Класс: 7 Тақырыбы: Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылуы және зерттелу тарихы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің 
география пәнінің мұғалімі 
Изтлеуова Индира Адилбековна 

Класс: 7

Тақырыбы: Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылуы және зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Солтүстік Американың зерттелу тарихын, географиялық орнын толықтай меңгертіп, оқушылардың Солтүстік Америка жайында түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын ашық айтуға, картамен жұмыс жасай алуға, өткен тақырыптарды есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өзге елдерді тани отырып, өз елінің ерекшеліктерімен салыстыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Материктер мен мұхиттардың физикалық картасы, Слайд, фотосуерттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдасытру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

4.Оқушыларды 2 топқа бөлу

/І топ: Арал       ІІ топ:Теңіз /

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау

1.Оңтүстік Американың картасын құрастыру

1.Оңтүстік Американың солтүстігін шайып жатқан теңіз? /Кариб теңізі/

Оңтүстік Американың шығысында орналасқан қырат? /Бразилия қыраты/

Ориноко өзенінде орналасқан сарқырама? / Анхель /

Әлемдегі ең үлкен ойпат? /Амазонка/

Анд тауының ең биік нүктесі? /Аконкагуа/

Амазонка өзені қай мұхиттың алабына жатады?/ Атлант/

Оңтүстік Америкамен Отты жер аралын бөліп тұрған бұғаз? /Магеллан/

Анхель сарқырамасының биіктігі? /1054м/

Гвиана қыраты Оңтүстік Американың қай аймағында? /Солтүстік аймағында/

2.Карточкамен жұмыс /жеке  оқушымен жұмыс/

1

1/ Оңтүстік Америкадағы ең ұзын тау? –    / Анд /

2/ Оңтүстік Америкадағы ең суы мол өзен? —  / Амазонка /

2

1/ Оңтүстік Америкадағы ойпаттарды жаз – / Амазонка, Ла-Плата, Ориноко/

2/ Аконгагуа тауының биіктігі – 6960м

3

1/ Оңтүстік Америкадағы ең ұзын ел? – / Чили /

2/ Теңіз деңгейінен жоғары орналасқан көл? – / Титикака /

4

1/ Гран-Чако жазығында ең жоғары температура қанша градус? – / +47 /

2/ Оңтүстік Американы қанша климаттық белдеу кесіп өтеді? – / 6 /

5

1/ Амазонка өзенінің қанша саласы бар? – /500/

2/ Анд тауының символы – /Кондор, Лама/

 

6

1/ Оңтүстік Американың ең үлкен елі? – /Бразилия/

2/ Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары? – /Үндістер/

 

7

1/ Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан қала? – /Ла-Пас/

2/ Игуасу сарқырамасының биіктігі қанша? –  /72м/

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын қандай тақырып екенін оқушылар мына видиороликті қарай отыра анықтайды.

Енді 2 топқа 2 тақырыпща бойынша постер қорғайды.

І топтың тақырыбы: Географиялық орны

ІІ топтың тақырыбы: Ашылуы және зерттелу тарихы

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда орналасқан.   Көлемі жағынан

Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-орында.  Жерінің ауданы -24,2 млн. км2