География пәнінен сыныптан тыс іс шара
Тақырыбы: БЕСТІКТЕР КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?
Мақсаты: оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оқулық материалдарынан тыс материалдарды меңгерту, өз бетінше ойлауға дағдыландыру.
Сыныптан тыс іс шараның түрі: сайыс
Сайыстың барысы:
Ойын ережесімен түсіндіру.
Ойын кезеңдері
Марапаттау
Ойын ережесі әр топқа 15 бестіктен беріледі. Екі тақырып беріледі, соның біреуін таңдайды. Сұрақ жауаптары экран бетіне шыққан кезде оқушылар дұрыс деп есептеген жауаптарына алған бестіктерін қою керек, егер дұрыс қоймаса, сол дұрыс емес қойылған ұяшықтардағы бестіктер алынады. Ойын соңында көп бестікпен қалуы тиіс. Тақырыптар әр түрлі болады, бірақта географиямен байланысты болады.
1 кезең тақырыптары: ЭРАЛАР, ГЕОГРАФИЯ
ЭРАЛАР
Каледон қатпарлығы қай эраға сәйкес келеді?
Жауаптары:
МЕЗОЗОЙ
ПАЛЕОЗОЙ
ПРОТЕРОЗОЙ
КАЙНОЗОЙ
Дұрыс жауабы: ПАЛЕОЗОЙ
ГЕОГРАФИЯ
Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланатын проекция?
Жауаптары:ЦИЛИНДРЛІК
КОНУСТЫҚ
АЗИМУТТЫҚ
КӨП КОНУСТЫҚ
Дұрыс жауабы: ЦИЛИНДРЛІК
2 кезең тақырыптары: МҰХИТТАР, БИОЛОГИЯ
Дүниежүзілік мұхит суының орташа тұздылығы қанша?
Жауаптары: 33 ‰
34 ‰
35 ‰
36 ‰
Дұрыс жауабы: 35 ‰
БИОЛОГИЯ
Вирустар тудыратын ауру түрлері
Жауаптары: ТУБЕРКУЛЕЗ
СІРЕСПЕ
ІШСҮЗЕК
ҰШЫҚ
Дұрыс жауабы: ҰШЫҚ
3 кезең тақырыптары: ҒЫЛЫМ, САЯХАТШЫЛАР
Қынаны зерттейтін ғылым қалай аталады?
Жауаптары: МИКОЛОГИЯ
БРИОЛОГИЯ
ЛИХЕНОЛОГИЯ
ЦИТОЛОГИЯ
Дұрыс жауабы: ЛИХЕНОЛОГИЯ
ТАРИХ
„Үш теңіздің ар жағына саяхат” атты еңбек жазып қалдырған саяхатшы кім?
Жауаптары: П.КАРПИНИ
А.НИКИТИН
В.РУБРУК
М.ПОЛО
Дұрыс жауабы: А.НИКИТИН
4 кезең тақырыптары: ТАРИХ , САНДАР
Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен қай ел?
Жауаптары: ИРАН
БАТЫС ЕЛДЕРІ
СОҒДЫ
Дұрыс жауабы: СОҒДЫ
САНДАР
Үнді мұхитының ең терең жері қанша метр?
8742 м
7569 м
7209 м
Дұрыс жауабы: 7209 м
5 кезең тақырыптары: АФРИКА , СПОРТ
Сахараның орталық бөлігі мен Намиб шөлінде шоғырланған пайдалы қазба
Жуаптары: УРАН
ПЛАТИНА
КОБАЛЬТ
Дұрыс жауабы: УРАН
СПОРТ
Бекзат Саттарханов бокстан Аустралияның қай қаласында Олимпиада чемпионы атанды?
Жауаптары: МЕЛЬБУРН
СИДНЕЙ
АДЕЛАИДА
Дұрыс жауабы: СИДНЕЙ
6 кезең тақырыптары: ҒАЛЫМДАР , ЗАҢДЫЛЫҚТАР
Жердің сыртқы қабатының ұзындығын 39960 км деп қай ғалым нақты өлшеген?
Жауаптары: ПТОЛОМЕЙ
ЭРАТОСФЕН
Дұрыс жауабы: ЭРАТОСФЕН
ЗАҢДЫЛЫҚТАР
Зат алмасудың негізгі қозғаушы күштері?
Жауаптары: КҮН ҚУАТЫ МЕН ЖЕРДІҢ ІШКІ ҚУАТЫ
АТМОСФЕРАДАҒЫ АУА АЙНАЛЫМЫ
Дұрыс жауабы: КҮН ҚУАТЫ МЕН ЖЕРДІҢ ІШКІ ҚУАТЫ
География пәнінен сыныптан тыс іс шара
Тақырыбы: Географиядан интеллектуалдық олимпиада
Мақсаты: география пәніне деген қызығушылығын арттыру, келесі мектеп бітіру кезінде таңдау пәні ретінде география пәнін таңдауға баулу.
