Бекітемін:________________________
Пәні: қазақстанның физикалық географиясы 8А класс
Сабақтың тақырыбы
Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері .
Сабақтың мақсаты
Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекеттеріне тигізетін әсері туралы түсінік қалыптастыру . Алған білімдерін өмірде қолдана алуына көмектесу. Картамен жұмыс істеу шеберлігін арттыру . Өз бетімен оқуын ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже
Атмосфералық құбылыстар туралы білімдері толығады.
• Оқушы жеке өз бетімен жұмыс жасайды, пәнге деген қызығушылығын,
жауапкершілігін арттырады.
• Сұрақтарды талқылауға қатыса алады, бір – бірін тыңдай біледі.
• Жалпы ой – өрісі дамып, сабақтың тәрбиелік мәні ұлғаяды.
• Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы
дамиды.
Көрнекілігі
видеоролик , Қазақстанның климат картасы , суреттер .
кіріспе
1 Ұйымдастыру кезеңі
А) Сабаққа оқушылардың қатысуын тексеру .
Ә) Көңіл – күйлерін анықтау, топтарға бөлу
Күн, Бұлт, Жауын-шашын суреті бар қима картиналармен 4 топқа бөлінеді
тұсаукесер
II Үй тапсырмасын тексеру
1 « Менің білетін деректерім »
1-сұрақ: Қазақстан жерінде жауын-шашынның аз түсуі мен әркелкі түсу себептері.
2-сұрақ: Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері.
3-сұрақ: Қазақстанда жауын-шашынның ең көп және ең аз жауатын аймағы.
4-сұрақ: Ылңалдану коэффициенті дегеніміз не? К=1, К↓,К↑.
Негізгі бөлім
III Жаңа сабақ
1 «Менің мұны білгенім жөн»
Жаңа тақырыпты оқушыларға сұрақтар қоя отырып ашу.
Адам баласының тіршілігі үшін жарық пен жылудың , ауаның қажет екендігі бізге белгілі. Адам баласы климат қорларын маңызды емдеу факторлары ретінде қолдануына болады. Медициналық және курорттық , климатология ғалымдары бірқатар климат элементтерін (күн радиациясы, температура, ылғалдылық, жел) кешендік сипаттаумен шұғылданады. «Комфорт зонасы» климат элеметтерінің үйлесімділігі адамның көңіл күйіне жайлы әсер етеді . Қазақстанның көп жеріндегі климат адамдардың денсаулығына тиімді.Климаттың ауыл шаруашылығына тигізеттін әсері де мол. Бірақ адамның шаруашылық әрекеттерініңде климатқа тигізер әсері ерекше. Әр түрлі отындарды жағу нәтижесінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері шамадан тыс көбеюде. Ал атмосфераның жер бетіне таяу қабатында орташа температура 1⁰ – 2⁰-қа артуда.
2. Фотослайд және видеоролик
3 Мәтінмен жұмыс . Топтарға мәтінді бөліп беру.Мәтіндерді өз бетінше оқып, талқылайды, жаңа мағлұматтармен толықтырады.Суреттерге түсініктемелер береді.
1-ші топтың мәтінмен жұмысы
Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60 -70 градусқа дейін қызады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел - аңызақ тән . Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрлеше болады. Дала зонасында 5-10 күндей, шөлейт зонасында 40 күн, шөл зонасында яғни Қызылқұмда -100 күн . Қазақстан жерінде қуаншылық соңғы 20 жылда 4 рет болды. Орта Азия мен Иранның үстінде қалыптасқан тропиктік ауа массалары көбіне республикамыздың оңтүстік аймақтарында жоғары температура қалыптастырып, өз кезегінде жерді құрғатып жібереді. Қуаншылықтың ауыл шаруашылығына әкелетін зианы көп, жем-шөп қоры кеміп, екпе дақыл өнімдері азаяды.
2-ші топтың мәтінмен жұмысы
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі-- шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шанды дауыл ауа құрғақ кезде , борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді . Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20-38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55-60 күн болады . Жылдамдығы 15- 20 м / сек-тан немесе сағатына 72 км / сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды.Көлдерде балық аулауға кедергі етеді, жол қатынасын қиындатады.
3-ші топтың мәтінмен жұмысы
Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сүраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы , қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. ТАмаша табиғат ,таза климат адамның күш- қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі.Ядролық жаылыстар, ұшырылған зымырандар, заводтардан шыққан қалдықтар атмосфераны ластап климаттың өзгеруне алып келді Ал климаттың өзгеруі адамның денсаулығына кері зардабын тигізуде.
4-ші топтың мәтінмен жұмысы
Сыртқы апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамыздың таулы аудандарында сел,қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік аймақтарда 2724 мұздық бар.Осылардың еруінен және қардың қалын түсуіне байланысты күшті сел тасқындары болып тұрады. Апатты сел тасқындары 1921 жылы Алматыда , 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде , 2010 жылы Қызылағаштағы су тасқыны зор материалдық және адам шығынын әкелді. Мұндай құбылыстар мал шаруашылығы мен адам өміріне тигізер әсері бар, транспорттық апаттар , байланыс және энергия желілеріне үзілістер туғызады.
Айналмалы бекеттер әдісі арқылы өздерінің идеясына сүйіне отырып , мәтінді толық менгеруін көздейді .
4.Картамен жұмыс :
топ: Ормандары кесілген аймақты картадан көрсету.Оның нәтижесін түсіндіру.
Топ: Қолдан жасалған су қоймаларын картадан көрсету. Оның климатқа әсерін түсіндіру.
Топ: Антарктида мен Гренландияның және тау мұздықтарын картадан көрсету. Мұздықтардың еру себептерін түсіндіру.
топ: Қазақстанның қай бөлігіндегі климат астық шаруашылығын дамытуға жағдай жасайды.Сол бөлікті картадан көрсету.
5. Құндылықтар спекторы : Жаңа тақырып бойынша меңгерген құнды білімдері мен пікірлерін айту
қорытынды
Видеоролик . Климаттың өзгерісі адамның денсаулығына және шаруашылық әрекетіне қолайсыз әсерін тигізетіні анықталған. Сондықтан қазіргі кезде адамзаттың алдына атмосфераны ластаудан сақтау, климаттық жағымсыз өзгерістеріне жол бермеу мәселесі қойылып отыр.
Кері байланыс
INSERT стратегиясы
бағалау
топты бағалау, өзін бағалау, жұптық бағалау.
Үйге тапсырма
1. Қазақстанның оңтүстігінде вегетация кезеңі 180 күннен астам .Күннің жылуы мен сәуленің молдылығы ....
2. Қауыртты атмосфералық құбылыстар жайында қызықты мағлұматтар жинақтау