Бекітемін:_______________ Келісемін:_____________
«Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №15 орта білім бөлімінің №15 орта
мектебі» ММ директоры мектебі» ММ директорының
Д.С.Сапанова оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бекбулатова А.Б.
«__»_________2016ж «__»_________2016ж
Тақырыбы:
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Пән мұғалімі: Саханов Д.С.
2015-2016 оқу жылы
Күні: 22.04.2016
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Сабақтың білімділік мақсаты: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, көлік кешені туралы қосымша деректерді, картаны, оқулық мәтінін пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқулықтағы сурет, сызба - схема атласты, кестелерді пайдаланып, қосымша деректермен тест орындау арқылы өз бетімен ізденуге, оқушы ойын, сөйлеу қабілеттерін, пәнге қызығушылығын, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, ынтымақтастыққа, экономикалық ауданның өзіне тән ерекшелігін, табиғатының әсемділігін көруге оны қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта, сызба, кестелер (қосымша материалдар), арнайы дайындалған слайдтар.
Сабақтың типі: Жаңа білімді өзекті ету
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ойын, рөлдік, тірек - сызбасын пайдалану, сұрақ - жауап, баяндау, топтық жұмыс.
Сабақтың пән аралық байланысы: Химия, Экология, Тарих
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
А) «Тікелей радиоэфир» әдісі
Ә) Өзіндік жұмыс
III. Өткен сабақты бекіту
Тест тапсырмасы
IY. Жаңа сабақ
А) Топтық жұмыс
Ә) Деңгейлік тапсырма
Y. Жаңа сабақты бекіту
Тест
YI. Үйге тапсырма
YII. Рефлекция
YIII. Бағалау
Оқушылар нені білу керек:
1. Оңтүстік экономикалық аймақтың мамандану салаларын;
2. Оңтүстік экономикалық аймақтағы минералды - шикізат ресурстарын;
3. Оңтүстік экономикалық аймақтың Қазақстан аумақтары арасындағы өндірістік байланыстарын дамытудағы рөлін;
4. Оңтүстік экономикалық аймақтың қазіргі даму проблемаларын;
5. Пайдалы қазба кен орындарын картадан көрсету;
6. Оңтүстік экономикалық аймақтың Қазақстан экономикасындағы орны мен рөлін;
7. Картадан басқа экономикалық аймақтармен байланыстырып жатқан теміржол, автомобиль жолдарын, орман және ауыл шаруашылығының өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасуын көрсете білуі;
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) топтарға бөлу – түстер арқылы. Топ басшылары сайланады, және де топ басшысы бағалау парағын толтырады (барысында, соңында)
II. Үй тапсырмасын тексеру:
А) «Тікелей радиоэфир» әдісі (10 минут)
Ә) Оқушылар дайындаған презентацияларын көрсетеді. ( 5 минут)
[pic]
Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты бастамас бұрын Оңтүстік Қазақстан табиғаты жайлы шағын 3 минуттық видеоролик.
Әр топқа ЭГЖ, Халқы, Табиғат жағдайы және Қосымша мағлұмат тақырыптары бойынша постерлер қорғау. Дайындыққа 7 минут, қорғауға әр топқа 2 минуттан.
Деңгейлік тапсырма: Дариға/Зарема/Айсулу-ханым «Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экологиялық жағдайына сараптама жаса»
Картамен жұмыс (Сұрақ - жауап)
Қорытынды тест: Слайдта 7 сұрақтан тұрақтан тұрады. 3 минут беріледі. Уақыт өткеннен кейін слайдтағы дұрыс жауаптармен бірін-бірі тексереді.
Рефлексия
Бағалау
Үй жұмысы: Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы. Кескін картаға Оңтүстік Қазақстан обыстарын, облыс орталықтарын, пайдалы қазбаларын белгілеу.