Картографиялық сұрыптау (сабақ жоспары) 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Сыныбы: 6 Күні: Бекітемін:

Тақырыбы: Картографиялық сұрыптау

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды картаграфиялық сұрыптау ұғымымен таныстыру. Оның қажеттілігімен бағыты жайлы түсіндіру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Картамен жұмыс жасауды үйрену

Болжамдап отырған нәтиже: Карталардағы сұрыпталып бейнеленбеген нысандардың болуын түсінген тұлға

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4.Қорытындылау. Бағалау

2. Әңгіме-дәріс. 5. Үйге тапсырма.

3. Жаңа сабақты бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеп,зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1.Меридиан дегеніміз не?
2. Параллель дегеніміз не?
3. Ендік, бойлықтың сызбасын тақтаға сызып көрсет.
4. Меридиан, параллель, экватор сызығын глобустан тауып көрсет.
5. Географиялық координаттарды білудің қандай маңызы бар?

Қорытындылау.

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

2. Әңгіме-дәріс. Картаға Жер бетіндегі нысандардың бәрін бірдей түк қалдырмастан әрқайсысын өз орнына қойып, сол қалпында белгілей беру мүмкін емес. Оған ең алдымен картаның масштабы мүмкіндік бермейді. Жер бетіндегі нысандардың бірін қалдырмастан бейнелей берсе, ондай картаның беті белгілерге ығы-жығы болып толып кетер еді. Картадан ненің қайдан екенін ажырату мүмкін болмай қалар еді. Бұл айтылғандар Жер бетін картада бейнелеудің арнаулы әдісін қарастыруды қажет етеді. Ол картографиялық сұрыптау әдісі. Картаға түсірілетін нысандар мен құбылыстарды іріктеу және олардың ортақ белгілеріне қарап топтау картографиялық сұрыптау деп аталады. Картографиялық сұрыптау бірнеше бағытта іске асырылады: 1. Сандық көрсеткіштерді топтау- сандардың үздіксіз қатарын сатылы шкалаға көшіруден, онан әрі сатылы шкаланың өзін ірілендіре түсуден көрінеді. Мысалы, 1000, 2500, 3000, 4000…9000, 10 000 тұрғыны бар елді мекендер 10 000-ға дейін халық тұратын елді мекендер деп бірақ көрсетіледі. Онан әрі 10 0000-50 000, 50 000-100 000, 100 000-500 000, 500 000-1 000 000 және халқы 1 000 000-нан астам елді мекендерге бөлінуі мүмкін. Картаның масштабы өте ұсақ болған жағдайда елді мекендерді халық санына қарай топтау шкаласы онан әрі де қысқара береді. 2. Сапалық көрсеткіштерді топтау – нысандардың сапа жағынан айырмашылықтарын қысқарту арқылы жүргізіледі. Мысалы, батпақтар топографиялық карталарда өткелді, қиын өткелді және өткелсіз деп бөлінсе, ұсақ масштабты карталарда біріктіріліп, батпақ деп біоақ алынады. 3. Жеке нысандарды оларды жиынтық белгісінен ауыстыру. Мысалы, масштабы 1:10 000 топографиялық карталардағы жеке үйлер, 1:50 000 масштабты картада шаршылармен, онан әрі 1:300 000 масштабтаелді мекеннің біртұтас шарты белгісімен, ал 1:1 000 000 масштабты пунсонмен (дөңгелек белгі) ауыстырылады. 4. Кескін сызықтарды қарапайымдау. Сұрыптаудың бұл түрі өзендердің иірімдерін, көлдер мен теңіздердің жағалық сызықтарының иректерін азайтудан көрінеді.





3. Сабақты қорытындылау кезеңі
Тақырыпты қорытындылай сұрақтар қою:
1.
Картографиялық сұрыптаудеген не?
2.
Картографиялық сұрыптаудың қажеттілігі
3.
Картографиялық сұрыптау 4 бағыты қандай
4.
Сұрыпталатын обьектілерге мысал келтір

VII. Қорытындылау, бағалау.

VІII. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Картографиялық сұрыптау