-Түркістан суармалы массивінде 1970-ші жылдары егіс айналымға қосылған 50 мың гектар жердің 39460 гектары сортаңды жер болып келді, соның 7287 гектар жері әлсіз сортаңдаған, 11136 гектар орташа сортаңдаған, 21037 гектар күшті және аса күшті сортаңдаған жерлер. Демек, жаңа игерілген жерлер құнарлығы төмен жерлер болып келеді.

1970-ші жылдары Шардара су қоймасынан басталатын Қызылқұм массиві игеріле бастады. Бастапқы кезеңде бұл массивтен күріштің жоғары өнімдері алынды. Қызылқұм суғару массиві күріш егуге арналған, осыған байланысты территорияда жерді дайындау іс-шаралары жүргізілді. Негізінде Сырдарияның сол жағасы - күріш плантацияларын ұйымдастыруға аса қолайлы жерлер, дегенмен топырақтың құрамында саздақ бөлшектері салыстырмалы көп болды, сондықтан топырақтың беткі қабатында қабыршақ пайда болады. Сырдария өзені жақын болғандықтан еспе суларының деңгейі жоғары болды, нәтижеде топырақта қайта сортаңдану процестері күшейді, ал оның салдарынан су шығыны көбейді.

Мақтаарал ауданының суармалы жерлері бір ғасыр бойы мақта шаруашылығында пайдалануда. Ауданның жер бетінің бедері суармалы ауыл шаруашылыққа өте ыңғайлы, себебі оның беті солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай еңкістеніп келеді. Территорияның шөгінді қабатында да осындай еңістілік байқалады, сондықтан сор басу процестері кеш басталады. Ауданның батысында Өзбекстан Республикасы территориясында Арнасай ойысы болған, қазір ол маңында ірі көлдер жүйелері қалыптасқан.Аудан территориясын бірнеше ондаған жыл бойы (70 – 80 жыл шамасында) суармалы ауыл шаруашылығында пайдалану нәтижесінде мұнда жоғары дәрежеде өзгертілген антропогендік ландшафттар пайда болды. Кейбір авторлар оны табиғи-техникалық геожүйе деп атайды.

Аудандағы су ресурстардың қолдану бүгінгі таңда тиімсіз болды, Мақтаарал ауданында суды үнемді пайдалану үшін түрлі техникалық шараларды қолданды, соның бірі табанын бетондау, суды бетондық «лотоктар» бойынша егістік жерге жеткізу т.б. Дегенмен, сортаңдау процестері салыстырмалы үлкен емес, бірақ сезімді жылдамдықпен даму барысында.

Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі ірі суландыру жүйелері коллекторлік-дренаждық жүйелерімен қамтамасызданған, мысалы Арыс-Түркістан суғару массивінде коллекторлық тордың жалпы ұзындығы 179,5 км, алғашқы дренаждардың (шығын суларын өткізетін арықтар) тереңдігі 2,5 – 3 метрге тең, ал 1 гектарға келетін дренаждардың ұзындығы 40 м.

Облыс территориясындағы суармалы массивтерде горизонтальды және вертикальдық дренаждау түрлерін қолданылады. Горизонтальдық дренаж ең арзан және қолдануға қолайлы, себебі горизонтальдық дренаж суармалы каналдардың тереңдігенен төмен болады және жер бетінде ашық түрде болады, яғни оның тереңдігі тайыздағанда оны экскаваторлармен тазалауға мүмкіндік бар. Облыс территориясында басым осындай типтегі дренажды пайдаланады.

Вертикальдық дренаждың құрылысы күрделі болып табылады, оны құру үшін жер бетінің жоғарғы қабатын құрайтын шөгінді жыныстар туралы толық және нақты мәліметтер болу қажет. Вертикальдық дренаж құруда көп қаражат талап етеді, бірақ оның басты ерекшелігі жер асты суларына бірдей әсер етеді, яғни ауысқан су деңгейін реттеуге болады. Горизонтальдық дренажда кейбір учаскелерде суғарылған сулар топырақтың беткі қабатына жақын жерде сақталу мүмкін, ол топырақ құрамының гранулометриялық жағдайына байланысты, кейбір жерде құмдақ басым болған жағдайда су жиналып қалады, яғни ол суларға кету мүмкіндігі төмен, бара-бара сортаңдау процесі басталады.

