География пәнінен әдістеме. Тақырыбы: География, тарих сабақтарында тренингтерді өткізу әдістемесі.9-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: География, тарих сабақтарында тренингтерді өткізу әдістемесі.


  • Тренинг туралы ұғым

  • Тренингтің мақсаты: Ойлау, топтасу, түсіндіру, түсіну, үйрету, жаттықтыру, жарату, ой тастау, қорытылған ойды, ұғымды іс жүзіне асыру.

  • Іске асыру жолдары: 1. Үйрету

2. Білімін жетілдіру

3. Дамыту.

Үйрету

  • Болашақта атқарылатын істің нәтижелі болып шығуына бағыт-бағдар беру.

  • Атқарылатын істің маңызын, мақсатын түсіндіру, қоғамға, айналадағы ортаға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұйымдастыру қабілетін, тіл байлығын жетілдіру туралы тәсілдерді үйрету.

  • Ойындағы ашылмай жүрген әр түрлі қабілетті шығару.

  • Атқарылатын жұмысты жоспарлап, тез арада іске қосылдырту.

  • Орындаған ісін қорғата білу.


Білімін жетілдіру

  • Өмірден алған өнері мен білімін жаңа талап, бағдарламаға сай өзгерту арқылы қабілетін жетілдіруді тереңдете отырып, үнемі өзгерту.

  • Адамды нұсқау арқылы іске қосып, жұмыстың орындалуын жүзеге асыру.

  • Жұмыс жағдайында тренингтің адамға беретін пайдасын түсіндіру үшін әртүрлі әдістердің жолын іздеу.

  • Мемлекеттің конституциясы, қоғамның дамуы үшін шығып жатқан қаулы-қарарларды, білім заңының мақсатын меңгерте отырып, болашақ атқарылатын жұмыс ауқымын қамтуға дағдылану.

  • Тәрбие ісінде әлеуметтік және интелектуалдық дағдылар мен бағыттарды дамытуға мүмкіндік беретін жаңа ұтымды әдістер жасау.

  • Оқушылардың белсенді, бірлесе отырып, сын көзбен талдау жасауға негізделген тәрбие жолдарын істестіру.


Білімін дамыту

  • Алған теориялық білім, үйренген қабілетін өзінің мүмкіншілігін керекті жағдайда іс-әрекетіне жаратып отыру.

  • Берілген тапсырманы, мақсатын белсенді түрде тренингті әдіспен оқытып тәрбиелеу.

  • Бірлескен топпен жұмыс істеу, рөлдерге бөліп ойын жүргізу.

  • Жекелеп, жұппен және топпен оқытып тәрбиелеу.

  • Сондай-ақ жобалар жасап, атқарылған жұмыстарына талдау әдістерін көрсету. Яғни өзінің әдістеріне, қабілетіне тояттап, тұрақтап қалмай білімін, өнерін үнемі дамытып отыру.

  • Халқымыз өнер білім іздену, дамыту туралы: «Өнерлі өрге жүзеді», «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болу керек» деген философиялық қанатты сөзді үнемі назарда ұстаған.


Тренингті ұйымдастыру жолдарының үлгісі

  • Топ болып дөңгеленіп отырады.

  • Әртүрлі дайындық жаттығулар жасайды.

  • Бір-бірімен танысу үшін жақсы көретін жеміс немесе гүлді айтып, содан кейін атын атайды.

  • Бір-бірінің арқасына жақсы сөз жазып, жапсырады. Ал жапсыртқан адам арқасына не жазылғанды табу керек. Бұл бір көргеннен адамды тану және өзін-өзі түсінуге көмек береді.

  • Бір-біріне қарсы тұрып, көздерін жұмып, қарсы тұрған адамның кім екенін айтады. (бұл есте сақтау қөабілетін дамытады).


Тренингтің мақсаты

  • Адам болашақ тұлға ретінде дамиды. Жеке адам болып, өз өмірін әрдайым анықтап отыруды алдына мақсат тұтады.

  • Сондықтан тренинг арқылы адамдардың қаншалықты тұлға болып қалыптасқаны, сөйлесу, пікірлесу арқылы және т.б. Қарым-қатынас арқылы білу.

  • Осының бәрі ойын процесімен өтеді.

  • Сонымен тренинг арқылы бір-біріміздің сана-сезімізге, ішкі-сыртқы сөйлесуімізге, өзімізді бақылауға және өзімізді бейнелі өзгертуге көмектесу.

