Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің георафия пәні мұғалімі Туечиева Ивагүл Қадірқызы
Сабақтың тақырыбы : Ордабасы ауданының жер қоры және топырағы
Мақсаты: Ауданымыздың жер қоры және топырақ жамылғысы туралы үйрету, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас қалыптастыру
Көрнекілігі:Ордабасы ауданының картасы, топырақ типтері (макет), интерактивті тақта
Сабақ түрі: аралас сабақ
сабақ типі: Жаңа материал меңгеру
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, ой ояту сұрақтарын қою
- Жер дегеніміз не?
-Жер қоры дегеніміз не?
-Топырақ деген де көз алдарыңа не елестеп тұр?
Топырақтың қандай түрлерін білесіңдер?
ІІ. Сабақтың тақырыбы айқындалғаннан кейін , оқушыларға Ұлы ғалым Гетеның "Табиғат- әр бір беті үлкен мағыналы жалғыз кітап"деген сөзі айтылды. Не үшін бұл сөзге тоқталдық?-дегенге оқушылар өз ойларын айтады.
«Бой сергіту». ( Ауызша сұраққа жауап алу)
1. Алғашқы жұқа топырақ қабаты осыдан неше жыл бұрын қай кезеңде пайда болған ? ( 500 млн. жыл бұрын кембрии дәуірінде)
2. Топырақтану ғылымын зерттеген ғалым кім? (В. В. Докучаев)
3. Докучаев - топырақтың табиғи дене екенін қай қай ғасырдың, қай жылдарында анықтады? (ХІХ ғасырдың 80 жылдарында)
4. Топырақты құрушы факторларға нелер жатады? ( су, ауа, жылу, өсімдік,тірі ағзалар, климат)
5. Топырақтың негізгі қасиеті не? (Құнарлыы)
6. Топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап, өзгертіп өңдеп шығаратын не? (Шұбалшаңдар)
7. Қандай топырақтар біріккіш келеді? ( Саз бен шірінді)
8. Ал қай топырақтың бірігуі нашар? ( құмды, құмдауытты, саздауытты)
9. Құрылмды топырақ қандай топырақ ? (Құрылымы кесек – түйіршіктерінің көлемі 10 мм)
10. Құрылымы жоқ қандай топырақ?( Түйіршіктері ұсақ)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
Табиғаттың ең құнды бөліктерінің бірі- жер қоры мен топырақ жамылғысына тоқталып өтеміз.
Жер қоры —бұл аудан аумағындағы бүкіл жер құрамы. Ауданымыздың ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі 217299 гектар, оның ішінде егістік жер көлем 80277 гектар, мұның 48270 гектары тәлімі жерлер, 32007 гектары суармалы жерлер. Тыңайған жер 26920 гектар, жайылымдық жер 131616 гектар және көпжылдық қондырғы 514 гектарды құрайды.
Топырақ дегеніміз не? Оқушыларға дұрыс жауапты таңдау тапсырылады:
-Жердің жоғарғы қабаты
-Жердің құммен саздан тұратын қабаты
-Жердің жоғарғы құнарлы қабат
-Жердің құм,саз, су , ауадан тұратын қабаты
Қазір мектеп маңы телімінен топырақ алып келіңдер деп жіберсем, қай жерден , қандай топырақ әкелетін едіңдер-деп және ой тастау.Оқушылар қалай әкелетін айтады.
Ауданымыздың топырақ жамылғысы туралы тоқталып өту.
Топырақ - киелі дүние. Оны түсінген адам ғана оның қыры мен сырына үңіле алады. Осы жағдайларды есепке ала отырып, өзіміздің еліміздің егін шаруашылығына қолданылатын жер көлемін басқа дамыған елдердің қолданыстағы жер көлемімен салыстырып көрейік. Біздің кең байтақ жеріміздің жыртылған егін шаруашылығына қолданылатын жер көлемі жан басына шаққанда басқа дамыған елдерге қарағанда көп.Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компонентернінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ пен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық -түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.
