Баяндама химия пәні Сын тұрғысынан ойлау әдістемесін химия сабағында қолдану тиімділігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Химия пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттыру
 

Балаға күштеп білім беруден гөрі, 
Баланың білімге деген құштарлығын 
ояту ең маңызды мақсат. 
К.Д. Ушинский 

Баланың оқуға деген ынтасы казіргі кезде төмендеп бара жатырғаны мұғалімдерге мәлім. Қандай болмасын мұғалім осы мәселемен күнделікті кездеседі. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін казіргі заманда мұғалім көп ізденіп,сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. 
Көпжылдық еңбек нәтижесінде көріп жүргеніміздей оқушылардың оқуы сонымен білім сапасы оқу барысында оқушының өзі сабаққа тікелей қатысуы, сабақ барысында тек мұғалімнің айтқаның ғана жазып,сызып қоймай өз бетінше білім алуға жағдай жасалғанда ғана оқушы білімге өзі ұмтылатыны және алған білімін одан әрі дамытуға қызығатыны анық. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. 
Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін –бірін тексеру жатады. ... 
Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар менгеруі қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді. 
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғасынан ойлау,жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту. Қызығушылық деп оқушының бір нәрсеге зейін қоюға, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз. 
Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі химия пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты 
Химияда оқушыларды қызықтыратын құбылыстар аз емес. Қызығушылық адамның рухани және дене күшінің дамуының аса маңызды шарттары болып, ой-өрісін кеңейтіп білім алуға итермелейді. Оқушы қызықты сабақты зор ынтамен қабылдайды және жақсы оқиды. 
Жаңа заманауи технологиялар даму заманында мұғалімнің күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақта қолдануы сабақ кезенің тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Химия пәнінің ерекшелігі сабақ барысында химиялық эксперименттер болуы, бірақ көптеген себептер (реактивтер тапшылығы, кейбір реактивтер белсенділігі, тәжірибе уақыт көп алуы) болғандықтан кейбір зертахана жұмыстары сабақ барысында өткізілмейді. Осындай кездерде электрондық оқулықтар, бейнетәжірибелер қолданылады. Электрондық бейнетәжірибелердің бір тиімділігі тәжірибені қайта көрсетіп қайталау мүмкіндігі,жақсы көрінуі, қауіпсіздігі болып табылады. 
Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет. 
Белгілі ағылшын ақыны Ричард Олдингтон былай деген екен: «Білу керек маңызды нәрсеге үйрету мүмкін емес және болмайды , мұғалім тек үйрену жолын көрсету керек» сондықтан да білімді беру емес білімді алу жолын көрсетіп бағыт-бағдар берген тиімді. Казіргі оқушы- көпбілімді: «мен бұны білемін»,»мен бұны естігенмін», «мен бұны оқығанмын». Оқушы көп ақпаратты мектептен тыс жан-жақтан алады: компьютер, энциклопедия,анықтамалар. 
Сол себептен казіргі мұғалім оқушы үшін білімнің бірінші көзі емес, оқушыға білетінін қайта айтудың қажеті жоқ, алған,білгенін ары қарай дамыту жолын іздестіру, бағдар беру қажеттілігі туындайды, олай болмаған жағдайда басқа жағдайлармен қоса оқушылардың оқуға деген ынтасын түсуінің бірден-бір себебі болып табылады. Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға деген ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру,ал бұл білім сапасын көтеру деген. 
Сабақты құрудың негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді. 
Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтуының себебі болады. 
Оқушылар сабақ меңгеру барысында әртүрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді тыңдайды,оқулықты оқып қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды,есеп шығарады,зертханалық тапсырмаларды орындайды. Жоғарыда аталған әр 
іс-әрекетті бөлек психикалық үрдіске жатады: жады,қабылдау,ойлау, ойша бейнелеу. 
Аталған процестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен жады арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен өткен материал жадыда жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді. Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз ол ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады. Оқушыға оқу барысында тек берілген танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйрету ғана емес, сол тапсырмаларды өздігінен орындауға ынталандыру қажет. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру казіргі заманды мектептің басты талабы. 
Дұрыс құрылған сабақ барысында мұғалім оқушыға тек тақырыпты түсіндіріп қана қоймайды, олардың игеруге деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ұйымдастырады. 
Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек емес, тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды. Оқушы тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек. Химия сабақтарында мен сабақтың тақырыбын айтпас бұрын заттардың күнделікті өмірде және тұрмыста қолданылуы туралы айтып, сүреттерін,материал үлгілерін көрсетемін, мысалы 9 сыныпта «Көмірсутектердің табиғи қорлары» тақырыпты өткенде бензин,мазут үлгілерін әуелі көрсетіп,оның түрін,түсін, иісін қарастырып талдай келе сабақ тақырыбына келтіремін,сосын ғана мұнайдың құрамы мен химиялық қасиеттеріне тоқталамын.Бұндай әдіс тақырыпқа деген орнықты немесе терең қызығушылық оятады. Химия – ерекше пән, оны химиялық тілді менгермей меңгеру мүмкін емес. Оқушылар көбіне ойларын қазақ тілінен химия тіліне аударуда қиындықтармен кездеседі. Сондықтан мен оқушы ойын дұрыс жеткізе білу үшін сабақты түсіндіргенде ойларын бірнеше әдіспен жеткізуіне жағдай жасауға ұмтыламын, мысалы судың сутекпен оттектен тұратынын сызбанұсқа,сүрет түрінде көрсетіп химиялық формуласына көшемін.(М.Ф.Шаталов әдісі) 
СУ – сутек + оттегі 
↓ ↓ 
Химиялық элементтер - Н + О 

Н2 + О2 – жай заттар; Н2О-су 
Осындай әдіс қандай болмасын оқушының анықтама жасауына қызығушылығын арттырады сонымен қатар жақсы меңгеруіне де себеп болады. Оқушының есінде қалу үшін М.Ф. Шаталовтың блок -конспектілерін қолданамын, бұл блок-конспектілер тақырыпты жинақтап көрсетіп оқушының есінде қалады. 

4Na0 + O20 = 2Na2 +1O-2 

Na –е – береген, тотықсыздандырғыш; О +е –сараң, тотықтырғыш. 
«Органикалық химия» курсында органикалық заттардың гомологтық қатарын бойынша заттардың формулаларын әр тақырыпты оқу барысында үйренеді. Осы формулаларды тез үйреніп жаттату үшін мен бірінші сабақта оларға мынандай таблица жасатамын: 
Қаныққан көмірсутектер Қанықпаған көмірсутектер 
Атауы, формуласы құрылысы Атауы, формуласы құрылысы 
Метан СН4 I 
- С - 
I - - 
Этан С2Н6 І І 
- С-С – 
І І С2Н4 этилен 
- С =C- 
Сандық есептер шығару сабақтарында сынып оқушыларын топтарға бөліп тапсырмаларды беремін ,осындай бөлу оқушылардың қабілетін арттырады және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі. Топпен жұмыс барысында топтың әр оқушысы берілген тапсырмаларды орындау барысында өз үлесін қосуға тырысады және оқушылардың интеллектуалды қабілеттері айқындалады. Бұндай топтарға бөлгенде жеке оқушының қабілетін еске ұстаған жөн. Бір топқа шығармашылығы жоғары, сын тұрғасынан ойлайтын оқушыларды,ал келесі топқа ойлауы дұрыс, бірақ сенімсіздіктері басымырақ оқушылар, үшінші топ алгоритмдік деңгейлі оқушыларды бөлемін. Мысалы «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбын өткенде сыныпты төрт топқа бөліп тапсырмалар беремін. Мысалы: 1.Қалып кеткен сөзді жазу: 
1 моль күкірт қышқылында: ... моль атом S; … моль атом H; 
… моль атом О 
2.Үш сынауықта ерітінді берілген, қайсысында қышқыл бар? 
3.Лакмусты ерітіндіден қалай «кетіру» керек? 
4.Қышқылмен жұмыс жасалғаның дәлелде. 
Осындай қайталау сабақтарын жарыс түрінде өткіземін, мысалы жоғарыда аталған тақырыпты өту барысында мен сыныпты үш топқа бөліп әр топқа тапсырмалар жазылған карточкалар үлестіремін: берілген теңдеулерді толықтырып қалпына келтір – 
… +…= ZnCl2 + 2 H2O; … = CaO + CO; HCl + … =AgCl +… ; 
Cu(OH)2 = … + 
Әуелі тапсырманы бірінші партадаға отырған оқушылар орындайды, олар келесі партаға орындап болған сон береді. Жеңімпаз болып ең бірінші болып және дұрыс орындаған қатар болады. Жарыс түрінде өткізілгендіктен әр оқушы тапсырманы тезірек,әрі дұрыс орындауға тырысады, оқушы өз тобы үшін жаны ашып, қайтсе де жеңіске жетуге ұмтылады, бұндай сабақтар да оқушының сабақ барысында белсенділігін жоғарылатумен қатар білімге, пәнге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. 
9 сыныпта «Электролиттік диссоциация,электролиттер» тақырыбын оқыған кезде бейнетәжірибе арқылы заттардың электр тоғын өткізуі туралы сабақта тәжірибені дыбыссыз тыңдап сосын ғана түсініктерін талдау арқылы игергеннен кейін анықтамасын өздері береді. Қолда арнайы құрал бар жағдайда әуелі сынауыққа тұз салып ерітіп тоқ өткізетіне көз жеткізіміз,сосын спирттің ерітіндісіне электродты салып тоқ өткізгіштігі қандай екенін байқап заттардың тоқ өткізетіндер-электролиттер; өткізбейтіндер –бейэлектролиттер деп түсінік аламыз. Одан кейін сұрақ туындайды «неге олай» деген? Неге деген жауапқа заттардың құрылысы мен химиялық байланысы жауап беретініне талдау,сызбанұсқа түрінде көз жеткізуге болады. 
Оқушылар сабақтың тақырыбын талдау,туындаған сұрақтарға өз беттерінше жауап іздеу арқылы түсінеді және естерінде сақталады. Өздігінен ізденіс жұмыстары оқушының оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттырып білімін тереңдетеді. Күнделікті сабақта үй тапсырмасын тексеруде,жаңа тақырыпты талдауда тест, проблемалық ситуация,ізденіске итермелейьін сұрақтар,деңгейлік тапсырмалар, химиялық диктанттар,оқулықпен жұмыс,есептер шығару арқылы оқушылардың пәнге деген көзқарастарымен қызығушылығын қалыптастыруға қолданамын. Сонымен бірге оқушылар зертханалық,сарамандық жұмыстарды орындауда белсенділік танытады. Үй тапсырмалары жүйелі түрде жазбаша,ауызша тексеріледі және бағаланады. Оқушыларды жаңа тақырыпты талдауда, өз пікірін айтуға, қосымша материалмен жұмыс жасауда мүмкіндігі мол. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа дайындықтары жүйелі түрде қалыптасып, білім сапасының артуына септігін тигізеді. 
Жеке тұлғаның қарқынды дамуы мектеп табалдырығында белсенді танымдық іс-әрекеттері ұйымдастырылуы нәтижесінде қалыптасады. Оқушылардың белсенділігін артыру үшін оқу іс-әрекеттеріне ынталандырудың маңызы зор. Сол себептен оқушылардың ынтасымен оқу белсенділігін қалыптастыруды арнайы жүйеленген әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырған жөн. 
[link]  



Баяндама: Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

 

Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай –ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.

Жеке тұлғаның қалыптасуы- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу қажет.

Біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас пайда болуда.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын,оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

1.Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

4.Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

5.Оқытушының уақытын үнемдейді

6.Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

v Барлық баланы оқыту;

v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

v Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алдым.

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады Өзіне деген сенімі артады Оқу процесіне белсенді қатысады Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.

Ø Қызығушылығын ояту

Ø Мағынаны тану

Ø Ой толғаныс

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.

Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.

Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі кезде Джорж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос Қазақстан» қорының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы кеңінен енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.

Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы – әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады; – Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады; – Қызығушылығын оятады; – Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ; – Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады. – Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін сабақтарымда тиімді қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.

Сын тұрғысынан дамыта оқыту технологиясы элементтерін пайдаланған 8 сыныптарда «Оттектің химиялық қасиеттері, Жану»тақырыбында өткізген сабағымнан үзінді келтірмекпін.

Сабақтың тақырыбы: §22 Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оттектің химиялық қасиеттерін түсіндіру. Жану процесінің мағынасы мен мәні жайлы оқушылардың көзқарастарын дамыту.

Дамытушылық: Оқушының өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздеміпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі. СТО

Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеофильм, кеспе суреттер, бөлме гүлі, көмір, күкірт, реактивтер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ игеру

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару (психологиялық дайындық). Үй тапсырмасына шолу

1. Сұрақ қоюшы топ 

2. Ауызша топ 

3. Жазбаша топ

Ауызша топ.

1-оқушы. Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды. Оттектің физикалық қасиетін сипаттау, өнеркәсіпте және лабораторияда алу жолдарын түсіндіру.

2-оқушы. Оттек – иіссіз, түссіз ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат – Дьюар ыдысына құйып сақтайды.Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат болондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды. Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т.б. алады. Оттекті лабораторияда ауаны, суды ығыстыру әдісі арқылы алады.

3- оқушы. Тірек-сызбанұсқасын сызды

Жаңа сабақты меңгеру


 

 

 

 

 

 

Видеофильм қарап реакция теңдеуін жазу. Электронды оқулықпен жұмыс.

Жай заттардың жануы

C+O2 → CO2 көмірдің диоксиді
S+O2 → SO2 күкірт диоксді
4P+5O2 → 2Р2O5 Дифосфор пента оксиді
3Fe +2O2 → Fe3O4 Темір қағы

Күрделі заттардың жануы

..С2Н2 + ..О2 → ..СО2 + ..Н2О
 ацетилен
2С2Н2 +5О2 →4СО2 + 2Н2О

Оттекке тән басты қасиет – оның жануды қолдауында.

Жаңа сабақты бекіту.
№5 есеп оқулықпен жұмыс.
Реакция теңдеуін жазып белгісіз затты анықта.

1тапсырма «Кедергілермен көтерілу».
Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып, оларды атаңыз.

K(I)           N(IV)            Cu (II)                  AI(III)             P (V)           S(VI)
№2тапсырма Алтын кілт. « Оксидтер» сейфіне шифирді тап.Оксидтерді тауып, заттарды ата.
1. Na2O 2. Ba (OH)2 7.HNO3 10. SiO2
3. HCI 4. FeO 8. KOH 11. CuSO4
5.CO2 6. CaO 9. P2O5 12. CH4

3тапсырма «Жұмбақ тізбек»
Оксидтерді алу реакция теңдеуін жазып, теңестіріңдер.
1.P→ P2O5                           2.Al→Al2О3                   3.K→K2O
4.Na→Na2O                         5.S→SO2                          6.C→CO2

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: 22 №4,6,7

СТО технологиясын қолдана отырып, нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында мынадай нәтежиеге қол жеткізуге болады.
– бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
– өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
– бір-біріне құрметпен қарауға;
– өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
– өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
– мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
– достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
– белсенді шығармашылық қабілеттері ұштасады.
Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
– оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру
– жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу
– ойлау қабілетін дамытатын есептер беру
– қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру
– оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық, топтық, жұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланп жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, білім деңгейінің жоғлауына әсерін тигізеді. Бұл технологияның тиімділігі сол, оқушының әсерлену жүйесі қалыптасады.
Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге,ізденуге,шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасы арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің заңын, жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту – оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
Сонымен СТО, технологиясының мақсаты: – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
– рухани дүниесін байыту ;
– оқырмандығын күшейту;
– ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту;
– ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастыру;
– көзқарасын тереңдету;
– өзінше бағалап, ой түйуге баулу;
– ойын жеткізе алу, ой түйюге баулу;
– танымдық оқу ауқымын кеңейту;
– шығармашылық ізденісіне жол ашу.
Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев.,2006ж

2.«Химия мектепте» журналы

3. Химия оқулығы 8 сынып

4. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Қ.Жүнісханов.2008.

5.«Оқыту- тәрбиелеу  технологиясы» журнал -2010 №3,5, 2011 ж.ж №5,10




БАЯНДАМА " Химия сабағында оқушылардың білім жетістіктерін мазмұндама жұмысы арқылы бағалауда критериалдық жүйені қолдану"

               

                       Семинардың мақсаты:

Тыңдаушыларды негізгі бағалаудың мазмұндама жұмысында қолданылатын критерийлерімен

таныстыру.    

Анықтамасы:

Критериалды бағалау-бұл  білім  берудің мақсаты мен мазмұнына  негізделген  оқушының  оқу- танымдық  құзырлығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген   жетістіктермен салыстыру үрдісі

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 

ü Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

ü Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.      

Кез келген мұғалім оқыту үшін бағалау неліктен оқытуды және білім беруді жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрыңғы тәжірбиесі бойынша көптеген мұғалімдер,оқушылар және олардың ата аналары бағалауды оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едеуір өзгересті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегенңміз де осы болып табылады.Сыныптағы бағалау тек  қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.

Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Білгір химик»,  «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик» сияқты танымдық ойындарын қолданамын.  Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.  Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: 9 сыныпқа «Күкірт, күкірттің қасиеттері» тақырыбында өткен ашық сабағым «сатылай кешенді талдау»  стратегиясын пайдаланғанда өте сәтті өтті. Сабаққа  тірек сөздер, инсерт кестесін қолдандым. Күкірттің химиялық қасиеттерін тәжірибие арқылы көрсеттім.  Ақпарат құралдарын пайдала пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында өткізген  9 «А» сыныбы бойынша « күкіртті сутек. Сульфидтер » тақырыбындағы  сабағым оқушыларды ынтымақ-бірлікке, тез ойлауға және теориялық білімдерін бір жүйеге келтірді.   9 а сыныбында өткен «Күкірт қышқылы, сульфаттар» сабағында өткен тақырыпты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру кезінде пәнге қызығушылығын арттыру үшін сұрақ-жауап ретінде «миғабуыл», «кім жылдам?», «біліміңді байқап көр» ойын элементтерін қолданып, оқушылардың белсенділігін арттырдым.   Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп,  оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, химиялық диктант, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Егер жауап-75%-дан жоғары болса-«жақсы»,-50%-ға дейін «қанағаттанарлық»,-50%-дан төмен-білім деңгейі «төмен» көрсеткішпен бағаланады. Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Баға-бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын.

Оқушылардың білім жетістіктерін мазмұндама жұмысы арқылы бағалауда критериалдық жүйені қолдануы да өте тиімді.

Критериалды  бағалаудың басты  ерекшелігі:

Ø алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

Ø  анық, айқындылығы;

Ø  бағаның әділдігі;

Ø  өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

              Қалыптастырушы бағалау:

Ø Күнделікті алған білімінің

     меңгеру деңгейін анықтайды.

Ø Негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді.

Ø Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Негізгі бағалау:

ü Негізгі бағалау белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

ü  Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

 Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады

Қолданылуы:

Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.

 Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.

 Әрбір жетістік  балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

Тоқсан соңында әр  критерий бойынша  негізгі бақылаудан алынған  орташа балл есептелінеді.

 

Критериалды   оқытудың маңыздылығы:

Мұғалім үшін:

Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.

Оқушы үшін:

Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі.

Ата-ана үшін:

q  Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.

Критериалды  бағалаудың пайдасы

Нақтылық

Әділдік

Ынталандыру Белсенділік






















химиядан деңгейлік типтік есептерді шығару жолдары

 
Химия пәнін оқып – үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалптасады.
 
Бағдарлама 9 сыныптарда химия пәнінен деңгейлік типтік есептерді шығару әдістеріне арналған. Деңгейлік типтік есептерді шығару әдістерін 8 – 9 сыныптарда жетік меңгерсе, алда ҰБТ тапсырмаларындағы химия есептерін шығаруға септігін тигізеді. Бағдарлама 34 сағатқа, яғни аптасына 1 сағатқа жүктелген. Міне, осы мақсаттарға жету үшін 9 сыныпқа арналған стандартты жүктеме жеткіліксіз. Сондықтан 9 сыныпқа арналған «химиядан деңгейлік типтік есептерді шығару жолдары» атты қолданбалы курсты қолданып отырмын.
 
Пәнаралық байланыс: математика, география, экология, медицина, тарих салаларының қазіргі өмірміен ұштастыра отырып, өмірде қолданылатын заттардың сандық құрамын есептей отырып, зиянды – зиянсыз заттарды қаншалықты мөлшерде қолдану керектігін түсіну.
 
Өзектілігі: пәннің бағдарламалық мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүре білуге жан-жақты дайындап, олардың өзіндік танымдық іс – әрекеттері дағдыларын және үйренушінің ізденістік – танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыруға жағдай жасайды. Оқушылардың 8 – сыныпта алған білімдерін жалғастыру және кеңейту, оларға адам тіршілігінде, күнделікті өмірде, техникада қолдану салалары жөнінде мағлұматтар беру және заттарды пайдалану жолдарымен таныстыру мүмкіндігі болады.
 
Жаңалық: химиялық реакциялардың жылдамдығы, бейорганикалық қосылыстарды күнделікті өмірде пайдалану мен техникадағы маңызы туралы білім алу. Деңгейлік типтік есептер шығару жолдарының жалпы алгоритмін тереңдете отырып, есептердің жаңа жүйесін құра отырып, қолайлы алгоритм шығару.
 
Мақсаты: бейорганикалық және органикалық химия туралы ұғымды қалыптастырып, болашақта мамандық таңдауына септігін тигізетін алгоритмдерін үйрету.
 
Міндеттері:
 
- Оқушылардың теориялық білімдерін практикалық әдіс – тәсілдермен бекіте отырып, қызықты логикалық есептердің шығару жолдарын демонстрациялау арқылы көрсету;
 
- Химиялық – деңгейлік типтік есептерді шығару кезінде, топтаса отырып шешім қабылдап, ойларын жетік жеткізуге дағдыландыра оқыту;
 
- Әр мамандық саласына байланысты тарихи, қазіргі жаханданған өмірге байланысты есептерді пайдаланып мамандық таңдауына бағыт беру.
 
Оқытудың әдісі:
 
- білімнің дерекпен алуы бойынша: көрнекілік, тәжірибиелілік;
 
- түсінуді ұйымдастыру әдісі бойынша: түсіндірмелі, мәселе – зерттеушілік.
 
Оқыту формасы: дәстүрлі емес сабақ нұсқалары (оқу лекциясы, топтық және жекелей жұмыс, өзіндік жұмыс, шағын олимпиада, конференция, семинарлар), демонстрациялық сабақ.
 
Күтілетін нәтиже: оқушыларда пәнге деген қызығушылық артуы, танымдық көзқарастары кеңеюі, логикалық ойлауының дамуы және де әрине химиялық деңгейлік типтік есептерді шығарудың әдіс – тәсілдерін, жолдарын меңгере алуы. Есептердің алгоритмдерін жинақтай отырып, схема құрастырады. Шығарған есептерін жинақтауда Қазақстан қалаларының ұлттық құндылықтарының мәдениетін негізге ала отырып электронды «ХХІ ғасыр химия есептері» нұсқасын дайындау.
 
Оқушылар білуі тиіс: қазіргі заманға сай компьютер техникасын, интернет желісін пайдалануды, химия саласы бойынша басты химялық ұғымдарды, жалпы жүйедегі есептерді шығаруды және де химиялық негізгі формулаларды, периодтық жүйенің құрылымын, периодтық жүйедегі жай зат химиялық элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын, әр түрлі факторлардың химиялық реакцияларға әсерін.
 
