Календарно - тематический план по естествознанию (каз.)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



































Мұғалiм: Есмуратов Ержан Арманұлы


Жұмыс өтiлiмi: 0



Квалификациялық категория: Санатсыз


Жартыжылдыққа арналған сағат саны: 1жарты жылдық - 2, 2 жарты жылдық -2.


Аптасына сағат: 1 cағат


Жоспардағы бақылау жұмысы: 1жарты жалдық - 0, 2 жарты жылдық -2.



Кiтаптар: Б. Әбдіманапов, А. Прищепина, Л. Фокина, А. Әбілғазиев.- Алматы: Атамұра. 2015 г.


Мемлекеттiк стандарт бойынша жасалған жоспар.


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.









1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады. Алдын-ала оза, кіріктіріп оқыту курсы болып саналады және оны негізгі орта мектепте оқыту жеке тұлғаның дамуы мен оған білім берудің, тәрбиелеудің жалпы мақсаттарына: оқушыларды функционалдық сауаттылықтың негізімен, білім және іскерлікпен жігерлендіріп, күнделікті өмірде қажетті бағыт пен мәдениеттілік, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты және білімқұмарлықты дамытуға қызмет ету болып саналады.

3. Оқытудың міндеттері: курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және дағдыны әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады.

4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.

5. Пәннің пәнаралық байланыстары:

  1. географиямен, Жердің пайда болуы, оның пішіндері, картада және глобуста бейнеленуі, жердің қабықтары туралы оқығанда;

  2. әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, әндерден үзінділерін қолдану барысында;

  3. математикамен, табиғатты танудың ғылыми әдістерін оқу барысында,

  4. қарапайым есептеулер жасауда;

  5. астрономиямен, жұлдызды аспанды және Ғарыштық кеңістікті оқу барысында;

  6. физикамен, физикалық құбылыстарды, денелер мен заттарды оқуда;

  7. химиямен, химиялық құбылыстарды оқу барысында;

  8. биологиямен, Жердегі өсімдік және жануарлар дүниесін оқу барысында;

  9. тарихпен, жаратылыстанушыларды, олардың дүниені тануға қосқан үлестерін оқу барысында.

6. Типтік оқу жоспарына сәйкес курсты оқуға аптасына 1 сағаттан, 34 сағат бөлінген.







Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Оқушылардың дайындық деңгейін бағалау үш аспектіні: пәндік нәтижелерді, тұлғалық нәтижелерді, жүйелі-әрекеттік нәтижелерді есепке ала отырып жүргізіледі.

Пәндік нәтижелер. 5 сыныптың соңында оқушылар:

1) кіріктірілген жаратылыстану курсының мағынасын, оның қоршаған орта жайлы дүниетанымдық түсініктерін қалыптастырудағы мәнін;

2) макро және микро әлем ұғымдарының мәнін;

3) ғылыми танымның негізгі әдістерін;

4) Жер және Ғарыштық кеңістік, Жер ғаламшары және оның табиғаты жайлы негізгі жаратылыстану ғылыми түсініктерін;

5) Қазақстанның, қазақстандық ғалымдар мен ғарышкерлердің ғарышты зерттеуге қосқан үлесі жайлы;

6) Жер бетінің жоспардағы, картадағы, глобустағы бейнесін;

7) Жер бетінің негізгі пішіндерін және олардың дамуын (құрлық және су қабатын, олардың құрамдас бөліктерін);

8) тау жыныстарын және пайдалы қазбаларды;

9) төтенше табиғи құбылыстар жағдайындағы және табиғи ортадағы тәртіп ережелерін;

10) денелер мен заттар, олардың қасиеті мен құрылымы жайлы негізгі ұғымдарды;

11) табиғат құбылыстарының көп түрлілігін және адам өз өмірін, адамдардың өмірі мен мүлкін сақтау үшін қажетті техника қауіпсіздігі ережелерін;

12) ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын;

13) ғаламшардың тірі қабатының құрылымын, оның Жер дамуындағы рөлін;

14) табиғи бірлестіктердің түрлерін және сипатын;

15) пайдалы және улы өсімдіктерді;

16) өз өлкесінің өсімдіктері мен жануарларын;

17) өсімдіктер мен жануарлардың маңызын;

18) Жер бетіндегі табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің өзара байланысын;

19) табиғат байлықтарының түрлерін;

20) Қазақстанның қорықтарын, ұлттық саябақтарын және табиғат ескерткіштерін;

21) «Қызыл кітапқа» енгізілген жекелеген жануарлар мен өсімдіктерді білулері тиіс.