  • Олардың бойына жете білушілік қабілетті дамуту, яғни белгілі бір қабілетті, құбылысты немесе оқиғаны терең әрі соған сай бара-бар түсіну.

  • Дұрыс бағалау және өз білімін соған сәйкес қолдану.

  • Жете білушілік тек білімдіктен көрінбейді, сонымен қатар жеке адамның дүниеге көз қарасынан, қоғам, табиғат, адамдардың қарым-қатынасы туралы жалпы пікірлесу деңгей-дәрежесімен бағаланады.

  • Білімді игеруге әркімді тікелей қатыстырып және тренинг тобындағы басқа оқушылар мен тығыз байланысты етіп, оқыту жалпы мәдениетті терең білу мақсатныа негізделген.

  • Тренинг әдісінде оқушылар көп нәрсені іс-әрекет үстінде, өмір ағымына арласу үрдісінде үйренеді.

  • Трең білімді қоғам мен ел алдындағы жауапкершілікті сезінетін білікті азаматты тәрбеилеуге мүмкіндік береді.


Оқу-тәрбие жұмысының тренинг пирамидасының мақсаты

  • Көп жағдайжа дәріс беру оқытудың тиімді әдісі болып табылады.

  • Бірақ оқытып үйретуді барынша мазмұнды да тартымды етіп өткізу, әрі оқушының белсенділігін арттыру үшін мұғалім оқытудың дәрістік шеңберіне шығуы қажет, бірақ бұл әдісті сабақ өткізу түрінде теріс пайдаланбауы қажет.

  • Тікелей ақпарат беру арқылы мұғалім жаңа сабақ пен дағдыны игеруді жеңілдететін тапсырманы әзірлей отырып, оқушылардың білуіне жол ашуы керек. Бұл жағдайда оқыту тиімділігі арта түседі.

  • Аталған әдісте зерттеу, сондай-ақ пікір-талас пен дәріс оқу маңызды элемент болып табылады.

  • Егер оқушы тым енжарлық танытса, онда мұғалім пікір-таласты жандандыра түсіп, оған оқушыларды қатыстьыра білу қажет.

  • Оқушылар сыныптағы жұмысқа барынша белсенді қатысқан сайын, олардың саббақа деген ынтасы мен сенімділігі арта түседі.

  • Мұғалім мен оқушылардың ойын мен тәжірибе сабағына қызығушылығы оқушылар үшін әсерлі ойын тәсілі болса, мұғалім үшін сабақты меңгерту.

  • Ойын түрінде өтетін сабақтар оқушыны мектеп қабырғасынан кейінгі өмірге дайындайды. Бала үшін не істеуі жаттап, есінде сақтаудан көрі, іс жүзінде көріп, өзін сол рөлге қойып, шешім қабылдау әлде қайда қызық. Осындай ойын түрі «имитациялық» түр деп аталады.

  • Оқытудың мұндай түрі, оқушылардың ойын немесе тәжірибе барысында қарым-қатынасынтың әртүрлі тәсілдері мен жолдарына талдау жасап, келісті шешімдер қабылдап, әртүрлі адамдардың ойын тыңдап, қысқа да нақты, әрі дәл сұрақ беріге үйренеді.


Ұжымдастыру қабілетін зерттеп қорыту.

  • Топтағы адамдар бір-біріне жақсы сөздер мен аранулар айтуы керек.

  • Тәрбиеленушінің қандай тұлға болып қалыптасқанын қалайды, соны айтып дәлелдеуі керек.

  • Өзінің болашақ ағымдағы өмірін өзгерткісі келе ме, келсе нені өзгерткісі келеді.

  • Тренингтен нені ұқтыңыз, оны өз өміріңізге пайдаланасыз ба?

Өзін-өзі бағалауы

  • Екі адам бір көріністі үнсіз визуалды ойнап, топқа көрсетеді. Топтағы адамдар кезекпен оны қандай көрініс екенін әңгімелеп береді.

  • Бұл жерде оқушының зеректігін байқауға болады.

  • Сурет беріледі, олар суретке қарап, әңгіме айтып, тәрбиенің маңызын ашып береді.

Сезім қабілетін байқау

  • Парақ таратылады да оған дөңгелек салу бұйрығы беріледі. Жан-жағына таяқшалар қоюды ұсынады. Қанша сызықша қойылса, сонша жақсы қасиетті сөз айту керектігі айтылады.