Оқушылар орындай алуы тиіс: формулалардағы химиялық элементтердің массалық үлесін есептеуді; күрделі заттардағы әр элементтің массасын есептеуді; ерітінді мөлшері бойынша масса мен көлемді есептеуді; химиялық формулалардағы молекулалық масса қатынасын есептеуді; химиялық формулалардағы химиялық элементтердің массалық үлесін есептеуді; тығыздық қатынастары бойынша газ тәрізді заттардың молекулалық массасын табуды.
 
Оқушылар үйренуі тиіс: ион алмасу реакциялары теңдеулерін құрастыруды; иондарды сапалық анықтауды; эксперименттік есептерді шығаруды; тұздар ерітіндісінде индикатор түсінің өзгеруін анықтауды; бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі
 
бойынша реакция өнімін есептеуді; тотығу – тотықсыздану реакция теңдеулерін теңестіру әдістерін; заттардың қоспасына есептерді шығаруды; ерітіндіге байланысты есептеулерді; химиялық реакциялардың жылдамдығына байланысты есептеулерді.
 
Оқушылардың жеткен жетістіктерін бақылау формасы және бағалау критериі:
 
бақылау формасы: тест, жобалық презентация, тақырыпқа байланысты шығармашылық тапсырма (эссе, реферат, баяндама, жобалық зерттеу), шағын олимпиада.
 
бағалау критерийі: тест («А», «В», «С» - деңгейлері) және шағын олимпиада (І, ІІ, ІІІ – турлар) тапсырмаларын деңгейлеп тексеру, соның ішінде шығарылатын есептердің алгоритмінің орындалуына байланысты.
 
Курс мазмұны
 
Кіріспе (1 сағат). Химияның негізгі ұғымдары мен заңдылықтар туралы түсінік.
 
І тақырып. Электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары (3 сағат). Ион алмасу реакциялары теңдеулерін құрастыру. Иондарды сапалық анықтау. Эксперименттік есептер шығару.
 
ІІ тақырып. Тұздардың гидролизі (3 сағат). Тұздар ерітіндісінде индикатор түсінің өзгеруі. Әр түрлі топтағы тұздардың диссоциациялануы. Типтік есептер.
 
ІІІ тақырып. Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу (3 сағат). Типтік енсептер. Оқушылар дайындығын тексеру.
 
IV тақырып. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер (3 сағат). Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеуге тиісті реакция теңдеулерін жазу. Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеу. Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша реакция өнімін есептеу.
 
V тақырып. Тотығу – тотықсыздану реакциялары (3 сағат). Тотығу – тотықсыздану реакциясы теңдеуін электрондық баланс әдісімен теңестіру.
 
Тотығу – тотықсыздану реакциясы теңдеуін ионды - электрондық баланс әдісімен теңестіру. Электролиз.
 
VІ тақырып. Заттардың қоспасына есептер шығару (3 сағат). Қоспа компаненттерінің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу. Қоспаның сандық құрамын анықтау. Берілген реагентпен құрамындағы компанентттерінің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау.
 
VІІ тақырып. Ерітіндіге байланысты есептеулер (3 сағат). Еріген заттың массалық үлесін есептеу. Ерітінділерді сұйылту, араластыру; ерітіндіні зат қосып, буландырып қойылту. Кристалгидраттардан ерітінді дайындау.
 
VІІІ тақырып. Орынбасу реакциясына есептеулер (3сағат). Типтік есептер. Оқушылар дайындығын тексеру.
 
ІХ тақырып. Химиялық формулаларды табу (3 сағат). Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың формуласын табу. Кристалгидраттың формуласын анықтау; газ заңдарын қолданып, газдың массасы мен көлемі бойынша газдың формуласын анықтау. Жану өнімдері бойынша бастапқы заттың формуласын анықтау.
 
Х тақырып. Химиялық реакциялардың жылдамдығына байланысты есептеулер (3 сағат). Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның әсері. Химиялық тепе – теңдік. Оқушылар дайындығын тексеру.
 
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
 
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Өткізу әдісі Уақыты Оқушы дайындығы
 
Кіріспе 1
 
Химияның негізгі ұғымдары мен заңдылықтар туралы түсінік. 1 Лекция Конспект
 
І тақырып. Электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары 3
 
Ион алмасу реакциялары теңдеулерін құрастыру. 1 Практика Реакция теңдеуі
 
Иондарды сапалық анықтау. 1 Демонстрация
 
практика Конспект
 
Эксперименттік есептер шығару. 1 Практика Есеп
 
ІІ тақырып. Тұздардың гидролизі 3
 
Тұздар ерітіндісінде индикатор түсінің өзгеруі. 1 Демонстрация Конспект
 
Әр түрлі топтағы тұздардың диссоциациялануы. 1 Демонстрация
 
практика Реакция теңдеуі
 
Типтік есептер. 1 Практика Есеп
 
ІІІ тақырып. Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу 3
 
Типтік есептер. 1 Практика Есеп
 
Типтік есептер. 1 Практика Есеп
 
Оқушылар дайындығын тексеру. 1 Тест Қайталау
 
IV тақырып. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер 3
 
Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеуге тиісті реакция теңдеулерін жазу. 1 Практика Реакция теңдеуі
 
Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеу. 1 Практика Есеп
 
Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша реакция өнімін есептеу. 1 Практика Есеп
 
V тақырып. Тотығу – тотықсыздану реакциялары 3
 
Тотығу – тотықсыздану реакциясы теңдеуін электрондық баланс әдісімен теңестіру. 1 Практика Реакция теңдеуі
 
Тотығу – тотықсыздану реакциясы теңдеуін ионды - электрондық баланс әдісімен теңестіру. 1 Практика Реакция теңдеуі
 
Электролиз. 1 Лекция Конспект
 
VІ тақырып. Заттардың қоспасына есептер шығару 3
 
Қоспа компаненттерінің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу. 1 Практика Есеп
 
Қоспаның сандық құрамын анықтау. 1 Демонстрация
 
практика Есеп
 
Берілген реагентпен құрамындағы компанентттерінің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау. 1 Демонстрация
 
