Открытый урок на тему Астана -Қазақстан Республикасының елордасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Астана- Қазақстан Республикасының елордасы.

Мақсаты: 1)Еліміздегі және аймақтағы Астананың маңызын көрсету, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу және оның маңызы туралы айту. Астана қаласының экономикасын жаңғартудағы және дамытудағы рөлін түсіндіру.

2)Оқушылардың ой өрісін, пәнге қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс істеуге бейімдеу. 3)Өз еліне жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу. Көрнекілік: суреттер, сызба, қима, карта.

Сабақ түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру,синквэин.

Пәнаралық байланыс: тарих Сабақты ұйымдастыру: Сәлемдесу:

Армысың, Әлем

Армысың, жарық Күн!

Армысың, абзал Адам!

Армысың, менің досым

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше, ол саяхат сабағы. Ал балалар біз қазір сапарға дайындаламыз. Бізге билет алу керек. Ол үшін үй тапсырмасынан бірнеше сұрақтар қойылады. Жауап беру арқылы билет аламыз.

Кім жылдам.

  1. Солтүстік Қазақстан қандай экономикалық аудандармен шнктеспейді?(Оңтүстік)

  2. Солтүстік аудандағы аумағы жағынан ең үлкен блыс?(Қостанай облысы)

  3. Солтүстік Қазақстан аумағынан ағып өтетін өзен?(Есіл)

  4. Солтүстік экономикалық ауданмен шектесетін мемлнкет?(Ресей)

  5. Халқы еңбектің қай саласымен көбірек шұғылданады?(Ауыл шаруашылығы)

  6. Өсірілетін негізгі дақыл?(Бидай)

2- тапсырма: Сәйкестендіру тесті

Билетімізді алдық сапарымыз жалғасады:

Жаңа сабаққа дайындық:

1.Біздің еліміз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы)

2.Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?(Астана)

Ендеше сапарымыз Астана қаласына түсіп тұр екен. Қазір Астанаға барамыз.

Астана І. Өтетілұлы

Жаса, жаңа Астанам

Өркен жол бастаған

Асқақтай бер, Астанам

Берекеге бастаған

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән

Елордасы Отанның

Мақтанышым- Астанам.- дегендей бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Астана- Қазақстан Республикасының елордасы.

2- аялдама: Бәйтерек.

Астана қаласының сол жағалауында “Астана- Бәйтерек” монументі орналасқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі 97 метр. “Астана- Бәйтерек” монументі кешенін салу идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.

Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Картамен жұмыс

Тарихы: Байырғы Астаналары:

Ақмола(1830-1961)

Целлиноград(1961-1992)

Ақмола(1992-1998)

Астана 1998 жылдан бастап.

  1. Сызба: Елорданы көшіру мәселелері топтастыру.

3- аялдама. Түсіндіру: Пирамида: Бейбітшілік пен келісім сарайы.

Пирамида авторы британдық сәулетші Норман Фостер. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың астында 1,5 мың орыға арналған опера залы, жоғарғы бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Жоспарды түсіндіру: ЭКСПО саған не берді?

4- аялдама. Жаңа сабақты бекіту. Хан шатыры.

Ұлыбритания сәулетшісі Норман Фостер авторы болып табылады. Биіктігі 150 метр.

Сөйлемдерді қайсы дұрыс, бұрыс табу керек.

1 .Біздің мемлекетіміздің бас қаласы- Астана.

2.Қазақстанның тарихындағы үшінші астанасы-Қызылорда.

3.Алматыда «Думан» ойын-сауық орталығы бар.

4. «Астана-Бәйтерек» монументі 57 метр.

5.Астана-болашағы үлкен қала.

6.Ақмола бұрын Целиноград деп аталған.

7.1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

8.Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайының авторы британ сәулетшісі Норман Фостер.

1.+ 5.+

2.- 6.+

3.- 7.+

4.- 8.+

5- аялдама. Думан ойын-сауық орталығы.

Ойын-сауық орталығы бірнеше бөлікке бөлінген бөлімдерден океанариум, 3Д кинотеартры, дәмхана желісі, сауда залдары, демалуға және жүгіруге арналған орталық зона, Джунгли аттракционы, казино т.б

1.Сандар сөйлейді.

Сандар сөйлейді

жауабы

1998


104


783471


63


200










2.Сематикалық карта

Аумағы

Халық саны

монументі

ЭКСПО-2017 ұраны

1998

ВисентеГонсалес Лоссерталес

783471







Бәйтерек







200 км2







Болашақтың қуаты







Бейбітшілік қаласы







ХКБ-ның бас хатшысы







3.Кім жылдам

  1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?(Астана)

  2. Биыл тәуелсіздікке неше жыл?(25 жыл)

  3. Алғашқы дүниежүзілік көрме қайда өткізілген?(Лондондағы Гайд- паркте Альбертханзаданың бастамасымен)

  4. Көрме қашан өтеді?(2017 жылы 10 шілде- 10 қыркүйек арасында)

  5. Астанада мектеп саны қанша?(90 жуық)

Қорытынды: Нур Астана мешіті

Синквэин 5 жолдық өлең

Бәйтерек, Астана.

Үйге тапсырма: Үкімет үйі

258-263бет.

ЭКСПО-2017 эссе жазу.

Бағалау: