Панорамалық сабақ Қызыл Кітап

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
















Панорамалық сабақ


Тақырыбы: Қазақстанның «Қызыл кітабы»









Пәні: Жаратылыстану

Сыныбы : 5 «Ә»

Пән мұғалімі: Ж. Күмісбай














2015-2016 оқу жылы


Бекітемін: ____________________

МДОІЖО: Т. Дүйсенғалиқызы

Пәні: Жаратылыстану

Мерзімі: 30 сәуір 2016 жыл

Сыныбы: 5 «Ә»

Пән мұғалімі: Ж. Күмісбай


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның «Қызыл кітабы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қызыл кітап және оның адам өміріндегі, табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы мағлұматтар беру.

Дамытушылық: Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, презентация, бейнероликтер, кеспе қағаздар.

Сабақтың әдісі: «ДЖИГСО» әдісі, «Ортадағы қаламсап» әдісі, «Автор орындығы» әдісі, «Егер де мен...» стратегиясы, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын сұрау

III Жаңа тақырыпты ашу

IV Жаңа сабақты бекіту

V Үйге тапсырма беру

VI Оқушыларды бағалау


Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары («Ортадағы қаламсап» әдісі):

1. Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Бір елдің аумағында жүргізілетін табиғат қорғау шаралары қалай аталады? (Ұлттық табиғат қорғау шаралары)

3. Барлық елдерге тән табиғат қорғау шаралары қалай аталады? (Халықаралық деңгейдегі табиғат қорғау)

4. ГРИНПИС (GREEN PEASE) қандай ұйым? (Табиғатты қорғау жөніндегі ұйым)

5. Қорық дегеніміз не? (Жойылып және саны азайып бара жатқан өсімдік пен жануар түрлерін, табиғатты қорғау, сақтау мақсатында құрылған қорғалатын аумақтар)

6. Дүние жүзінде қанша қорық бар? (200-ден астам)

7. Қаратау жотасындағы дәрілік өсімдіктерді қорғау мақсатында ашылған қорық (Қаратау қорығы)

8. Реликті шағала қай қорықта мекендейді? (Алакөл қорығы)

9. Батыс Алтай қорығында тіршілік ететін тау жануары (Марал)

10. Қазақстанда қандай ұлттық саябақтар бар? (Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау, т.б.)


Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу (1-топ: «Өсімдіктер» тобы, 2-топ: «Жануарлар» тобы, 3-топ: «Қорықтар» тобы)


Жаңа тақырыпты жазу

Бейнеролик «Қызыл кітап дегеніміз не?»

Жаңа тақырып бойынша осы күнге дейінгі білімдерін және бейнеролик материалдарын қолдана отырып постер қорғау: Қазақстаннның «Қызыл кітабы»


Бейнеролик «Қызыл кітапқа енген жануарлар»


Жаңа сабақты бекіту

«Автор орындығына» әр топтан бір оқушы шығып, отырады, қалған топтар сол оқушыға тақырып бойынша түрлі сұрақтар қояды.


Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадағы бейнероликке қарап би қимылдарын орындау


«Егер де мен...» стратегиясы: Оқушылар дәптерлеріне шағын эссе жазып, тапсырманы орындайды.


Сабақты қорытындылау. Қызыл кітап деген не? Неге ол қызыл деп аталады? Қызыл кітапқа қандай жағдайда өсімдіктер мен жануарлар енгізіледі? Қызыл кітаптан өсімдіктер мен жануарларды шығарып тастауға бола ма?

Кері байланыс «Почта жәшігі» (оқушылар сабақтан алған әсерлерін почта жәшігіне салады)


Үйге тапсырма: Қазақстанның «Қызыл кітабы» (оқу), өз облысымыздың аумағындағы жойылып және сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды жазып келу.


Оқушыларды бағалау.