№ 49 Бел негізгі мектебі
Тақырыбы: «Биосфера ұғымы, биосфераның шекаралары»
Ашық сабақ
6 cынып
Орындаған: Құтманбаева Д.Х.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Биосфера ұғымы. Биосфераның шекаралары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға биосфера туралы түсінік беріп, биосфера ұғымын қалыптастыру, табиғатының біртұтас екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыны жайдан күрделіге принципті белсенділігін арттыруға өздігінен ізденуге, сабақта алған білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Табиғатының тұтастығын, сұлулығын тануға, аялауға қорғауға үйрету.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, кесте толтыру
Көрнекіліктер: Дүниежүзінің физикалық картасы,атлас, суреттер
І.Амандасу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлау.
ІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Табиғат дегеніміз не?
Табиғат қандай топқа бөлінеді?
Жердің қандай қабаттары бар?
Жердің тіршілік қабаты қалай аталады ?
Тірі ағзалардың түрлерін атаңдар.
Өсімдіктер, жануарлар және майда ағзалар неліктен тірі ағзаларға жатады ?
Тіршілік, әсіресе тікелей жер бетінде және гидросфераның 200 метр тереңдікке дейінгі беткі қабатында көп шоғырланған. Оның себебі неде ?
Бос орынға тиісті сөздерді жаз.
1-тапсырма: Биосфера дегеніміз жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы. Грекше биосфера биос – тіршілік, сфера - шар деген ұғымды білдіреді.
2-тапсырма: Биосфера жөніндегі алғашқы ғылыми ой-пікірлер атақты орыс ғалымы В.И.Вернадский еңбектерінде де кездеседі.
3-тапсырма: Биосфера қабатының қалыңдығы 20-30 км.
4-тапсырма: Ағзалар бір-бірімен және табиғи ортамен тығыз байланысты.
5-тапсырма: Биоценоз дегеніміз жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендеген өсімдіктер, жануарлар және майда ағзалар бірлестігі биоценоз деп аталады.
Жаңа сабқты түсіндіру
Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады.
Биос-тіршілік, сфера-шар грекше.
Биосфера туралы ілімнің негізін салушы ұлы орыс табиғат зерттеушісі Владимир Иванович Вернадский. Биосфераның жоғарғы және төменгі шекаралары тіршілікке
жарамды жағдайлардың шегімен анықталады.
Жоғарғы шекара тірі ағзаларды құртып жіберетін әсіресе күлгін сәулелерді ұстап қалатын озон қабатына сәйкес. Бұл қабат орта есеппен жер білігінен 20км биіктікке орналасқан деп есептелінеді. Төменгі шекара жер қойнауында температурасы +100ºС –қа жететін тереңдікте, 3-10 км аралығында. Сонда биосфера қабатының қалыңдығы 20-30км шамасында болады. Биосфера шекарасы. (суреті)
Осы қабықшадағы тірі ағзалардың басты ерекшелігі көбейгіштігі. Бір ғана бактерияның ұрпағы кедергісіз көбейіп, сақталып отырған жағдайда 108 сағатта Дүниежүзілік мұхитты толтырар еді.
Екінші қасиеті-тіршілік жағдайына икемділігі. Микроағзалар-жердің мәңгі тоң қабатында да, ыстық гейзерлерде де тіршілік етеді. Солардың кейбіреулері тұзды суда, қалыпты жағдайдан 3млн есе көп радиация шығаратын атом реакторларында да кездеседі. Әр түрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі ағзалар ауада, суда жер қыртысында таралған. Ағзалар жердің литосфера қабығында аздаған тереңдікке өтеді. Олардың терең қабатында таралуына жер қойнауының температурасы кедергі жасайды. Температура жер қыртысында тереңдеген сайын артып +100ºС-тан асып кетеді. Сондықтан бактериялар әрі дегенде 4 км тереңдіктен табылған. Мұхиттағы тіршілік үлкен тереңдікте таралған, тіпті терең шұңғымалардан табылған. Тіршілік таралуының жоғарғы шегі стратосфераның озон қабатына дейін барады. Ауа ағындары бактерияларды 20-22 км биіктікке дейін таратады. 6км-ден астам биіктікте өрмекшілер, көбелектер байқалған. Тіршілік жер бетінде және гидросфераның 200 м тереңдікке дейінгі беткі қабатта көп шоғырланған. Сонымен тіршілік литосфераның бет жағын, атмосфераның төменгі қабатын, гидросфераны түгелдей қамтиды. Өсімдіктер, жануарлар, майда ағзалар құрлықтың немесе судың белгілі бір алқабына шоғырланады. Олар бір-бірімен және табиғи ортамен тығыз байланыста болады. Өсімдік-өлі табиғаттың заттарынан минералдық тұздардан, судан, көмірқышқыл газынан күн сәулесінен тіршілік үшін қасиетті зат түзеді, оттекті бөліп шығарады. Өсімдікті шөп қоректі өсімдік жеп күнелтеді. Өз кезегінде шөп қоректілер жыртқыштарға жем болады. Олардың қалдықтарын майда ағзалар ыдыратып, өңдеп оны қайтадан өсімдіктер бойына сіңіретін қоректік затқа айналдырады. Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды. Жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар, майда ағзалар бірлестігін биоценоз деп атайды. (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ). Биоценозға мысал ретінде батпақ, көл, шалғын, құмды шөл, сор атауға болады. Біздің жеріміздің құмды шөл, шөлейт өсімдіктері, тікенек, қия, жусан, алабота, жануарлары бауырымен жорғалаушылар, бүйі, бозторғай т. б. атауға болады.
Кестені толтыр
Венн диаграммамасы арқылы ағзалардың жер қойнауында және жоғарғы шегіндегі таралуын салыстыр.
Жоғарғы шегінде Ұқсастығы Жер қойнауында
Екеуі де тіршілікке жарамды және қолайлы
Ағзалар жердің қатты қабығына аздаған тереңдікке ғана өтеді. Олардың терең қабатқа таралуына жер қойнауының жоғарғы температурасы кедергі жасайды. Температура жер қыртысында тереңдік бойынша арта отырып, 1.5-15км аралығында +100ºС-ден асып кетеді. Сондықтан бактериялар әрі дегенде 4 км тереңдікте таралған.
Тақырыптың басты идеясын жаз....................................................................
Сен қалай ойлайсың ?
Тірі ағзалардың басты ерекшелігі неде ?
«Мен биосфераның бір бөлшегімін» тақырыбына эссе жаз.
Қорытынды.
1. Биосфера дегеніміз не, грекше биосфера қандай ұғым береді ?
2. Биоценоз дегеніміз не ?
3. Биосфера қабығының қалыңдығы қанша километр ?
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.
М.Мақатаев
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ол анаң ғой, ол сен кенже ұлысың.- деп М.Мақатаевтың өлең жырларымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Өзіміз тіршілік етіп отырған қоршаған ортаны күтіп аялай білейік!
Бағалау
Үйге тапсырма. Биосфера ұғымы, биосфера шекаралары §49