10 а сынып
Тақырыбы: Халықаралық туризм.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға халықаралық туризм, маңызы, алатын орны, басты туристік аудандар жөнінде түсіндіру. Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 3.Топтастыру. Әңгіме-дәріс. 4 Тірек-сызба.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.1. Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі?2. Валютаның негізгі түрлері?
3. Д.ж. резервтік валюта құрылымы?4. Ірі ұлтаралық бірлестіктер?
5. Қазақстанның қаржы жүйесі?
Қорытындылау.
Жаңа сабаққа даярлық : тақырыбын, мақсатын хабарлау
Жаңа сабақ.1. Әңгіме-дәріс. Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы туризмнің д.ж. шаруашылықта алатын орнын түсіндіру.
3. Диаграмма.
Оқулықтың , 3-диаграмма арқылы халықаралық туризмнің басты аймақтарының үлесін түсіндіру.
4. Топтастыру.
Топтастыру арқылы д.ж. туристік аймақтарды түсіндіру.
Қорытындылау.
Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Халықаралық туризм?
2. Еркін экономикалық аймақтар?
3. Халықаралық сауда?
4. Д.ж. туристік аймақтар?
5. Туристерді ең көп қабылдайтын елдер?
Қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма беру. Халықаралық туризм.