«Көкпекті ЖББОМ» КММ
Ашық сабақ:
Тақырыбы: «Атмосфералық жауын-шашын»
(география)
Дайындаған: Акыжанова А.Б.
6 «А» сынып
2015-2016 оқу жылы
Пәні: география
Сыныбы: 6 «А »
Күні: 11 ақпан 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық жауын - шашын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға тропиктік және субтропиктік белдеулер жөнінде толық, жан-жақты түсіндіру.
Дамытушылық:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқулықпен, картамен жұмыс істеу барысында әр белдеудің климатына, жер бедеріне, өсімдігі, жануарлар дүниесіне, олардың алуан түрлілігі мен таралу заңдылықтарына тоқталу. Өз ойларын еркін, сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Психологиялық ахуал
Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып жақсы көңіл күйді қалыптастыру үшін бір-біріне тілек айтқызу.
Ұстаз: Ақылды – Айжан.
[link] ) - жердің ауа қабығы.
67 саны. Бұлттылық дегеніміз не?
Аспанды бұлттың торлау дәрежесін бұлттылық деп атайды.
37 саны. Ауа райын зерттейтін ғылым не деп аталады?
Ауа райын зерттейтін ғылым метеорология деп аталады. Грекше «метеора» - аспан, «логос»- ғылым деген мағынаны білдіреді.
55 саны. Климатты зерттейтін ғылымды ата.
Жер шарында климаттың қалыптасуы мен таралуын, өзгеруін зерттейтін ғылым климатология деп аталады. Грекше «климат» - еңкіштік, «логос» - ғылым деген мағынаны білдіреді.
41 саны. Тропосфераның жоғарғы шегінде температура неше °С дейін төмендейді?
Тропосфераның жоғарғы шегінде температура -55 °С дейін төмендейді.
14 саны. Атмосфераның құрамын ата.
Азот 78%
Оттегі 21 %
Басқа газдар 1%
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты сөзжұмбақ арқылы ашу.
І топ
1. Ауа бағытының бір жерден екінші
жерге ауысуы.
2. Атмосфераның 78 % құрайтын газ.
3. Жердің нақты үлгісі.
4. Жер бетінің аз тілімделген, тегіс
немесе белесті болып келетін кең
алқабын не деп атаймыз?
5. Жер қыртысынан 2900 км төменде
не орналасқан?
ІІ топ
1. Планетаның бірі.
2. Ауаның жер бетіне жақын
қабатындағы булардың су тамшыларына
айналуын не деп атаймыз?
3. Өте биікте қандай бұлт түзіледі?
4. 270 ° азимут қандай көкжиек тұсына
сәйкес келеді?
5. Жанартаулардың көпшілігі қай
ұхиттың жағалауында орналасқан?
Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйіндегі ылғалды атмосфералық жауын- шашын деп аталады.
Жауын- шашын
Бұлттан жауатындары Жер бетіне таяу қабатынан түсетіндері
Жаңбыр Қырау
Қар Шық
Бұрщақ Қылау
Жауын –шашын өлшейтін құралды жауын-шашын өлшеуіш деп атайды. Ол кәдімгі тік шелекке ұқсайды. Шелек қаданың басына 2 м биіктікте тұратындай етіп орнатылады. Жауын –шашын тәулігіне 2 рет , таңертеңгі 7- де және кешкі 19-да өлшенеді.
Ал қар жамылғысының қалыңдығын қар өлшеуіш сырыпен өлшейді.
ІV. Сергіту сәті.
Видеоролик көру. «Қар туралы қызықтар»
Оқулықпен жұмыс істеу мақсатында кітап мәтін оқушыларға бөліп береді. Әр топқа өз мәтіні бойынша постер құруға нұсқаулық береді.
І топ
Жауын- шашын түрлері
ІІ топ
Жауын-шашынды өлшеу
І топ: Қазақстан аумағында жауын –шашынның таралуы
ІІ топ: Қазақстанда қар жамылғысының қалыңдығы
V. Сабақты қорытындылау.
«Сәйкестендіру тесті»
Сөз Мәні
Жауабы
1.жаңбыр
2.Қар
3.Бұршақ
4.Шық
5.Қырау
6.Қылау
а/ күзде, қыста, көктемде салқындап су тамшыларын бөледі.
б/ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға, ағаштың қылқанына, т.б. ілігіп тұратын ақ борпылдақ зат.
в/ жаз күндері күндізгі булану нәтижесінде ауа салқындағанда пайда болады.
г/ ауа қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды.
д/ қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелгі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзіп жабысады.
е/ салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейіп жерге түседі.
1 – г
2 – д
3 – е
4 - в
5 – а
6 - б
VI. Үйге тапсырма.
Оқулықтан : §33, 95-98беттер. 2, 8 тапсырмалар (98 бет).
VII. Бағалау.
VIII. Кері байланыс.
«Білім теңізіне кеме жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер, тақырыпты толық меңгермедім десеңіздер жағаның шетінде қалады.