Облыстың жасанды су объектілеріне су қоймалар, каналдар, тоғандар, гидротехникалық ғимараттар, суландыру жүйелері жатады. Облыста ең маңызды суғару массивтері Түркістан, Мақтаарал, Шардара, Отырар аудандарында дамыған.ХХ ғ. аяғына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында гидромелиоративтік құрылыс экстенсивті жолымен дамыды, жаңа су қоймалар, жаңа каналдар, суландыру жүйелері, тың жерді игеру жолымен дамыды. Қазіргі таңда облыстың жасанды су объектілері алдында суды үнемді пайдалану және қысқы маусымдағы ауысқан су қорын жазға дейін сақтау мәселелері жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының басқа суландыру жүйелері алдында аса маңызды мәселелер жатыр, олардың ішінде қазіргі таңда өте қажетті суландыру жүйелерін реконструкциялау, яғни жаңарту. Облыстың суландыру жүйелері ХХ ғ. 60 – 70-ші жылдары құрылған, ол кездегі суғару технологиялар ескерді, оның орнына суғарудың жаңа түрлері еңгізілуде. Жаңалықтар еңгізудің басты идеясы су ресурстарын үнемдеу.

Облыстың ауыл шаруашылық алқаптары 10268,4 мың га құрайды, оның 844,9 мың гектары егістік, соның ішінде 430,5 суармалы егістік жерлер, жайылым 9104,8 мың гектар. Облыстың егін шаруашылығында ХХ ғасырдың 80-ші жылдары орта есеппен 200 мың га шамасында мақта егіншілік айналымында болғаны, ал ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мақта егістік жер көлемі 109692 гектарға дейін азайды, ал 2005 жылғы мәліметтер мақта егістік жер көлемі 204002 гектарға көбейді Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық өңдірілген өнім 2000 жылы 49,1 млрд. теңгені, ал егіншіліктің өнімі 31,5 млрд. теңгені құрады. Оның 46,6 пайызы немесе 14,7 млрд. теңгесі мақта өнімінің еншісіне тиеді.

Бұл көрсеткіштер облыстың ауыл шаруашылығының потенциалы өте жоғары екендігін көрсетеді. Осы көзқарастан облыстың суландыру жүйелерінің сапасын әрі қарай дамыта отырып,суармалы егін шаруашылығын жаңа технологияларымен қамтамасыздандырып оның өнімділігін көтеру. Суармалы ауыл шаруашылық әр қашанда кепілді өнім беруіне байланысты оның келешегі маңызды болып келеді.

Қазақстан Республикасын ауыл шаруашылық өнімдері бойынша толық тәуелсіздікке жеткізу мақсатында, еліміздің басқа әкімдік облыстарымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында барлық мүмкіндіктер бар. Облыстың ауыл шаруашылығында егілетін дақылдардың өнімділігі жоғары деңгейге жеткізу үшін суландыру жүйелерін сапасын көтеру қажет. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылықтың құрылымы өзгермеген жағдайда облыстың суландыру жүйелерін тиімді пайдалану үшін суландыру жүйелерін жаңарту мәселесін қарастыра отырып бірнеше бір-бірімен байланысты мәселелерді шешу қажет, яғни жасанды су объектілерінде төмендегідей іс-шараларын жүргізу дұрыс деп түсінеміз:

  • Республика немесе облыс деңгейінде жаңа жасанды су объектілерін құру мәселесін қарастыру;

  • облыс территориясындағы суғару жүйелерін есепке алу, яғни толық инвентаризация жүргізу;

  • облыста су ресурстарын пайдалану бағасын қайта қарастыру, әрі суды пайдалануға қарай төлем ақыны жүйелі түрге келтіру қажет;

  • мемлекет тарапынан облыстың суландыру жүйелерін жаңартуға қаражат бөлініп, барлық іс-шараларды өткізу, соның ішінде ең маңызды жұмыстар түрі: облыс территориясы бойынша коллекторлы-дренажды жүйелерді қалпына келтіру және қажетті аудандарда жаңа жүйелерді құру; суғаруға арналған каналдар мен егістік жерге су жеткізетін суландыратын торын жаңартып суды үнемдейтін түрлеріне келтіру (табанын бетондау, лотоктар құру, пластикалық құбырларды қолдану т.б.); суғару кезіндегі судың булануынан суды үнемдеу әдістерін еңгізу (тамшылап суғару, жер асты құбырлар арқылы суғару т.б.)

  • облыстың ауыл шаруашылығында егіс айналымын, агротехниканы тағы басқа іс-шараларын тәртіпке келтіріп, мүмкіндігінше суды аз талап ететін дақылдарға өту, жаңа сорттарды еңгізу.

Орталық Азия елдері арасында су ресурстарын бөлістіру мәселесі толық шешілмегенін есепке ала отырып, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жасанды су объектілерін жаңарту бойынша іс-шараларын жүргізу қажет.