Күні: .09.2016 №4
| Пәні: География | Мұғалім аты-жөні Умутбаева Д.А. | Астана қаласы №77 мектеп- гимназия Сынып: 9 «А» «Ә» | Оқу-ісінің меңгерушісі |
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе бақылау жұмысы. |
Негізгі түйінді идея: Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін сипаттайды. |
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін талдайды. |
Дамытушылық мәні: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. |
Тәрбиелік мәні: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. |
Сабақтың түрі: Аралас сабақ |
Әдіс-тәсілдері: АКТ, ДЖИГСО, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс,бағалау критерийлері |
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, карта, атлас, кескін карта, статистикалық мәліметтер,түрлі-түсті қарындаш |
Ұйымдастыру кезеңі (3мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1.Сәлемдесу. 2.Ұйымдастыру. 3.Топқа бөлу. 4.Сабақ барысымен таныстыру. 5.Бағалау парағын таныстыру. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру | Сәлемдесу Өздерін ретке келтіру Топқа бөліну
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру |
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) |
1. Экономика және экономикалық жүйе терминдеріне сипаттама беріңіз? 2.Пәннің мазмұнында қарастырылатын экономикалық мәселелер қандай? 3.Алғаш рет «Экономикалық георафия» терминін кім енгізді?
|
Жаңа сабақ |
Тақырыпты ашу (1 мин.) |
Сабақтың мақсатымен таныстыру | Тыңдайды |
Сабақтың негізгі бөлімі (25 мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сыныпты санау арқылы 4 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топ мүшелерін әрбір тапсырманы бағалаудың бағалау критерийлерімен таныстыру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. Табыс критерийлері: Барлық оқушылар: 1-тапсырма: Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін сипаттау Әдісі: «ДЖИГСО» Формативті бағалау: «Келісемін»+,«Келіспеймін»- 1.Қазақстан экономикасы қандай кезеңдерден өтті? 2.Нарықтық экономиканы қалай түсінесіздер? 3.Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің себебі неде? | Оқушылар белсене қатысып,төрт топқа бөлініп отырады. Оқушылар топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылар топта ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
1.Оқушылар Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін сипаттап, сұрақтар бойынша жауап жазады.
|
Қорыту. Күтілетін нәтиже (5 м.) |
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) | Сұрақтарға жауап береді. |
Бағалау (2 мин.) |
Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалайды. |
Үйге тапсырма (2 мин.) |
Қайталау..Атласпен жұмыс. |