практика Есеп
 
VІІ тақырып. Ерітіндіге байланысты есептеулер 3
 
Еріген заттың массалық үлесін есептеу. 1 Демонстрация
 
практика Есеп
 
Ерітінділерді сұйылту, араластыру; ерітіндіні зат қосып, буландырып қойылту. 1 Демонстрация
 
Конспект
 
Кристалгидраттардан ерітінді дайындау. 1 Демонстрация
 
практика Конспект
 
VІІІ тақырып. Орынбасу реакциясына есептеулер 3
 
Типтік есептер. 1 Практика Есеп
 
Типтік есептер. 1 Практика Есеп
 
Оқушылар дайындығын тексеру. 1 Тест Қайталау
 
ІХ тақырып. Химиялық формулаларды табу 3
 
Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың формуласын табу. 1 Практика Есеп
 
Кристалгидраттың формуласын анықтау; газ заңдарын қолданып, газдың массасы мен көлемі бойынша газдың формуласын анықтау. 1 Практика Есеп
 
Жану өнімдері бойынша бастапқы заттың формуласын анықтау. 1 Практика Есеп
 
Х тақырып. Химиялық реакциялардың жылдамдығына байланысты есептеулер 3
 
Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның әсері. 1 Лекция Конспект
 
Химиялық тепе – теңдік. 1 Лекция Конспект
 
Оқушылар дайындығын тексеру. 1 Шағын олимпиада
 

Әдебиеттер:
 
Мұғалім үшін:
 
1. А.Е.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар жинағы» 9 сынып. Алматы «Мектеп» 2009 жыл. 5-50 беттер.
 
2. Ғылыми – педогогикалық журнал «Химия мектепте» 2011 жыл №3. 8-10 беттер.
 
3. «Московские городские химические олимпиады» әдістемелік нұсқаулық. Москва – 1988. 6-22 беттер.
 
4. Республиканский научно – методический журнал «Химия» 2009 жыл №3. 25-28 беттер.
 
Оқушылар үшін:
 
1. Химия есептері мен жаттығулар жинағы 8-11 сыныптар. Алматы «Мектеп» 2002 жыл.
 
2. Достық орталығының тест жинақтары.
 
3. Мектеп оқулықтары 8-9 сыныптар
 



«ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНАН ҮЛГІЛЕР»

Химия пәнінен  үшінші деңгейлі есептерді шешу технологиясынан үлгілер

 

         Тереңдете оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады.

Бұл жағдай :

а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі

    меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;

б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;

в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;

г) тереңдете оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағ-

    дайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу

    материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай

    жасайды.

         Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше тереңдете оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге, оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.

   Тереңдете оқыту негізіндегі педагогикалық технология  мазмұны-

ның ерекшілігі:

- жеке құрылымдарға бағдар беру;

- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының,

   материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.

   Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.
        Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I – деңгейдегі тапсырмаларға:

1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;

2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей

    қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланыс-

     ты болуы    керек;

II – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген

    тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар,

    яғни  бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін

    алғашқы алған  білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.

2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
III – деңгейдегі тапсырмаларға :

1)      танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды

     орындау  барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша мең-

     герген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдету-

     мен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық

     ашуы тиіс;

2)      әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;

3)      Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1)      оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптас-тырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәреже-де олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.

2) олимпиадалық есептер;

3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.

     Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен  дағ-дысын  қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

     Тапсырмаларды деңгейге бөліп берудегі мақсат – сынып оқушы-ларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау;

- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар

   екінші  деңгейдің тапсырмаларын;

- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші

  деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;

Үшінші деңгейдің ізденуді қажет ететін тапсырмаларын, әрине

дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.

      Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.

     Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.

     Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне - өзінің сенімі артады.

      Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

      Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.

       Үшінші деңгейлік тапсырмаларға  мынадай есептерді ұсынуға болады:

  1. Құрамында 0,1 молярлы 200 мл мыс (II) нитраты және 0,1  

         молярлы  300 мл күміс нитраты бар ерітінді күші 4 А токпен

         965 с электролизделінді.Электролиз аяқталғаннан соң

         ерітіндіде қай тұздан, қанша мөлшерде (г) қалатынын

         анықтаңдар.

         A) Cu(NO3)2;  0,94

         B) AgNO3;  0,94

         C) электролизден соң ерітіндіде тұз қалмайды

         D) AgNO3;  5,1

         E) Cu(NO3)2;  2,82

 Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

См(Cu(NO3)2) – 0,1М      

V(Cu(NO3)2) – 200 мл

См(AgNO3) – 0,1М

V(AgNO3) – 300 мл

I – 4 A

t – 965 c

———————————

табу керек:  тұз - ?

                     m(тұз) - ?

1)      Ерітіндінің молярлық концентрациясы формуласы бойынша

ерітіндідегі әр бір тұздың массасын анықтаймыз:

См =  → m(Cu(NO3)2) =  =  = 3,76 г

См =  → m(AgNO3) =  =  = 5,1 г

2)      Катодта металл иондарының тотықсыздану реті олардың

стандарттық электродтық потенциалдар қатарындағы орнына тәуелді. Бұл қатарда күміс ионы мыс ионынан кейін орналас-қан, сол себепті бірінші орында күміс иондары тотықсыздана-ды. 

Фарадей формуласы бойынша 5,1 г күміс нитратын электро-лиздеуге қажетті ток күшін анықтаймыз:

m(AgNO3)  =   → i =  =  = 3 A

3) 4 А токтың 3 A і күміс нитратын электролиздеуге жұмсалды,

    қалған токпен қанша  массадағы мыс (II) нитратын электро-

    лиздеуге болатынын есептейміз:

    I = 4 – 3 = 1 A

   m(Cu(NO3)2)  =   =   = 0,94 г

4) Ерітіндіде қалған тұз - мыс (II) нитраты, оның массасы:

    m= 3,76 – 0,94 = 2,82 г

   Жауабы: Е

Ескерту:тұздардың эквиваленті мына формуламен анықталады:

Э(тұз)=  =  = 94

 

  1. Күміс нитратының 136 мл (ρ= 1,25 г/мл) 10% - ды ерітіндісіне

     массасы 10 гмыс тақташа (пластинка)  салынды. Мыс тақта-

     шаның массасы 12,28 г болғанда ерітіндіден алынды.  Ерітін-

     діге өткен мыстың, бөлінген күмістің массаларын (г) және

     ерітінді құрамында қалған күміс нитратының массалық үлесін

     (%) есептеп  табыңдар (Ar(Cu) – 63,5; Ar(Ag) – 107,87).

         A) m(Cu) – 3,42; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 8,13%

         B) m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 4,93%

         C) m(Cu) – 3,16; m(Ag) – 5,45; ω2(AgNO3) – 5,25%

         D) m(Cu) – 4,26; m(Ag) – 7,04; ω2(AgNO3) – 6,43%

         E) m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 7,93%

 

Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

ω1(AgNO3) – 10,0%      

V(AgNO3) – 136,0 мл

ρ – 1,25 г/мл

m1– 10,0 г

m2– 12,28 г

———————————

табу керек:  m(Cu) - ?

                     m(Ag) - ?

                     ω2(AgNO3) - ?

 

1) Ерітіндідегі күміс нитратының массасын мына формула бойын-

    ша табамыз:  ω =  → m(AgNO3)=  =  = 17 г

2) Мыс тақташа ерітіндіге батырылғанда мынадай реакция жүреді:

Cu + 2AgNO3 = Cu(NO3)2 + 2Ag↓

3) Мыстың қанша мөлшері (моль) еритінін және күмістің бөлінген

    мөлшерін мына теңдеу бойынша анықтаймыз:

    а) ν=  → m = ν.M

    ә) 10 – 63,5ν+ 107,87ν= 12,28

         44,37ν= 2,28

              ν= 0,0514 моль

4) Ерітіндіге өткен мыстың массасы:

m(Cu) = ν.M = 0,0514.63,5 = 3,26 г

    Бөлінген күмістің массасы:

m(Ag) = ν.M = 0,0514.107,87 = 5,54 г

5) Ерітіндіде қалған күміс нитратының массасы:

m(AgNO3) = 17 - ν.M = 17 – 0,0514.169,87 = 8,27 г

6) Реакциядан кейінгі ерітіндідегі күміс нитратының массалық үле-

    сін есептейміз:

ω2(AgNO3) =  =  = 4,93%

Жауабы: m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 4,93%

 

Ескерту:Бастапқы ерітіндінің массасы еріген мыстың есебіне

                 артады, ал ерітіндіден бөлінетін күмістің есебіне кемиді.

M1= ρ.V= 1,25.136 = 170 г;

  M2= M1+ m(Cu) – m(Ag) = 167,72 г

3.  Мыс (II) сульфатының 20% - ды 400 г ерітіндісін инертті элек-

     тродта ерітінді массасы 76 г ға азайғанға дейін электролиздеді.

     Электродтарда бөлінген заттардың массаларын (г) анықтаңдар:

1)      катодта 32 г мыс;   2) катодта 8 г мыс;   3) катодта 4 г сутегі;

4) анодта 40 г оттегі;  5) анодта 32 г оттегі; 6) анодта 8 г оттегі

A) 3, 5

B) 1, 6

C) 2, 3, 6

D) 1, 3, 4

E) 1, 5

Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

ω(CuSO4) – 20,0%      

m(CuSO4) – 400,0г      

m– 76,0 г

———————————

табу керек:  m(заттар) - ?

                    

1)      Ерітіндідегі мыс (II) сульфатының массасын мына формула

         бойынша табамыз: ω =  → m(CuSO4) == = 80 г

2)      Электролиз теңдеуін түземіз:

2CuSO4+ 2H2O 2Cu↓ + O2↑ + 2H2O

     

                320 г ——————— 128 г—32 г

                   80 г ———————  х1 г  —  х2г

                                                      х1=32 г   х2= 8 г

                  М = 76 – 32 г(Cu↓) – 8г(O2↑)= 36 г

3)      Есептің шартында ерітінді массасы 76 гға азайған, демек электролизде тұздан басқа су молекулаларыда (36 г) тотығу-тотықсыздану реакциясында қатысқан:

2H2O 2H2↑ + O2

                                    36г———— 4 г — 32 г

                                    36г———— х1 г — х2 г

                                                             х1=4г    х2=32г

4)      Электродтарда бөлінген заттар:

а) мыс – 32 г

ә) оттегі – ( 8 + 32 ) = 40 г

б) сутегі – 4 г

Жауабы: D

4.  60%  ды ерітінді түзілуі үшін күкірт қышқылының 20% ды

300 граммерітіндісіне қанша литр (қ.ж.да) күкірт триоксидін сіңіру қажет ?

A) 192,00

B) 67,72

C) 53,76

D) 235,2

E)  105,42

Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

ω1(H2SO4) – 20,0%      

M(H2SO4) – 300,0г      

ω2– 60,0%

———————————

табу керек:  V(SO3) - ?

1)      Берілген ерітінді құрамындағы қышқылдың массасын

мына формуламен анықтаймыз:

ω1=  → m1(H2SO4) == = 60 г

    2) Күкірт триоксиді суда ерігенде күкірт қышқылы түзіледі, мына

        теңдеу бойынша төмендегідей пропорция түземіз:

                                    SO +  H2O  =  H2SO4

                                80 гнан —— 98 г түзіледі

                                  х г нан —— у г түзіледі

                                у =  = 1,225xг

3) Енді мына формула бойынша есептеулер жүргіземіз:

        ω2=   →  60  =  

                                         60(300+x) = (60+1,225x)100

                                         18000 + 60x= 6000 + 122,5x

                                          18000 – 6000 = 122,5x– 60x

                                           12000 = 62,5x

                                            x= 192 г

4) Табылған массаны көлемге аударамыз:

     а) ν =  =  = 2,4 моль

     ә) 

Жауабы: С

 

5. 60% ды ерітінді дайындау үшін 500 г суға қанша грамм олеум

    H2SO4.SO3  қосу қажет ?

