План урока по погеографии на тему Еуразия пайдалы қазбалары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Бозой елді – мекені

Бозой орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Куптилеуова Айнур Нурлыбаевна

Сынып: 7

Сабақ тақырыбы: §16-17. Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары.


Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, аласа таулары мен биік таулары және пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру

Сабақ міндеті:

1.Білімдік: Оқушыларға Еуразия жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, аласа таулары мен биік таулары және пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру.


2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.

3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, карточкамен жұмыс;

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, карточкалар, интерактивті тақта;

Кездесетін терминдер:

Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақ түсіндірілместен бұрын мынадай сұрақтар қойылады, балалар сұрақтарға жауап береді.

Жер қыртысы деген не?

Платформа дегеніміз не, олардың бірнеше ірілерін атаңдар.

Геосинклиналь дегеніміз не, оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?


Материктің жер бедері алуан түрлі. Оны біздер қайдан білеміз?

Бір оқушы жауап береді.


Еуразияның физикалық картасынан түстер шкаласы арқылы білеміз, картада жасыл түс, сары түс, қоңырқай түс, қою қоңыр түстер көрсетілген. Ол Еуразия материгінің жер бедерінің алуан түрлі екенін, яғни жазықтар, үстірттер мен қыраттар және аласа – биік таулардың кездесетінін көреміз.

Өте жақсы.

Материктің орташа биіктігі- 840 м. Ауданының жартысынан астамын таулар алып жатыр.

Ең биік нүктесі қандай?

Ең биік нүктесі Джомолунгма шыңы, 8848 м. (Балалар картадан көрсетеді)

Ең төмен жатқан нүктесі қандай?

Ең төмен жатқан нүктесі- Өлі теңіз маңы, -403 м. (Балалар картадан көрсетеді)

Ежелгі плиталары қандай?

Материктегі ең ежелгі плиталар - Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, және Оңтүстік Қытай платформалары. (Балалар картадан көрсетеді)


Видео-фильм көрсетіледі.


Еуразия материгі арқылы Дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді.

Альпі - Гималай белдеуі

Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуі

Осы белдеулерді кім көрсете алады?


Балалардың бірі Альпі - Гималай геосинклинальдық белдеуін көрсетеді, екіншісі Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуін картадан көрсетеді.


Осы геосинклинальдық белдеулерде жер сілкінулер, жанартау атқылау, гейзерлер, жағалауларда цунами жиі болып тұрады.

Олай болса, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:

жер сілкіну не себептен болады?

Гейзер деген не?

Цунами дегеннің не екенін білесіңдер ме?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған.

Балалар - Еуропада орналасқан жазықтар мен тауларды атап, көрсетеді. Шығыс Еуропа жазығы, Дунай бойы ойпаты, Скандинавия,Орал аласа таулары, Альпі, Карпат, Пиреней, Апеннин және түбектерінің биік таулары.

Азияның ¾ бөлігін таулы үстірттер мен қыраттар және тау жоталары алып жатыр. Жазықтар солтүстікте, жазықтардың оңтүстігінде таулар орналасқан. Олар- Алтай, Саян, Солтүстік-Шығыс сібір таулары, Қиыр Шығыс таулары. Оған батыстан шығысқа қарай Кіші Азия түбегінің таулары, Кавказ таулары, Иран таулы қыраты және Биік Азия таулары. Картадан мұғалім көрсетеді.

Таулы аймақтарда жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңғар, Ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған.

Еуразия пайдалы қазбалары.


Еуразия пайдалы қазбаларға бай болып келеді. Пайдалы қазбаларды 2-ге бөледі. Магмалық және шөгінді.

Магмалық пайдалы қазбалар - Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі.

Темір –Үндістанда, Қытайдың солүстік-шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы), Скандинавия түбегінде орналасқан.

Асыл тастар- сапфир, рубин - Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында .

Шөгінді пайдалы қазбалар – теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған.

Мұнай мен газ - Парсы шығанағы, Солтүстік және Жерорта теңіздері, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпатында, Каспий теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында кездеседі.

Тас көмір – Еуропада- Уэлс,Жоғарғы Силезия, Рур және Донец, Кузнец, қарағанды алаптары.

Фосфорит- Қаратау тауы,

Алюминий – Қазақстанда, Ұлы қытай жазығында, Альпіде.



Пайдалы қазбалар картасы презентация арқылы көрсетіледі. Мұғалім Еуразия материгінің пайдалы қазбаларын картадан көрсетеді.


Бекіту.

Әр баланың алдына тапсырмалар топтамасы және бағалау парағы беріледі. Барлық тапсырмаларды орындап біткенде тексеріледі. Балалар орындаған тапсырмаларды өздері тексеріп, өздері бағалау критерийі бойынша бағалайды.