5 сыныптың соңында оқушылар:

1) қоршаған ортада жүйелі түрде бақылау жүргізе, өзгерістерді талдай;

2) ғылыми танымның әдістерін (бақылау, эксперимент, тәжірибе және т. б.) қолдана;

3) табиғатты зерттеуге арналған құралдарды пайдалана, ауа райын бақылау күнделігін жүргізе;

4) жеке жұлдыздар тобын анықтай (Үлкен Аю, Кіші Аю, Поляр Жұлдызы және басқалар);

5) карталармен жұмыс істей білу, Жер бетінің әр түрлі пішіндерін анықтай және көрсете;

6) тау жыныстарының және минералдардың негізгі физикалық сипатын анықтай;

7) атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы табиғи құбылыстарды сипаттай;

8) табиғатты зерттеуге арналған құралдармен жұмыс істей;

9) қазіргі кездің ақпараттық-коммуникациялық көздерін, білім берудің цифрлық ресурстарын пайдалана;

10) физикалық шамаларды, дененің салмағы мен көлемін, қашықтықты (сызғышпен және рулеткамен), көлемді (мензуркамен), ауаның ылғалдылығын (гигрометрмен), ауа және дене температурасын (термометрмен), жауын-шашын мөлшерін (жауын-шашын мөлшерін өлшеуішпен), жыл бойы күн жарығы түсуіндегі айырмашылықты өлшеуге қажетті құралдар мен аспаптарды қолдана;

11) құралдармен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жасаған бақылаулар мен тәжірибелерден қорытындылар мен шешімдер шығара;

12) бөлме өсімдіктерін өсіре және оларды күте;

13) жеке гигиена, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын-алу талаптарын орындай;

14) зертхана құралдарымен, тірі биологиялық нысандармен, кеппе өсімдіктермен, муляждармен жұмыс істей;

15) жергілікті жердің экологиялық жағдайына баға бере білу және нәтижеге презентация жасай;

16) экологиялық акциялар (суреттер, плакаттар және басқа да жолдармен) ұйымдастыра;

17) дистанциондық тәртіпте ғаламтор арқылы сырттай өтетін сайыстар мен олимпиадаларға қатыса;

18) өзі тұратын жердің тазалығын сақтау шараларын ұйымдастыра алулары тиіс.

Жеке тұлғалық нәтижелер:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауынан, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен;

2) қоршаған ортаны қорғау сұрақтарында белсенді азаматтық ұстанымын көрсете білуінен;

3) өз елінің, туған өлкесінің табиғатының сұлулығын көре білуге, оны сақтауға және қорғауға ұмтылуынан;

4) өздігінен білім алуға және оқу еңбегіне деген ынта-ықыласы мен қабілеттілігін дәлелдеуінен;

5) берілген жоспар бойынша жеке және топта тәжірибелік іс-әрекет жасай білуінен;

6) салауатты өмір салтын ұстануынан және өз денсаулығын сақтауға, нығайтуға деген қамқорлығынан;

7) өз қауіпсіздігі және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;

8) адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтауынан;

9) экологиялық акциялар арқылы экологиялық бағыттағы тәртіпті көрсете білуінен көрініс табады.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады:

1) ауа райына бақылау жүргізуді ұйымдастыру және жергілікті жердің белгілеріне қарап таяу күндердің ауа райы өзгерістерін болжау;

2) табиғатты зерттеудің негізгі әдістерімен танысу;

3) қоршаған ортаның табиғи, мерзімдік құбылыстарына бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

4) микроскоппен және микропрепараттармен танысу;

5) жыл мезгілдерінің әр түрлі кезеңдерінде Жер бетіне жарықтың түсуін (күн сәулелерінің түсу бұрышы) бақылауды бастау;

6) жаратылыстанушы ғалымдар: әл-Фараби, әл-Бируни, Леонардо да Винчи, Николай Коперник, Джордано Бруно, Герард Меркатор, Галилео Галилей, Исаак Ньютон, Карл Линней, Михаил Васильевич Ломоносов, Чарльз Дарвин, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев жайлы қосымша әдебиет оқу;

7) жұлдызды аспанды, Үлкен және Кіші Аю жұлдыздар жүйесін, Күннің шығуы мен батуын бақылау;

8) телескоптың, дүрбінің көмегімен Айдың бетіне бақылау жүргізу;

9) жақын жердегі метеостансаға саяхат, ауа райы құбылыстарын зерттеудің әдістерімен танысу;

10) картада жұмыс істеудің базалық дағдыларын қалыптастыру;

11) мәтінде аталған нысандарды картаға түсіру;

12) әр түрлі заттардан тұратын денелердің салмағын салыстыру (бірдей көлемді әр түрлі заттардың салмағы, әр түрлі көлемді заттардың салмағы), денелердің өзгеруін бақылау (созылу, қысылу, жылжу, иілу, бұралу);

13) линзанаң көмегімен жарықты сындыру және жарық спекторының сызбасын құру;

14) судың әр түрлі агрегаттық жағдайын (мұз, су, бу) бақылау және алынған білімді күнделікті тұрмыста қолдана білу;

15) дыбыс шығаратын денелердің тербелісін және әр түрлі заттардың дыбыс өткізгіштігін бақылау;

16) магниттік және электрлік құбылыстардың мәні және әрекеті;

17) денелердің өзара әрекетін және инерциясын бақылау (көлікте, спорт ойындары кезінде, адамның қозғалысы кезінде);

18) химиялық құбылыстардың белгілерін: газ, жарық, жылу шығаруын, түстің өзгеруін, жаңа заттың пайда болуын (майшамның жануы барысында) және жауын-шашынның түсуін (ерітінділер түрінде) бақылау;

19) жергілікті жердің өсімдіктеріне бақылау жүргізу;

20) өсімдіктердің жарыққа қарай өсуін бақылау;

21) тұқым өсіру және бөлме өсімдіктерін отырғызу;

22) зең саңырауқұлақтарымен танысу;

23) жануарларға бақылау жүргізу (үйде, хайуанаттар паркінде және үйреншікті ортада);

24) жергілікті жердің экологиялық жағдайына талдау жасау мақсатында эскурсияға шығу;

25) жануарлар мен өсімдіктер туралы шағын зерттеу жобалары.





