«Гидросфера» тақырыбы бойынша тест (6сынып)
1.Жердің су қабығы
а) атмосфера
ә) литосфера
б) гидросфера
в) биосфера
г)географиялық қабық
2.Жер бетіндегі тұщы сулар қандай құбылысқа байланысты сарқылмайды?
а) Дүниежүзілік су айналымы
ә) үгілуге
б)мұхит ағыстарына
в) толысу мен қайтуға
г) жер сілкінуге
3. Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма:
а) Ломоносов ждотасы
ә) Пуэрто-Рико
б) Кермадек
в) Куриль-Камчатка науасы
г) Мариан шұңғымасы
4.Жер сілкінудің нәтижесінде пайда болатын ірі толқындар:
а) толысу
ә) қайту
б) дауыл
в) цунами
г) тайфун
5.Ішкі теңіздер:
а) Қара,Балтық, Мәрмәр, Азов
ә) Беринг, Баренц, Чукот, Кара
б) Қара, Жерорта, Кар,Мәрмәр
в) Азов, Беринг, Баренц, Шығыс Сібір
г) Жерорта, Балтық ,Чукот,Жапон
6.Қай теңіздің тұздылығы жоғары:
а) Қара
ә) Азов
б) Қызыл
в) Беринг
г) Охот
7.Өзеннің ағып шығатын жерін қалай атайды?
а) жайылма
ә) арна
б) аңғар
в) суайрық
г)бастау
8.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама:
а) Виктория
ә) Ниагара
б) Анхель
в) Илья Муромец
г) Киван
9.Дүние жүзіндегі ең үлкен көл
а) Сарез
ә) Байқал
б) Танганьика
в) Каспий
г) Арал
10.Дүниежүзілік мұхит көлемі Жер беті көлемінің қанша пайызын құрайды?
а) 12%
ә) 29%
б) 33%
в) 61%
г) 71%
11. Дүниежүзілік мұхиттағы судың орташа тұздылығын көрсетіңдер
а) 10-12‰
ә) 21‰
б) 35‰
в) 47‰
г) 100‰
12.Айсбергтер Жер шарының қай бөліктерінде пайда болған?
а) Африка жағалауларында
ә) Еуразияның солтүстік жағалауында
б) полярлық шеңберлерде
в) экваторда
г) Антарктида мен Гренландия жағалауында
13.Мына жануарлардың қайсысы теңіз сүтқоректілеріне жатады?
а) кальмарлар, тасбақалар
ә) акулалар, скаттар
б)планктон, нектон,бентос
в) дельфиндер, киттер
г) коралдар, молюскалар
14.Дүние жүзіндегі ең үлкен арал:
а) Аустралия
ә) Гренландия
б) Мадагаскар
в) Жаңа Зеландия
г) Зонд аралдары
15.Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып жатыр?
а) Атлант пен Үнді
ә) Солтүстік және Тынық
б) Тынық пен Үнді
в) Тынық пен Атлант
г) Атлант пен Солтүстік Мұзды мұхит
16.Өзен ағысы мен жылдамдығы неге байланысты?
а) өзен суның көлеміне
ә) таулардағы мұздықтардың еру жылдамдығына;
б) көктемдегі қардың еру жылдамдығына
в) жаңбырдың көп жаууына
г) жер бедеріне
17.Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен
а) Амазонка
ә) Миссури
б) Ніл
в) Ориноко
г) Лена
18.Ең терең көлді көрсетіңдер
а) Ыстықкөл
ә) Виктория
б) Байкал
в) Балқаш
г) Танганьика
19.Каспий теңізіне құятын өзенді көрсетіңіз
а) Жайық
ә) Ангара
б) Енисей
в) Іле
г) Ертіс
20.Қар шегі (сызығы) деп нені айтамыз?
а) қар көп түсетін шекара
ә) қар болмайтын жоғарғы шекара
б)қар түсіп ,лезде еріп кететін төменгі шекара
в) қар жиналып, мұздыққа айналуы мүмкін болатын жоғарғы шекра
г) мұндай ұғым жоқ
21.Өзен суының молығуы кезінде суға толатын өзен аңғары қалай аталады?
а) атырау
ә) жайылма
б) саға
в) арна
г) бастау
22.Мұхит суы қандай температурада қата бастайды?
а) 0
ә) -2
б) 10
в) 3
г) -5
23.Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар:
а) жер асты суы
ә) минерал
б) термальдық
в)артезиан
24. Жердің терең қабатындағы қысымды сулар:
а) артезиан суы
ә) сулы қабат
б) еспе суы
в) минералды су
25.Су өткізгіш , су жинақталатын жыныстар қабаты:
а) сулы қабат
ә) су өткізбейтін қабат
б) термальдық
в) асты қабат