Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы «Милы орта мектебі»мм Биология пәнінің мұғалімі Елубаев Жаңабай Есбосынович
Сабақтың тақырыбы: Судың химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
А)Оқушыларға судың химиялық қасиеттерін табиғаттағы айналымын,судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру,реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету .
Ә)Ойын элеметтерін қолдану арқылы баланың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, қосымша әдебиеттермен жұмыс.
Б)Табиғат байлығын қорғауға,туған жерге деген
сүйіспеншілікке баули отырып экологиялық тәрбие беру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:біліммен білікті жетілдіру
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау,
«Ассоциация» әдісі.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.
Шығармашылық тапсырма, ойын сұрақ-жауап, зерттханалық жұмыс, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер
(оқушылардың су туралы шығармашылық жұмысы)
Сұрақтар:
Ерітінді дегеніміз не?
Судың физикалық қасиеті қандай?
Судың құрамы,формуласы.
Жердің су қабаты.
Сутегі жанғанда алынатын зат
Мұз неліктен суға батпайды?
Тәжірибе:
1.Ақ түйір айналады тыным таппай,
Жүргендей су бетінен орын жақпай.
Сәлден соң суға сүңгіп жоқ болады,
Не түзілді, қай элемент кім айтады?
Na + 2H2O → 2NaOH + H2↑
натрий сутегі
гидроксиді
(сілті) орын басу реак.
Ca O + H2O → Ca(OH)2 кальций гидроксиді
Сөндірілмеген әк
Реакция кезінде жылу бөлінеді,
экзотермиялық реакция .
Техникалық атау.Сөндірілген әк.
Судың әр түрлі заттармен әрекеттесу теңдеулерін жаз Бағалау.Жетонмен.
Үйге тапсырма: Судың химиялық қасиеттері. Сабақтың тақырыбы:
Оксидтер.Олардың аталуы.Табиғаттағы айналымы.
Сабақтың мақсаты:
а)Элементтердің валенттілігі туралы білімдерін дамыту.
ә)Оттегінің табиғаттағы айналымы,қолданылуы туралы мағлұмат беру.
б)өзіндік ой қорытуға,шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың типі: біліммен білікті жетілдіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру
1-кезең.
«Кім көп біледі?»ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы құрылыс материалдарын сатып алады.
1.Жай заттармен оттектің әрекеттесуіне мысал келтір.
2.Оттекті қандай заттардан алған тиімді?Реакция өнімдерін ата.
3.Оттекті қандай әдістермен алады?
4.Оттектің күрделі заттармен әрекеттесуіне мысал келтір.
5.Нәтижесінде түзілген заттарды ата.
2-кезең.
«Кел танысайық»
Оқушыларға жаңа сабақты өздеріне оқуға беремін.Оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейлерін білу үшін мына сұрақтар қойылады:
1.Жер қыртысы неден құралады?
2.Бос күйдегі молекулалық оттекті бөлетін реакцияны ата.
3. Өсімдік әлемі жыл сайын атмосфераға қанша оттек қайтарады?
4.Оттектің бүлдіргіш әсері.
5.Оттектің қолданылуын айтыңыз.
Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар «Жаңа үй» қабырғасын тұрғызады.
3-кезең. Жаңа үй шатырын жабу.
1.Фотосинтез процесі ненің әсерінен жүреді?
2.Оттектің тірі организмдер үшін маңызы қандай? Осы сұрақтарға жауап берген оқушылар үйдің шатырын жабады.
4-кезең.
Жаңа үйдің атын қою.
5-кезең.
Жаңа үй президентін сайлау.
Ең білімді, жан-жақты,іскер адам президент болуға лайықты.
Сондықтан «кім жүйрік» ойыны арқылы бірнеше деңгейлік тапсырмалар беріледі.
№1.Оттектің C,S,P,Fe әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз.
№2.Оттектің массалық үлесі қай заттың құрамында көп екенін есептеңіз:
H2O,SiO2,CaCO3
№3.36г. су айырылғанда түзілетін оттектің массасын есептеңіз.
6-кезең.
Жаңа үйдің болашақтағы жоспарын құру.
Үйге тапсырма беру:§23, §24.№7-9
7-кезең.
Жаңа үй ауласын көгалдандыру.
Сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланады.