Открытый урок по географии на тему Китай

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары. Туристік объектілері.

Сабақтың мақсаты:Қытайдың экономикалық аудандары туралы білімдерін ғылыми

тұрғыда меңгеруге қолайлы орта жасау.

Сабақтың міндеттері:1.Білімділік:Қытайдың экономикалық аудандары,ішкі

айырмашылықтары,туристік нысандары туралы мағлұматтар беру,

түсіндіру;

2.Тәрбиелік:Географиялық білімдерін тереңдете отырып,

адамгершілікке, имандылыққа, табиғатты түсінуге,аялауға

тәрбиелеу, баулу;

3.Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын картамен жұмыс

барысында дамыту, қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақты ұйымдастыру формасы:Блум жүйесі.

Оқытудың формасы:Ұжымдық, жеке даралап.

Пәнаралық байланыс:Тарих.

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, проектор,электронды оқулық,карта.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды мультимедия кабинетіне орналастыру, сәлемдесу.Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сабаққа назарын аудару.Оқу құралдары мен сабаққа қатысуын түгелдеу.

Оқушыларға сабақ барысында білімдерін бағалау мақсатында «Бағалау парағы» жүргізілетіндігін ескерту.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Қытайдың шаруашылығы» тақырыбындағы үй тапсырмасын сұрау үшін «Ти»кестесін толтырып,өткен сабақтарда оқып-білген Жапония мен Қытайдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып, кесте жасалады.

«Ти» кестесі


Көлемі жөнінен 3-ші орында

Халқының санынан 1-ші орында т.б.





Солтүстік жарты шарда

Еуразия құрлығында т.б.


Аралдық

«Үлкен жетілікке» кіреді

т.б.


«Ти»кестесін жедел орындаған оқушыға үлестірме сұрақтар тарату.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қытай шаруашылығының даму ерекшеліктері қандай?Оған қандай факторлар әсер етеді?

2.Қытайдың өнеркәсіп құрылымының қалыптасуы мен дамуына табиғат ресурстары қалай әсер етеді?

3.Қытайда байланыс құралдарының қандай түрлері дамыған?

Үй тапсырмасын жете меңгеріп, сабаққа белсенді араласқан оқушыларды «Бағалау парағына» түсіріп отыру.


ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру.

Білу.Жаңа тақырып жоспары:

1.Ерекше экономикалық аудандар және теңіз маңы ашық белдеуі.

2.Баж салығынсыз сауда аймақтары.

3.Шекара маңындағы ашық қалалар.

4.Туристік объектілері.

Түсіну.Электронды оқулықтағы материалдарды жоспар бойынша пайдаланып, нақты түсінік қалыптастыру.

«Өз ойыңды түйінде» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді дәптерге түсіріп алу.

1.Қытайдағы барлық ерекше экономикалық аудандар (ЕЭА) түгелдей дерлік елдің оңтүстік-шығысында орналасқан: ШэньчженЕЭА Гуаньдун провинциясының оңтүстік бөлігінде; Шаньтоу ЕЭА Гуаньдун провинциясының оңтүстік-шығыс бөлігінде;ЧжухайЕЭА Гуаньдун провинциясындағы Чжуцзян өзені сағасының батыс жағалауында;Сямынь ЕЭА Сямынь қаласының Сямыньган және Гуланчюй аралдарында (Фуцзянь провинциясы) орналасқан; Хайнань ЕЭА елдің оңтүстігінде Хайнань аралын тұтастай алып жатыр (ауданы 34 мың км ) және елдегі бар ЕЭА-ның ең үлкені.

Ерекше экономикалық аудандар сыртқы рынокқа бағытталған даму зонасы болып табылады.

2.Қытайлық баж салығынсыз аймақ «еркін портты» еске салатын оқшауланған аумақ болып табылады.Бұл аумақта негізінен, экспорттық өнімдер шығаратын өңдеуші өнеркәсіп пен сыртқы сауда дамиды. Онда ерекше кедендік полиция әрекет етеді және кедендік басқару мен қадағалаудың ерекше ережелері жүзеге асырылады.