Оқу пәнінің базалық мазмұны


7. Кіріспе (3 сағат):

жаратылыстану табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде, «терминдер» мен «ұғымдар» сөздерінің мағынасы, макро және микро әлем ұғымдары;

табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері (бақылау, эксперимент, тәжірибе, зерттеуге арналған құралдармен танысу);

саяхат, табиғатты оқып-үйренудің негізгі әдістерімен танысу.

8. «Жер және Ғарыштық кеңістік» бөлімін оқуға 14 сағат бөлінген:

1) төбеміздегі аспан (3 сағат), астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан, «Ғарыштық кеңістік», «Галактика», «Жұлдыз», «Ғаламшар», «Комета – құйрықты жұлдыз», «Астероид», «Спутник» ұғымдары, негізгі жұлдыз жүйелері;

Күн және күн жүйесі, ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты;

ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы;

2) «Жер біздің ғаламшарымыз (11 сағат):

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы;

Ай – Жердің серігі, Жердің глобуста және карталарда бейнеленуі;

Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера, Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар, материктер мен аралдар;

гидросфера – Жердің су қабығы, гидросфераның негізгі компоненттері, Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау;

атмосфера – Жердің ауа қабаты, ауа, оның құрамы, атмосфералық құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері.

9. «Табиғаттағы денелер мен заттар» бөлімін оқуға 7 сағат бөлінген:

1) физикалық дене, физикалық өлшемдер (ұзындық, масса және дененің салмағы, уақыт, температура, жол, кеңістік), физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, қоршаған ортадағы таза заттар, ерітінділер мен қоспалар, олардың маңызы, заттардың құрамы, диффузия;

физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде, табиғи құбылыстардың көп түрлілігі (жарық, жылулық, дыбыстық, электрлік, магниттік), механикалық қозғалыс, тепе-теңдік, табиғаттағы күштер,

2) №1 практикалық жұмыс «Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеу».

10. «Биосфера – тіршілік ортасы» бөліміне 5 сағат бөлінген:

1) ғаламшардағы тіршілік, өсімдіктердің көп түрлілігі және олардың маңызы (бөлме және дәрілік өсімдіктер), ауыл шаруашылық өсімдіктері;

жануарлардың көп түрлілігі және олардың өзара қарым-қатынасы;

саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, олардың маңызы және көп түрлілігі, бірлестіктердің түрлері;

2) №2 практикалық жұмыс «Өсімдіктерді өсіру технологиясымен танысу».

11. «Табиғат және адам» бөлімін оқуға 5 сағат бөлінген:

1) қоршаған орта және адамның ондағы орны, табиғат байлықтары және оларды тиімді пайдалану;

қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, Қазақстанның «Қызыл кітабы»;

қоршаған ортаның экологиясы, табиғатты қорғау, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау Заңы;

2) шағын зерттеу жобалары.


























Күнтізбелік – тақырыптық жоспар


Жер біздің ғаламшарымыз

11

7

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы

1



8

Ай – Жердің серігі

1



9

Жердің глобуста және карталарда бейнеленуі

1



10

Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера

1



11

Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар

1



12

Материктер мен аралдар

1



13

Гидросфера – Жердің су қабығы

1



14

Гидросфераның негізгі компоненттері

1



15

Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау

1



16

Атмосфера – Жердің ауа қабаты, ауа, оның құрамы

1



17

Атмосфералық құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері

1



Табиғаттағы денелер мен заттар (7 сағат)

18

Физикалық дене

1



19

Физикалық өлшемдер. №1 практикалық жұмыс «Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеу»

1



20

Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия

1



21

Физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде

1



22

Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

1



23

Механикалық қозғалыс, тепе-теңдік

1



24

Табиғаттағы күштер

1



Биосфера – тіршілік ортасы (5 сағат)

25

Ғаламшардағы тіршілік

1



26

Өсімдіктердің көп түрлілігі, ауыл шаруашылық өсімдіктері

1



27

Жануарлардың көп түрлілігі және олардың өзара қарым-қатынасы

1



28

Саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, олардың маңызы және көп түрлілігі

1



29

Бірлестіктердің түрлері. №2 практикалық жұмыс «Өсімдіктерді өсіру технологиясымен танысу»

1



Табиғат және адам (5 сағат)

30

Қоршаған орта және адамның ондағы орны

1



31

Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері

1



32

Қазақстанның «Қызыл кітабы»

1



33

Қоршаған ортаның экологиясы, табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау Заңы

1



34

Шағын зерттеу жобалары

1