1-тапсырма. «Анықтаңдар»

Осы таулар қандай геосинклиналдық белдеуге жататынын анықтаңдар:

(Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі)


Альпі – Гималай геосинклиналдық белдеуіне жататын таулар:




Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуге жататын таулар:




Кракатау жанартауы

«Отты шеңбер»

Кавказ таулары

Памир тауы

Иран таулы қыраты

Жапония аралдары таулары

Тибет таулы қыраты

Гималай тауы

Альпі тауы

Ключи шоқысы

Карпат тауы

Ява аралы жанартаулары


Жауаптары:


Альпі – Гималай геосинклиналдық белдеуіне жататын таулар:


C,D,E,G,H, I,K,


Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуге жататын таулар:


A,B,F,J, L,


2-тапсырма. «Сәйкестігін тап»

Пайдалы қазбалардың сәйкестігін табыңдар.

(Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі)


Каспий теңізі қайраңы және Каспий маңы ойпаты

Фосфорит кен орындары

Қаратау тауларында

мұнай мен газ




Парсы шығанағы

қалайы – вольфрам



Қарағанды алабы

Темір



Батыс Cібір жазығында

Асыл тастар- сапфир, рубин

Үндістан түбегі мен Шри – Ланка аралы

тас көмір



Скандинавия түбегінде

b) мұнай мен газ




Еуразияның шығыс бөлігі

b) мұнай мен газ



Жауаптары:

1-b

2-a

3-b

4-f

5-b

6-e

7-d

8-c


3-тапсырма. «Тау шыңдары» ойыны.

Тау шыңдарының географиялық координатасы беріледі. Қандай таудың шыңы екенін табу керек. (әр тапсырма 1 ұпаймен есептеледі)

Интерактивті картада балалар жазады.

290 с.е. 890 ш.б.

650 с.е. 590 ш.б.

550 с.е. 1600 ш.б.

Жауаптары:

290 с.е. 890 ш.б. – Эверест шыңы

650 с.е. 590 ш.б. - Народная шыңы

550 с.е. 1600 ш.б. - Ключи шоқысы


4-тапсырма. «Еуразияның жер бедері сандық диктанты»

Сандармен көрсетілген кескін карта беріледі. Картаның шартты белгісіне сандар көрсетіледі. Сол сандарға қандай тау екенін – атауын жазыңдар.

(Әр тапсырма 1 ұпаймен есептеледі)


Жауаптары:

Орал тауы

Кавказ тауы

Шығыс Еуропа жызығы

Каспий маңы ойпаты

Батыс Сібір жазығы

Орта Сібір таулы үстірті


5-тапсырма. «Еуразияның жер бедері » тест тапсырмалары

(Әр тапсырма 1 ұпаймен есептеледі)


Еуропаның ең биік нүктесі қалай аталады?

Эверест шыңы

Монблан шыңы

Хан тәңірі шыңы

Еуразия материгі жағалауында қанша геосинклиналдық белдеу бар?

1

2

3

Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар

тайфун

цунами

гейзер

Тынық мұхиттағы жанартаулардың атқылауы жиі байқалатын белдеуді қалай атайды?

«Отты шеңбер»

Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеу

Альпі - Гималай геосинклиналдық белдеу

Жанартау әрекеті тоқтамаған кейбір аудандардағы ыстық сулардың атқылауы-

тайфун

цунами

гейзер

Еуразияда орналасқан жазықтар

Батыс Сібір, Месопотамия, Үнді-Ганг, Ұлы Қытай

Альпі, Тибет, Куньлунь, Пиреней, Скандинав

Карпат, Тұран, Каспий маңы, Алтай, Тянь-Шань

Еуразияда орналасқан таулар

Батыс Сібір, Месопотамия, Үнді-Ганг, Ұлы Қытай

Альпі, Тибет, Куньлунь, Пиреней, Скандинав

Карпат, Тұран, Каспий маңы, Алтай, Тянь-Шань

Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзілген пайдалы қазбалар түрі-

Магмалық пайдалы қазбалар

Шөгінді пайдалы қазбалар

Магмалық пайдалы қазбалар және шөгінді пайдалы қазбалар

Теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған пайдалы қазбалар түрі-

Магмалық пайдалы қазбалар

Шөгінді пайдалы қазбалар

Магмалық пайдалы қазбалар және шөгінді пайдалы қазбалар

Қарағанды, Донец, Кузнец және Рур, Жоғарғы Силезия алаптарында қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?

Тас көмір

Мұнай

Табиғи газ


Дұрыс жауаптары:

1 - В

2 - В

3 - В

4 - А

5 – С

6 – А

7 – В

8 – А

9 – В

10 - А


Ү. Бағалау.

Бағалау ережесі


Жинаған ұпай саны

бағасы

Барлық ұпай саны

39

36 - 39

«5»

29 - 35

«4»

20 - 28

«3»


Бағалану парағы


Тапсырмалар реті

Жинаған ұпай саны

1-тапсырма. «Анықтаңдар»

12

2-тапсырма. «Сәйкестігін тап»

8

3-тапсырма. «Тау шыңдары» ойыны.

3

4-тапсырма. «Еуразияның жер бедері сандық диктанты»

6

5-тапсырма. «Еуразияның жер бедері» тест тапсырмалары

10

Барлығы:

39

Алған бағасы:




Рефлексия.

Осы сабақтан не үйрендіңдер?

Сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?


ҮІ. Үйге тапсырма: §16-17. Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары