Статья на тему Географиядан білім сапасын қамтамасыз ету жолдары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты – алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұргыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.

Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруда географиялық білімнің алатын рөлі зор. Қазіргі мектептердегі географияны оқыту әдістемесіне талдау жасайтын болсақ, дәстүрлі оқыту жүйесінің басымдылығы байқалады. Географиядан білім сапасын қамтамасыз ету үшін оқу нәтижелерін анықтау, оқу процесін ұйымдастыру, оқушының біліктілігі алдыңғы орынға шығу керек. Ұлттық деңгейдегі білім берудің мақсаты:

  • Мектептің әрбір сатысын және мектеп бітірушілердің компетенттіліктерін сипаттау арқылы белгіленуі

  • Білім салаларының мақсаты күтілетін нәтижелер арқылы нақтылануы

  • Оқытудың әр сатысындағы оқу жетістіктерінің деңгейлерінің анықталуы

  • Оқушылардың дайындық деңгейін анықтайтын өлшеуіштер жүйесінің дайындалуы

  • Оқулық және оқу-әдістемелік кешендерінің көптүрлілігі және білім беруге қатысты жауапкершілікті өзара бөлісу жүйесінің қалыптасуы арқылы сипатталады.

Ұлттық жүйеде қазіргі кезде жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне компетенттілік тәсілді алу ұсынылуда. Енді осы компетенттілік тәсілдің білім сапасын арттырудағы маңызына тоқталайық.

Психология-педагогика саласында «компетенттілік» және «компетенция» ұғымдарының жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған, оларға түрліше мағына беріліп жүр. Компетенттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады.

Оқушылардың компетенттілігі, ең әуелі, мектепте оқыту процесі кезінде қалыптасады. Ол оқу процесінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған педагогикалық мақсатқа жетуді көздейді.

Ал компетенция деп оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктерді айтады.

Компетенттілік пен компетенция ұғымдары бірін-бірі толықтырады және бірімен-бірі байланысты.

Сонымен, оқушылардың базалық компетенцияларын сипаттайтын нақтыланған мақсаттар оқытудың күтілетін нәтижелері болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, «География» пәні бойынша оқу жетістіктері түріндегі пәндік компетенциялардың жобасы

  1. Картографиялық сауаттылығы

  2. Құбылыстар мен процестерді сипаттау (бақылау нәтижелерін мазмұндау, табиғат объектілері мен құбылыстарын салыстыру, кесте, диаграмма, сызбалар және т.б. құрастыру).

  3. Табиғи процестер мен құбылыстар заңдылықтарының себеп-салдарлы байланыстарын орнату үшін басқа пәндерден алған білімдерін пайдалану.

  4. Алған білімдерін нақтылы бір практикалық мәселелерді шешуге қолдана алу.

Картографиялық сауаттылық:

  • картаның, атластың, аэро және ғарыштық түсірілідердің түрлері мен типтерін ажырата білуді

  • картаның тілін меңгеруді

  • картамен жұмыс істей білуді (картаны оқи, салыстыра, талдай алу, картадан ақпарат алу дағдыларын меңгеру және қарапайым карта құрастыру) қамтиды.

Картографиялық сауаттылықтың бірінші деңгейінде оқушылар топографиялық, жалпы географиялық, түрлі физикалық және экономикалық карталардың түрлерімен танысады. Ал екінші деңгейде оқушылар тақырыптық карта және оқушыларға арналған атластағы әр түрлі шартты белгілермен және олардың картада бейнелену тәсілдерімен (түрлі бояулар, изозысықтар, нүктелер, картограммалар және т.б.) танысады. Бірінші және екінші деңгейде оқушыларда қарапайым картографиялық сауаттылық қалыптасады.

География пәнінде карта бойынша географиялық координаталарды, географиялық орнын, биіктік пен тереңдік қашықтықтарын, температура қозғалысын, өзен торларының конфигурациясын, атмосфералық қысым мен уақыт белдеулері айырмашылықтарын, елдер мен олардың астаналарын анықтау, халықтың орналасуы мен тығыздығы туралы, т.б. сұрақтар мен тапсырмалар көп. Сонымен қатар мәтін мен атлас карталары бойынша атау, көрсету, анықтау, өлшеу, т.б. тапсырмалардан тұрады. Бұның бәрі географияны оқытуда компетенттілік тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені, картаны оқи, түсіне білу, онымен жұмыс істеу ол географиялық компетенттіліктің негізі.