3.1992 жылдың наурыз айынан бастап Қытай сыртқы саудаға шекара маңындағы 13 қаласын қосты. Олар:Хуньчунь, Суйфэньхэ, Хейкэ, Маньчжурияны, Эрлянь-Хото,Тачен,Болэ, Инин, Хэкоу,Ваньдин,Жуйли,Пинсян және Дунсин.Сонымен бірге Қытай үкіметі тағы да шекара маңындағы және теңіз маңындағы провинциялардың әкімшілік орталықиарын ашық деп жариялады.

4.Табиғаттың көркемдігі мен ежелгі тарихи орындарының молдығы,өзіндік өркение,ті,ұзақ тарихы Қытайды туристер үшін ерекше тартымды етеді. Пекин- Қытайдың туристік орталығы.Мұнда әсіресе, Мин және Цинь әулеттерінің резиденциялары болған бұрынғы император сарайы, саябақтар мен храмдар аса қызықты.Пекиннің солтүстік –батысындағы таулы ауданымен Ұлы Қытай қабырғасының бір бөлігі өтеді.

Талдау .«Кім жылдам?»Тест тапсырмаларын орындау.Электронды оқулықтан Қытайға байланысты тест сұрақтарына жауап беру.

ІҮ.Қорытынды.Бекіту.


Топтау:Жаңа сабақты бекіту,негізгі түсінік қалыптастыру.

Сабақты қорытындылауға, бекітуге арналған сұрақтар:

1.Қытайда қандай ерекше экономикалық аудандар бар?

2.Қытайда қандай туристік объектілер бар?

3Қазақстанда мұндай аймақтарды қалыптастыру мүмкіндігі бар ма?


Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысуы мен белсенділігі, үлгірімі,тапсырмаларды орындауына орай толтырылған «Бағалау кесте» бойынша білімдерін сараптап,бағалау.

Ү.Үйге тапсырма. «Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары» тақырыбын талапқа сай оқып меңгеру. Картамен жұмыс жасау тапсырылады.


«Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары» тақырыбына жоспар жасау.

Электронды оқулықпен жұмыс жасауды түсіндіру.

Негізгі жоспар мен түсінікті білу.Электронды оқулықпен жұмыс жасай білу.

Электронды оқулықтағы материалдарды жоспар бойынша пайдалана білу.

«Ти» кестесін толтыру.

«Үлестірме сұрақтар»

Түсіну.

1Ерекше экономикалық аудандар және теңіз маңы ашық белдеуі.

2.Баж салығынсыз сауда аймақтары.

3.Шекара маңындағы ашық қалалар.

4.Туристік объектілері.. туралы түсінік беру,танымдық қабілетін арттыру,қызығушылығын ояту.

Электронды оқулықпен жұмыс жасай отырып,нақты түсінік қалыптастыру.

«Өз ойыңды түйінде» электронды оқулықтағы материалды жоспар бойынша пайдалана білу, нақты түсінік қалыптастыру,стратегия бойынша қажетті мәліметтерді жазып алу.

Қолдану.

Жеке оқушымен жұмыс,нақты жауабын жазуға,ойлауға жетелейді.

Ойларын қорытындылап

компьютермен,дәптермен

жұмыс жасап, тарсырманы орындайды.

«Ең,ең,ең...»

Жеке оқушыға озық тапсырма беру

«Сәйкестендір»


Талдау.

Сыныпқа бақылау жасау

«Кім жылдам?»тест тапсырмаларын орындайды,талдайды.

«Кім жылдам?»

Топтау.

Жаңа сабақты бекіту,негізгі түсінік қалыптастыру.

Сұрақтарға жауап беру

Сұрақтарға жауап беру

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытып бекіту.

Бағалау.

«Бағалау кестесі» арқылы бағалау.Оқушылардың білімін сараптау,қорыту.

Өз біліміне сараптама жасау.

Әр оқушының қатысуын, білімін анықтау,бағалау.