Сыныптан тыс іс шараның түрі: сайыс
Сайыстың барысы:
Сайыс ережесімен түсіндіру.
Сайыс кезеңдері
Марапаттау
Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
1-кезең «Ия-жоқ», 2-кезең «Меннен сұрақ сізден жауап»,
3-кезең «Интеллектуалды жекпе-жек».
Сайыс барысы:
1-кезең «Ия-жоқ». І топ
ІІ топ
2-кезең «Меннен сұрақ сізден жауап»
4 ұяшық беріледі. Ұяшықтағы сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса, онда көмек ала алады. Әр көмек сайын бір ұпай кеміп отырады.
1- ұяшық .
Олардың көлемі 20 см, салмағы- 1, 5 кг- ға дейін. (5 ұпай)
1-көмек:
Көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар көлемінде шығын шегеді (4 ұпай)
2-көмек:
Әсіресе, бұл құбылыс ауыл шаруашылығына өте қауіпті (3 ұпай)
3-көмек:
Бұл жаңбыр кезінде болады және нөсерлі жаңбырмен қатар жүреді (2 ұпай)
4-көмек:
Сыртқы пішіндері негізінен домалақ болып келеді (1 ұпай)
Жауабы: бұршақ
2- ұяшық.
Оны суы бар ыдыспен салыстыруға болады, тек оның пішіні үлкенірек
(5 ұпай)
1-көмек:
Оның формасын оның шығу тегімен байланыстырады (4 ұпай)
2-көмек:
Ол тек жылуды сіңірмейді, сонымен қатар, оны ауаның салқын қабаттарына да жібере алады (3 ұпай)
3-көмек:
Олар ащы және тұщы болады (2 ұпай)
4-көмек:
Оның қалыптасуына нақты жағдайлар қажет, суды сақтай алатын ойыс қажет
(1 ұпай)
Жауабы: Көл
3- ұяшық.
Кейде күн сәулелерін, бұлтты немесе жаңбырды жарқыратаны соншалық,
олардың бедерінде, дәл киноэкрандағы сияқты ерекше бейнелер пайда болады (5 ұпай)
1-көмек:
Атмосферадағы жарқын оптикалық құбылыстардың бірі (4 ұпай)
2-көмек:
Бұл құбылыстың орталығы Күнге қарсы нүктеде, сондықтан бұл құбылыстың
төменгі жағы көрінбейді, Жер кедергі келтіреді (3 ұпай)
3-көмек:
Бұл құбылыс жаңбыр тамшыларында шағылысу немесе сыну үрдістерімен
қатар жүреді (2 ұпай)
4-көмек:
Жазықтықта бұл доға түрінде болады (1 ұпай)
Жауабы: Кемпірқосақ
4- ұяшық.
Бұл құбылыс литосфераның, атмосфераның және гидросфераның пайда болуында маңызды рөл атқарған. (5 ұпай)
1-көмек:
Мұхитта да құрлықта да кездеседі (4 ұпай)
2-көмек:
Ыстық газдан, будан, күлден, тастан тұрады(3 ұпай)
3-көмек:
Сөнген және сөнбеген түрлері кездеседі(2 ұпай)
4-көмек:
Везувий, Этна, Эльбрус. (1 ұпай)
Жауабы: Жанартау
ІІІ-тур. Интеллектаулдық жекпе – жек
1-сұрақ. Бейне сұрақ. Жауабы: Исландия
1-сұрақ. Географиялық есеп. Шешуі: 740мм-440мм= 300мм*10,5=3150м
Жауабы: 3150 м
қысым, тау, биіктік
Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына сәйкес. Әрбір 10,5 метр биіктікке көтерілген сайын, қысымның сынап бағанасы бойынша 1мм-ге кемитінін барометр көрсетеді. Егер барометр тау етегінде 740 мм-ді, ал тау басында 440мм-ді көрсетсе, салыстырмалы биіктік қанша болады?
2-сұрақ: Географиялық есеп. Жауабы: Шешуі: 6995 м+132 м = 7127 м
метр, биік, төмен.
Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша?
2-сұрақ: Бейне сұрақ. Жауабы: Шри-ланка
3-сұрақ: Бейне сұрақ . Жауабы: Амазонка
3-сұрақ: Ойлан тап. Жауабы: температура бірдей, себебі су бір
ыдыстың ішінде
күн, бөлме, жылу
Бөлме ішінде терезе алдында су толған құмыра тұр, күн сәулесі жарқырап бөлмеге түсуде. Судың қай жағындағы температурасы жоғары?
Қорытынды.