Қазақстанның көлік кешені. 9 сынып.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның көлік кешені.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақстанның көлік кешені туралы білім қалыптастыру. олардың түрлеріне сипаттама беру, көліктің экологияға тигізетін әсерін айту, оқушылардың таным белсенділігін арттырып, топтың жұмыс жасау дағдысын жалғастыру, білімдерін жетілдіру.

-Сыни ойлау жүйесі дамиды;

-Сұрақ қою дағдысын қалыптастыру

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Топпен бірлесіп жұмыс жасайды, көлік кешенімен танысады , ойын еркін, нақты жеткізеді, мәтінмен топ аралық жұмыс жасау дағдысын дамытады, топ арасында оқушылар өз беттерінше шығармашылық қиялын дамытады, логикалық ойлау қабілеті дамиды, сұрақ қою дағдысы қалыптасады

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ: Көлік кешені.

РЕСУРСТАР: Қазақстанның саяси-әкімішілік картасы, слайд, интерактивті тақта, плакат, стикер, маркер, буклет.

МҰҒАЛІМ ЖАЗБАЛАРЫ:

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Психологиялық тренинг. «Жетістіктер тоғайы».

-Балалар, сендердің алдарыңда түрлі-түсті жапырақтар жатыр. Соның біреуін алып, мына тоғайға ілулеріңді сұраймын.

Жасыл жапырақ таңдаған – оқушыны бүгінгі сабақта сәттілік күтіп тұр.

Қызыл түсті таңдағандар – қарым-қатынасқа дайын.

Сары түстіні таңдағандар – белсенділік танытады.

Көк түстілер – ізденімпаз қабілеттерін көрсете біледі.

Тоғайдың сәні сендердің белсенділіктеріңе байланысты.

«Мозайка » әдісі арқылы топқа бөлу. «Құрлық көлігі» және «Су көлігі» топтары. Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Таза тақта» ойынын ойнай отырып, бұрынғы оқығанымызды қайталап, еске түсіріп аламыз.

Тақтаға шыққан оқушы кез-келген қағазға жасырылған сұрақты таңдай отырып, жауап береді. Жасырынған сұрақ біткен кезде тақта тазаланады. Үш шапалақ арқылы бағаланады.

Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Ой шақыру. Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.

1.Әкемнің тор тайы, Май жалап, су ішсе,

Тоқтамай жортады. (Машина)

2.Қатар жатқан қос білек,

Үстінен келер күш үдеп. (теміржол).

3.Құстан аумайды, көкке заулайды (ұшақ).

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін келесі жоспарды құрады:

«Сиқырлы қалпақ» әдісі бойынша топтағы көшбасшы оқушылар бір-біріне жаңа тақырыпты түсіндіреді. «Үш шапалақ» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

Қолды созсам солтүстік,

Бұрылсам артқа оңтүстік,

Қолды созсам жан-жаққа,

Көрсетеді бағытты,

Шығыс пенен Батысты,

Белді қозғай бұрасам,

Сағат тілі шығысқа,

Жер айналар батысқа.

Оқушылар қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды. От шашу арқылы бағаланады.

Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

Жаңа тақырыпты қалай меңгергендігін білу үшін «түртіп алу» әдісі орындалады. Дәптерлеріне негізгі, есте сақтайтын ұғымдарды жазып алады.

Кітаппен жұмыс, 20-21-диаграммаларды талдау. Картамен жұмыстар орындалады.

1.Көлік кешені картасында әуежайлар бар қалаларды көрсету және ең ірілерін белгілеп алу.

2.Республикалық маңызды автомобиль жолдарын картадан көрсетіңдер.

3.Картада кеме жүзетін өзендерді көрсетіңдер

4.Карта  бойынша  ірі  теңіз  порттарын  анықтау.

«Пікір  талас».

«Көлік  кешенінің  пайдасы  мен  зияны». Оқушылардың  ой – пікірі.

Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

«Ыстық орындық»

Қызықты сұрақтар

1. Көліктің  ең  жылдам  түрі - Ұшақ

2. Таситын  жүк  көлемі  жағынан  ірі  көлік - Теңіз

3. Ең  қымбат  көлік - Ұшақ

4. Таситын  жолаушылар  саны  жағынан  ірі  көлік -  Автомобиль

5. Жүк  айналымы  бойынша  ірі  көлік – Теңіз

6. Экологиялық  лас  көлік -  Автомобиль.

7. Ең  арзан  көлік -  Құбыр.

8. Қақпадан қақпаға  жеткізетін  көлік – Автомобиль.

9. Басқа  көлік  түрлеріне  ұқсамайтын  көлік – Электронды

Кері байланыс «Бүгін сабақ ұнады ма?»

Үйге тапсырма: Қазақстанның көлік кешені. 20-21-диаграммаларды дәптерге сызу. Кескін картаға негізгі көлік жолдарды белгілеу. ЭССЕ жазу. Сіздердің үйлеріңізде қандай көлік бар немесе қандай көлік түрлері ұнайды?

Бағалау: Оқушылар өздерін бағалау экраны арқылы бағалайды.