Күні: Класы: 6 Пәні: география
Сабақтың тақырыбы:
Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға карталарды мазмұнына және масштабына қарай талдау және ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Экономикалық тәрбие беру, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шартты белгілер жайлы түсінігін тереңдету және карталарды ерекшеліктеріне қарай қолдана алу білімдерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: Атлас,дүниежүзінің саяси,физикалық карталары.
Сабақ барысы.
Үй тапсырмасын және өткен тақырыпты қайталау.
«Миға шабуыл»
1) Бүкіл жер шарын қандай картадан бірден көруге болады?
2) 135 градус азимут қандай көкжиек тұсына сәйкес келеді?
3) Астанадан Алматыға бару үшін қай бағытта қозғалуымыз керек?
4) Азимут дегеніміз не?
5) Масштаб дегеніміз не?Масштабтың қандай түрлері бар?
6) Географиялық координата дегеніміз не?
7) Географиялық ендік және бойлық дегеніміз не?
8) Географиялық тор дегеніміз не?
9) Абсолютті биіктік нені көрсетеді?
10) Салыстырмалы биіктік деп нені айтады?
Үй тапсырмасын бекіту.
Глобус немесе жарты шарлар картасын пайдаланып,берілген географиялық координаталар бойынша объектілердің орындарын анықтаңдар.
Географиялық координаталар Географиялық объектілер
1 60о с.е. және 30о ш.б.
2 30о с.е. және 30о ш.б.
3 34о о.е. және 20о ш.б.
4 0о с.е. және 50о б.б.
5 10о с.е. және 80о б.б.
Жаңа сабақ.
МАЗМҰНЫ БОЙЫНША. ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЫҚ
Жер бетіндегі барлық нысандар-жер бедері, сулар, өсімдіктер, елді мекендер, қатынас жолдары, шекаралар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір көріністері және т.с.с. бейнеленеді.
ТАҚЫРЫПТЫҚ
Жалпы географиялық карталардың негізінде жасалады. Оларда табиғат құбылыстарының,шаруа-
шылық салалары-ның,халықтың саяси-әлеуметтік жағдайла- рының жеке бір түрі арнайы көрсетіледі
Карталар қамтитын аумағына қарай 4-ке бөлінеді: жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы,материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар.
ІРІ 1:100 000 және одан ірі
(ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР)
Масштабы бойынша
ОРТА 1:200 000 - 1:1000 000
(ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ)
ҰСАҚ - 1:1000 000 - тан ұсақ
(ШОЛУ КАРТАЛАРЫ)
Жаңа сабақты бекіту:
1) Географиялық карталар қандай түрге бөлінеді?
2) Мазмұнына және масштабына қарай карталар қандай топқа
ажыратылады?
3) Қамтитын аумағы бойынша карталар қалай аталады?
4) Жалпы географиялық карталардың ерекшеліктері неде?
5) Қазақстанның физикалқ картасы мазмұны және масштабы жөнінен қай топқа жатады?
6) Топографиялық карталар несімен ерекшеленеді?
Үйге тапсырма: & 14 оқу,мазмұндау.