ҚР сыртқы экономикалық байланысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ:№59 Сыныбы:8 Күні:20.04.16

Сарамандық жұмыс № 6

Тақырыбы: «Белгілі бір ауданның кешенді кесіндісін сызу»

Мақсаты: Табиғи территориялық кешен туралы түсініктерін жетілдіру. Ірі табиғи

территориялық кешендерді халық шаруашылығында пайдаланудың

маңызын оқып, үйрету.

Көрнекілік құралдар:

Барысы:

Тапсырмалар:

1. Физикалық және аудандастыру карталары арқылы ірі географиялық аудандардың шекараларын анықтап, кескін картаға түсіріңдер.


2. Берілген жоспар бойынша тауларға сипаттама беріңдер

Сарыарқа

Алтай

Сауыр – Тарбағатай

Жоспар:

а) географиялық орны

ә) пайда болуы

б) жер бедері

в)пайдалы қазбалары

г) климаты

ғ) ішкі сулары

д) табиғат зонасы, өсімдік, жануарлаы

е) шаруашылықта пайдаланылуы


3. Төмендегі берілген жоспарға сүйене отырып Сарыарқаның Ақсораң шыңынан Алтай тауының Белуха шыңына дейінгі аралықты гипсометриялық кескінге (профиль) түсіріңдер.

Жоспар:

1. физикалық карта бойынша сызбаның бағыты және горизонтальдармен қиылысу нүктесін анықтау;

2. нүктелерді нөмірлеу (1, 2, 3....) ;

3. милиметровкаға екі өзара қиылысқан перпендикуляр линияларын сызу;

4. вертикальды және горизонтальды масштабтарды анықтау;

5. сызғыш арқылы табылған нүктелер картадан горизонтальдарға түсіріледі және горизонталдардың белгілері қойылады.

6. қиылысқан өзен, көл, теңіз нүктелері белгіленеді. Вертикальды масштаб бойынша кеңістіктегі нүктелердің орналасуын тауып, линиямен қосыу;

Қорытынды





Сабақ:№68 Сыныбы:8 Күні: 21.05

Сабақтың тақырыбы:Курсты қорытынды

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның физикалық география курсын қорытындылай отырып,олардың білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың географиялық өрістерін кеңейту.Картамен жұмыс жасай отырып олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Қазақстанның физикалық географиясын оқыта отырып, болашақта өз елін, жерін сүйетін азамат ретінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: картамен жұмыс,сто тратегиясы

Сабақтың көрнекілігі:карта,интернет,суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) Сабаққа дайындығын тексеру

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

Миға шабуыл

1. Республикада дәрілік өсімдіктердің қанша түрі бар?(250 түрі)

2. Республика аумағында омырткалы жануарлардың неше түрі бар?(835 түрі)

3. Қазақстанның «Қызыл кітабының» жаңа баспасы қай жылы жарық көрді?(1996 ж.)

4. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүткөректілер саны қанша? (40)

5. Халық денсаулығына өте зиян «протон» қондырғылары Қазақстанның қай маңына құлайды? (Орталық Қазақстан)

6. Қаспий теңізінің экологиясына әсерін тигізетін қанадай жағдайлар? (Еділ өзеніне бөгендердің салынуы мен мұнай кәсіпшілішгінің өркендеуі)

7. Аралдың негізгі экологиялық проблемасы неде?( Әмудария мен Сырдарияның суын есепсіз шаруашылыққа пайдаланудан)

8. Балқаш көлінің негізгі проблемасын туғызған не?(Қапшағай бөгені мен СЭС салынуы

9. Семей жеріндегі экологиялық апаттың себебі не?(1948-1985 ж ядролық сынаулар)

10. Қазақстанда ең алғаш құрылған қай қорық? (Аксу- Жабағылы, 1926 ж)

III.Жаңа сабақ

  1. Сөз жұмбақты шеш

IV.Жаңа сабақты бекіту

Картамен жұмыс

1. Еліміздегі географиялық ендігі мен бойлығы бірдей нүктені тап?

(Орал қаласы 500 с.е. 500 ш.б.)

2. 500 с.е. 730 ш.б қай қала? (Карағанда)

3. 430 с.е. 710 ш.б қай қала? (Ақтау)

4. 510 с.е. 710 ш.б қай қала? (Алматы)

5. 510 с.е. 790 ш.б қай қала? (Семей)

6. 500 с.е. 750 ш.б қай жер? (Сарыарқа)

7. 420 с.е. 800 ш.б қай жер? (Тянь - Шань)

8. 480 с.е. 500 ш.б қай жер? (Каспий бойы ойпаты)


Сен білесің бе?

1. Шөлді аймақты қорғау үшін салынған қай қорық?

2. Наурызым қорығының эмблемасы не?

3. Екі өзеннің атауынан құралған қай қорық?

4. Қорғалжын қорығының көркі не?

5. 1992 ж қай қорық құрылды?

6. Муфлон қойы кездесетін қорық

7. Дүние жүзі бойынша қорғалып, тек Алакөл аралдарында ұя салатын қай құс?


Географиялық диктант . «Дұрыс жауабын тап»

1. Орманды дала зонасында сортан және сор жерлер кездеседі.

2. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай.

3. Ең жақсы игерілген зона - шөлейт зонасы.

4. Шөл Қазақстан аумағының 4% алады.

5. Дала зонасы Қазақстан аумағының 27% алады

6. Шөлейт зонасында қой және жылқы шаруашылығы басым.

7. Шөл зонасының негізгі аңы - қасқыр

8. Шөл зонасында Қазақстанда ғана өсетін дәрмене жусаны өседі.

9. Орманды дала зонасында жылына 100-200 мм жауын –шашын түседі

(Дұрыс жауабы: 2,5,6,8)

Семантикалық карта «Сандар сөйлейді»

Сөйлейді


Сандар

Қазақстандағы өзен саны

Қазақстандағы 7 ірі өзеннің ұзындығы (шқ)

Бөгендер

Қазақстандағы Ертіс өзенінің ұзындығы (шқ)

Ертіс өзенінің жылдық су шыныны

1700






1000






880






168






85000






V.Қорытынды

Қазақстан Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия (Қаракие) ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.


VI.Бағалау

V.Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып түсіну


Сабақ:№67 Сыныбы:9 Күні: 21.05

Сабақтың тақырыбы: ҚР сыртқы экономикалық байланысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға еліміздің сыртқы экономикалық қатынастары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың географиялық өрістерін кеңейту.Оқушылардың ойларын ашық нақты жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Қазақстанның экономикалық байланыстарын саралай білуге,өзара достық қатынастарға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: картамен жұмыс,сто тратегиясы

Сабақтың көрнекілігі:карта,интернет,суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) Сабаққа дайындығын тексеру

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

Миға шабуыл

1.Қазақстан қай материкте орналасқан

2.Қазақстанның жер көлемі

3.Қазақстанның астанасы

4.Қазақстанның тұңғыш президенті

5.Қазақстан қандай елдермен шектеседі

6.Қазақстанның тәуелсіздігін тұңғыш мойындаған ел

7.Қазақстан қанша облысқа бөлінеді

III.Жаңа сабақ

Халықаралық өлшем бойынша біздің еліміздің экономикасы орташа деңгейде.Ол дүние жүзіндегі жалпы өнімнің 0,23%-ын өндіріп,бұл жағынан 54 орын алады.Қазақстанның шаруашылығы даму қарқыны жөнінде әлемдік экономикадан 3 есе асып түседі.Ондай артықшылық біздің еліміздің позициясын нығайта түсіп,дүниежүзіндегі беделін арттыруда.

Қазақстанның дүниежүзілік ірі «жабдықтаушы» ретінде маңызы өсуде.Еліміз әлемдік рынокқа көп мөлшерде отын,металл,астық шығарады.Бұлар қарапайым,қымбат емес тауарлар.Дегенмен де, олар экономиканың интенсивті дамуы үшін жағдай жасайды.

Қазақстан дүние жүзілік инвестиция тарту орталығына айналуда.Елімізде ірі шет елдік компаниялар «Шеврон-Тексако» , «Бритиш газ», «АЕС» және т.б жұмыс істеуде .Еңалдымен олар өз мәселелерін шешумен қатар,біздің еліміздің экономикалық әлеуметтік дамуына да үлесін қосады.

Қазақстанның Еуропа мен Азия арасын қосатын жаңа көлік коридоры ретінде рөлі көтерілуде.Ең соңында біздің елімізді әлемдік мәселелерді шешудегі халықаралық арена ретінде атауға да болады.

Қазақстанның басты сауда әріптесі –Ресей

Дүние жүзі экономикасындағы Қазақстанның үлесі

Халық саны,

млн адам

6201

14,9

0,24

ЖІӨ,млрд долл.

49000

112

0,23

Өнеркәсіп млрд долл

15680

33

0,21

Ауыл шаруашылығы,

млрд долл

1960

9

0,46

Қызмет көрсету саласы,млрд долл.

31360

70

0,22

Қазақстанның импорты мен экспорт үлесі

[pic]


Импорттаушы елдер үлесі

[pic]


IV.Жаңа сабақты бекіту

Картамен жұмыс

Картаны пайлана отырып Қазақстанның көршілес елдерін,экспорттаушы импорттаушы елдерін анықтау.


2.Қазақстандағы ең ірі кен орындарды анықтап,оларға сипаттама беріңіз


3.Кестемен жұмыс

Кестені пайдаланып дүниежүзілік экономикада еліміздің қандай салаларының үлес салмағы жоғары және төмен? Ол үшін Қазақстанның дүние жүзіндегі өнім шығарудағы ұлесін және халқын салыстырыңыздар.


4.Қазақстанның Беларусь,Украина,Венгрия,Түркия сауда әріптестерінің экспорты мен импортына сараптама беріңіз


V.Бағалау

VI.Үйге тапсырма

«Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары» тақырыбында реферат даярлау