Топырақ –бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің негізі.
Топырақ-барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды.Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе. Ол – барлық материалдық игіліктердің көзі, азық-түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақ еш нәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Сондықтан адамзат қоғамы алдында әлі де маңызды болып қала беретін аса қымбат топырақты көз қарашығындай қорғап, келесі ұрпаққа табыс ету міндеті тұр.
Мұғалім: Тұщы судың тапшылығындай құнарлы топырақта тапшы болып келеді. Онық себеп салдарын өздерің анықтаңдар.Тақтаға "Топырақтың негізгі ластану көздері" деп жазылады
Оқушылар өз білгендерін жазады:
Жел эрозиясы
Су эрозиясы
Тұрмыс қалдықтары (қатты және сұйықтықтар)
Ауыр металдар
Пестицидтер (өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы )
Микротоксиндер (саңырауқұлақтар бөліп шығаратын улы заттар)
Радиоактивті заттар.
Мұғалім: Топырақтың қатты ластануы минералды тыңайтқыштарды және улы химикаттарды шамадан тыс көп қолданудан, оларды дұрыс сақтамаудан және дұрыс тасмалдаудан болады. Көптеген минералды тыңайтқыштар тазартылмаған, сондықтан топыраққа сонымен бірге мышьяк, калий, хром, кобальт, қорғасын, никель, мырыш, селен сіңеді. Сонымен қатар көкөністің құрамында нитраттар көп болады. Нитраттармен улану метагемоглобинемия ауыруын тудырады, яғни оттектің жетіспеуі, анурия – дерттің түзілмеуі, бауыр мен ұйқы безінің ұлғаюына әкеледі. Ағзада нитрозоаминдер түзілсе , онда олар оте күшті концерогендер болады. Пестицидтер топырақтан өсімдіктер арқылы жануарлар ағзасына еніп, олардың сүтіне, етіне, жұмыртқасына, майына көп жиналады. Сосын адамдар мұндай уланған тағамдарды жегенде қатты ауырады.
Топырақтың құрамында сынап болса, ағзада жүйке мен эндокриндік жүйе аурулары, зәр шығару мен жыныс мүшелерінің жұмысы бұзылады.
Суда, топырақта, ауада қорғасынның мөлшері көбейсе, адамның қан түзетін жыныс мүшелерінің, ішкі секреция мүшелерінің жұмысын бұзып, қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеледі. Қорғасынмен уланған адамда паралич (мешел), соқыр, психиканың бұзылуы пайда болады, ал балаларда ақыл-ой жүйесінің дамуы тежеліп, кедеңдік пайда болып, қан қысымы жоғарылайды.
Топырақтағы сынап мөлшерінің артық болуы адам ағзасына қолайсыз әсер етеді: жүйке және қан тамырлар жүйесінің, зәр шығару мүшелерінің аурулары жиі байқалады. Күн сайын біз судағы, тамақтағы қорғасынмен байланысамыз. Алайда қорғасының жоғары мөлшері ішкі секреция бездеріне, репродуктивтік мүшелерге әсер ете отырып, тұрғындарда қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Қорғасын мен уланған кезде толық немесе ішінара сал ауыруы боладады, соқырлық сондай – ақ психикалық ауырулар дамиды. Зерттеулер көрсеткендей қорғасынның қандағы аздаған мөлшерінің өзі балалардың ақыл ойының дамымауына, есту қабілетінің төмендеуіне, қан қысымының артуына әкеледі екен.
ІҮ. Сабақты бекіту
Сабақты бекіту кезінде оқушылардың әр қайсысы өзінің үй маңындағы жер телімінің топырағына сипаттама береді. Құнарлылығына тоқталып өтеді. Алатын өнімдерін айтады.
Ү. Үйге тапсырма.
Өз өлкеміздің топырақ құнарлылығы жылдан жылға қалай өзгеруде, топырақ жамылғысын жақсарту шараларын іздестіріп, шағын жоба жасап келу