Ғарыштық климат қалыптастырушы факторлар 8 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кұні:16.11.2016

Пәні:география

8 А класс

Сабақтың тақырыбы

Ғарыштық климат қалыптастырушы факторлар


Сабақтың мақсаты

Климат туралы түсінік беру. Климаттың алуан түрлілігіне сипаттама беру. Жергілікті жер климатын талдау Оқушыларды климаттық белдеулерді ажырата білуге, картамен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Климат туралы түсініктері кеңейеді. Климаттың алуан түрлілігіне өз бетінше сипаттама береді. Жергілікті жер климатын талдау жасай алады, климаттық белдеулерді ажырата біледі, картамен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамиды

Көрнекілігі

Қазақстанның физикалық картасы, атлас 8 класс,

Негізгі ұғымдар

[link] Тұсаукесер

2. Үй тапсырмасын сұрау

(үй тапысырмасын сұрауға арналған ашық және жабық сұрақтар)

1. Рудалы пайдалы қазбаларға қандай түрлері жатады?

2. Темір ТМД бойынша нешінші орын алады?

3. Сарбай темір кен орнын алғаш кім ашты?

4. Қазақстанда қанша марганец кен орны бар және қай жерлерде?

5. Хром мен никель туралы не білесіз?

6. Алюмини мен Мыс қай аудандарда шоғырланған, қоры жөнінен не білдіңіз?

7. Қазақстанда алтын қоры қандай?

8.Сирек кездесетін металдар қандай метал?

9.Рудалы сөзінің антонимі қандай?

Негізгі бөлім

Ой қозғау

Перфокарта

Оқушыларға сұрақ қою: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай ролі бар? Күн радиациясы ұғымына анықтама беріп, өлшем бірлігін айтады: Радиация дегеніміз не?

Күн радиациясының географиялық ендік бойынша таралуынды оқулықтың 84-85 беттеріндегі Қазақстан аумағының жиынтық күн радиациясы картасымен жұмыс істеуге тапсырма беру:

1топ. Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз және Шымкент, қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.

2топ. Қазақстан аумағындағы 66° меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?

3топ. Бір ендік бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?

4топ. Алынған фактілерді пайдалана отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңдар.

Есеп шығару

1-есеп жеке жұмыс

Алматы мен Владивосток шамамен бір ендікте орналасқан, бірақ жазда Алматыда Владивостокқа қарағанда t жоғары. Неге екенін түсіндір?

2-есеп

Қостанай мен мәскеу қалалары шамамен бір ендікте орналасқан, бірақ қыс Қостанайға қарағанда Мәскеуде жұмсақтау. Неге екенін түсіндір? Қорытынды жаса

Қоыртынды

Венн диаграммасы

1 топ Тура мен шашыранды күн радиациясын салыстыру

2топ жұтылған мен жиынтық күн радиациясын салыстыру

3 топ Тура мен жұтылған күн радиациясын салыстыру

4 топ шағылысқан мен жиынтық күн радиациясын салыстыру

Бағалау

Тақырыпты ашу тереңдігі

Тақырып ашылмаған -0 ұпай

Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай

Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай

Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай


Үйге тапсырма

Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру.