Күн – жарық пен жылудың көзі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сынып: 5 А,Ә. Күні:–––––––

Сабақтыңтақырыбы: Күн – жарық пен жылудың көзі.
Сабақтыңмақсаты: Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру
1. Күн, жүйесітуралы білімдерін толықтыру.
2. Табиғатты қорғауға, елін, жерінсүюге, ізденгіштікке, еңбексүйгіштіккетәрбиелеу.
3. Оқушылардыңдүниетанымдарынкеңейту, танымдыққызығушылықтарынарттыру.
Көрнекілігі: Күнжүйесініңсуреті, глобус, қосымшасуреттіоқулықтар, қимақағаздар, лупа.
Әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтыңтүрі: аралассабақ.
Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру
а) Психологиялықдайындық
Табиғат!
Тіршіліктіңтұныптұрған.
Сен – Күнсің!
Көтерілгенкүліпқырдан.
Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,
Адамдысұлулыққақұнықтырған.
(Орташа, жайтемппенайтукерек)
Үй тапсырмасын тексеру
-«Ғарышдегеніміз не?» тақырыбы ауызша сұралады.
- Ғарыштыңқұрамдасбөліктеріната.
- Ғарыштыңқұрамдасбөліктеріната: жұлдыздықжүйелер – галактикалар, әлемдікшаңтозаңдар, бос кеңістіктер, газ шоғырлары, түрлісәулелержатады.
- Планета деген не?
- Өзіненжарықшығармайтынсалқынденелер.
- Ғарышқажолқашанашылды?
- Ғарышқажол 1957 жылы 4 қазандаашылды. БұлкүнібұрынғыКеңесОдағындаЖердіңтұңғышжасандысерігіұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірдеадамбаласытарихындабіріншірет Ю. А. Гагарин ұшты.
3. Жаңасабақ
а) топтау
- «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар.
Жылу жарық энергия көзі
Бауырсаққа ұқсайды мейірім шуағы
Аптап ыстық бағыттаушы
- Олайболса, бүгінгісабағымыздың тақырыбы «Күн – жарық пен жылудыңкөзі»
ә) Мағынаны тану
Суретпен жұмыс
- Не байқадық?
Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі:
Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-гежуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігіғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көк жиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жербетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасылөсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегі мен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жербетінде атаулы болмас еді.
б) Мәтінмен жұмыс
- Дауыстап оқу (мұғалімнің оқуы)
- Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді
- Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.
- Күннің бетіндегі температура қандай?
- 6000° С - гежуық
- Күн қуаты қалай пайдаланылады?
- Күн қуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және көкеністерді кептіруге т. с. с қолданылады.
- Ғарыштан алынатын ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
- Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын - ала сақтануға мүмкіндік туғызады. Арктикада жүзетін кемелер жасанды серіктерден алынатын суреттерден қалқыма мұз жағдайын біліп, жүзу жолын ыңғайлап белгілеп отырады. Жасанды серіктер арқылы хабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстарыжүргізіледі.
Г) Өзіндік жұмыс
Кітаптағы мәтінді, өз білгендеріңді пайдаланып, мына мамандық иелеріне күннің маңызы туралы әңгімеле.
Дәрігер -
Диқан –
Саяхатшы –
Ауызша тексеріледі.
Д) ой қозғау
Шығармашылық жұмыс
РАФТ стратегиясы
Рөл – Күн
Аудитория - тыңдаушы адамдар
Жеткізу формасы – өз қалауыңша
Тақырып – «Нұрлыәлем»
- Бүгінгі сабағымызда басты рөлде – Күн. «Нұрлы әлем» тақырыбын да өз қалауларыңша ақынның жүрегімен, суретшінің көзімен, жазушының тілімен Күнге ризашылығымызды білдіреміз. Жеткізу формасы өз қалауларыңша болғандықтан суретарқылы, өлең жолдарымен, қара сөзбен, хат арқылы білдіруге болады.
(ауызша тексеріледі)

Бекіту:
Не білемін?
Не таңқалдырды?
Не білгімкеледі?
(ауызшаоқыту)
Сұрақ - жауап
- Қандай әрекеттер орындадық?
Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма беру.
18-22 – беттер
- Сабағымызды қорыта келе күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын деп сабағымызды аяқтайық.




Сынып: 5 «А,Ә»

Күні:20.10.16

Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің ішкі құрылысы туралы түсіндіру.

Білімділік: Жердің ішкі құрылысы мен оның жекелеген бөліктері; тау жыныстарының құрамы мен құрылымы туралы білім беру

Дамытушылық: Жердің ішкі бөліктерін ажырата білуі және оларға тән басты белгілерді аьай алуы және олардың орналасу заңдылығын геологиялық картадан көрсете алу дағыдларын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушыларды танымдылыққа тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: жердің құрылысы бейнеленген сурет, оқулық

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгіме

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(тест сұрақтары)

ІІІ. Жаңа сабақ

Белсендіру сұрақтары:

  1. Жердің ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар?

  2. Жер қыртысы дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

  3. Литосфералық тақталар туралы не білесіңдер?

  4. Жер қыртысын қандай тау жыныстары құрайды?

Оқулықтағы «Жердің ішкі құрылысы» сызбасын пайдаланып түсіндіріу.

Оқушыларға тапсырма: Жердің ішкі құрылысын сипаттайтын кесте толтыру (Оқулық пен ондағы сызбаны басшылыққа алу)











Жердің ішкі бөлігіне тереңдеген сайын тау жыныстарының температурасы жоғарлай беретінді. Ғалымдардың пайымдауынша әрбір 33 м тереңдеген сайын температура 10-қа жоғарлайды. Ол Жердің ішкі бөлігіне тереңдеген сайын радиоактивті элементтердің ыдырауы есебінен жер қойнауында аса көп энергияның жинақталуына байланысты. 50 км тереңдікте тау жыныстарының температурасы +10000-қа дейін көтеріледі. Мұндай температура жағдайында барлық тау жыныстары балқыған массаға айналуы керек, алайда мұндай жағдай байқалмайды. Себебі мұндай тереңдіктегі тау жыныстарының тығыздығы мен қысымы да аса жоғары болады. Сондықтан да мұндай тереңдіктегі әрбір см2 -де түсетін тау жыныстарының салмағы

IV. Бекіту

Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау.


V. Үйге тапсырма

«2-тақырыпты оқу, дәптерге жердің құрылысын салу түсіру.