Сабақтың тақырыбы: Алтай таулары
Сынып: 8 «А»
Мақсаттары: 1.Оқушыларға Алтайдың географиялық орны оның табиғат жағдайлары жайлы сипаттама беру.
2.Пайдалы қазбаларының таралу заңдылықтары,климат жағдайларының ерекшеліктері, өзендері көлдері, қорықтары табиғат ресурстары туралы білімдерін кеңейту.
3.Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдістері: Мазмұндау,сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Карта,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін айту.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Оралдың географиялық орны?
2. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі? (Үлкен Боқтыбай 657м,Айрық 633м)
3. Пайдалы қазбалары? (Никелъ,хромит,мыс)
4. Қай жерде қандай кен орындары ашылды? (Кемпірсай өңірінде Хромиттау Никелътау.)
5. Климаты қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Географиялық орны: Алтай Жайсан ойпатынан басталып Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатыр.Алтай, Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бірі. Қазақстанға оның оңтүстік-батыс шеті ғана кіреді. Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы?(Мұзтау-4506 м)
Жер бедері мен геологиялық құрылымы:Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Алтай үш ауданға бөлінеді. Олар:Кенді Алтай,Оңтүстік Алтай,және Қалбажотасы. Оңтүстік Алтайда-Бұқтырма өзені орналасқан.Шығысында Үкөк тау жүйесімен шектеседі.
Кенді Алтай-Оңтүстік Алтайдың солтүстік шығысында орналасқан. Үлбі-2300 м, Иванов 2775 м Үбі 2100м биіктіктегі тау жоталарынан тұрады.
Қалба жотасы-Ертіс өзенінің сол жағында жатыр.Оның ең биік нүктесі-Сарышоқы (1558 м). Қалба жотасы Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі.
Пайдалы қазбалары:Алтай пайдалы қазбаларға өте бай өлке. Әсіресе Кенді Алтайда қорғасын,мырыш, қалайы,волъфром,күмістің жане сынаптың мол қоры бар. Нарын Күршім жоталарында алтын мен сирек металл,Қалба тауында қалайы мен вольфром өндіріледі.
Өзендері мен көлдері:Алтайда өзенде көлде көп. Ең үлкені Ертіс өзені. Оған Кендірлік,Бұқтырма,Үбі,Үбі өзендері құяды. Ертіс бойында Өскемен Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған, Алтай көлгеде бай. Бұқтырма,Жайсан,Тұранғыкөл,Марқакөл т.б көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердің ең үлкені Жайсан ауданы 5510 км2 Марқакөл 4555 км2. Қазақстандық Алтай тауларында 328 мұздық бар. Олардың ауданы 89,6 км2.
Климаты мен өзендері: Алтайдың Қазақстандық бөлігінің климаты континентті,жазы салқындау,ал қысы керісінше жылы болады. Жаз айларында орташа темперетура 19-220С, ал қыс айларында орташа температура -150С болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-400 мм
Табиғат зоналары: Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
- Орман алқаптарында, мал қарағай, бал қарағай,шырша,самырсын өседі. Шөлейт зонада сортаң өсімдіктері өседі. Тоғайларда итмұрын,қарақат,жидек өседі. Алтай өлкесі аңғада өте бай. Аю,қабан,бұғы,таутеке,қар барысы тіршілік етеді. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында 1976ж Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Және де мұнда Рахман қайнары-орналасқан 1750 м биіктікте.
Картамен жұмыс:
Оқушылар тақтаға шығып, картадан Алтайдың географиялық орындарын тапты.
Топтастыру:
Қорытындылау:
1. Алтайдың географиялық орны?
2. Ресей жеріндегі Алтай тау жүйесінің ең биік шыңы?
3. Алтай қандай пайдалы қазбаларға бай?
4. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Алтай қанша ауданға бөлінеді?
5. Кенді Алтай бөлігіндегі тау жоталарын ата?
6. Климаты қандай?
7. Бұқтырма өзені қайда орналасқан?
8. Батыс Алтайдың Қазақстандық бөлігі неге Кенді Алтай деп аталады?
Оқушыларды бағалау: Сабаққа ынталы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма беру: сұрақтарға жауап беру.