A) 984,0

B) 850,0

C) 500,0

D) 780,0

E) 600,0

Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

ω(H2SO4) – 60,0%      

M(H2O) – 500,0г      

———————————

табу керек:  m(H2SO4.SO3) - ?

 

1)      Олеум суда ерігенде мынадай процесс жүреді:

            H2SO4.SO3+ H2O  = H2SO4+ H2SO4

 178 гH2SO4.SO3тен——— ( 98 + 98) = 196 гтүзіледі

                х г нан —————————у г түзіледі

                           у =  = 1,1xг H2SO4

2) Енді мына формула бойынша есептеулер жүргіземіз:

        ω1=   →  60  =  

                                         60(500+x) = 1,1x100

                                         30000 + 60x = 110x

                                          30000 = 110x – 60x

                                           30000 = 50x

                                            x = 600

Жауабы: E

 

6. Ас тұзы ерітіндісін электролиздегенде 2,8 л(қ.ж.да) хлор

    бөлінді. Түзілген ерітіндіге 7,75 г фосфорға концентірлі азот

    қышқылы әсер еткенде түзілген фосфор қышқылы қосылды.  

    Соңғы ерітіндіде түзілген тұздың массасын (г) есептеп табың-

    дар.

A) 30,00

B) 34,00

C) 45,48

D) 58,00

E) 25,25

Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

V(Cl2) – 2,8 л      

m(P) – 7,75 г      

———————————

табу керек:  m(тұз) - ?

 

1)      Ас тұзының электролиз теңдеуін жазып, түзілген ерітіндідегі

     сілтінің массасын табамыз:

2NaCl + 2H2O  Cl2↑+H2↑+2NaOH

                                                         22,4 л —— 80 г түзілді

                                                           2,8 л —— х г түзілді

                                                 х = 10 г NaOH

2) Фосфордың концентірлі азот қышқылымен әрекеттесу тең-

    деуі бойынша түзілген фосфор қышқылының массасын есеп-

    тейміз:

3P + 5HNO3 + 2H2O = 3H3PO4 + 5NO↑

                       3.31 гнан  ————— 3.98 гтүзіледі

                       7,75 гнан  ————— х г түзіледі

                                                          х = 24,5 г

3) Түзілген сілті мен қышқылдың мөлшерін анықтаймыз:

          ν=  =  = 0,25 моль NaOH

          ν=  =  = 0,25 моль H3PO4

     4) Фосфор қышқылы үш негізді қышқыл болғандықтан, ол үш 

          түрлі тұз түзеді:

          а)  3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O

          ә)  2NaOH + H3PO4 = Na2HPO4 + 2H2O

          б)  NaOH + H3PO4 = NaH2PO4 + H2O

          Соңғы теңдеуде заттардың 1 : 1 моль қатынаста әсерлесуі

          көрініп тұр, осы теңдеу бойынша түзілген тұздың массасын 

          табамыз:

NaOH  +  H3PO4  =  NaH2PO4  +  H2O

                      1 моль   –  1 моль  –  1 моль

                    0,25 моль – 0,25 моль – 0,25 моль

           ν=  → m(NaH2PO4) = ν.M(NaH2PO4) = 0,25.120 = 30 г


Бұл жағдай :

а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;

б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;

в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;

г) тереңдете оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағ-

дайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу

материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай

жасайды.

2/Күміс нитратының 136 мл (ρ= 1,25 г/мл) 10% - ды ерітіндісіне

массасы 10 гмыс тақташа (пластинка)  салынды. Мыс тақта-

шаның массасы 12,28 г болғанда ерітіндіден алынды.  Ерітін-

діге өткен мыстың, бөлінген күмістің массаларын (г) және

ерітінді құрамында қалған күміс нитратының массалық үлесін

(%) есептеп  табыңдар (Ar(Cu) – 63,5; Ar(Ag) – 107,87).

A) m(Cu) – 3,42; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 8,13%

B) m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 4,93%

C) m(Cu) – 3,16; m(Ag) – 5,45; ω2(AgNO3) – 5,25%

D) m(Cu) – 4,26; m(Ag) – 7,04; ω2(AgNO3) – 6,43%

E) m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 7,93%

Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

ω1(AgNO3) – 10,0%

V(AgNO3) – 136,0 мл

ρ – 1,25 г/мл

m1– 10,0 г

m2– 12,28 г

———————————

табу керек:  m(Cu) - ?

m(Ag) - ?

ω2(AgNO3) - ?

  1. Ерітіндідегі күміс нитратының массасын мына формула бойынша табамыз: 

  2. ω =  → m(AgNO3)=  =  = 17 г

2) Мыс тақташа ерітіндіге батырылғанда мынадай реакция жүреді:

Cu + 2AgNO3 = Cu(NO3)2 + 2Ag↓

3) Мыстың қанша мөлшері (моль) еритінін және күмістің бөлінген

мөлшерін мына теңдеу бойынша анықтаймыз:

а) ν=  → m = ν.M

ә) 10 – 63,5ν+ 107,87ν= 12,28

44,37ν= 2,28

ν= 0,0514 моль

4) Ерітіндіге өткен мыстың массасы:

m(Cu) = ν.M = 0,0514.63,5 = 3,26 г

Бөлінген күмістің массасы:

m(Ag) = ν.M = 0,0514.107,87 = 5,54 г

5) Ерітіндіде қалған күміс нитратының массасы:

m(AgNO3) = 17 - ν.M = 17 – 0,0514.169,87 = 8,27 г

6) Реакциядан кейінгі ерітіндідегі күміс нитратының массалық үле-

сін есептейміз:

ω2(AgNO3) =  =  = 4,93%

Жауабы: m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 4,93%


Ескерту:Бастапқы ерітіндінің массасы еріген мыстың есебіне

артады, ал ерітіндіден бөлінетін күмістің есебіне кемиді.

M1= ρ.V= 1,25.136 = 170 г;

M2= M1+ m(Cu) – m(Ag) = 167,72 г


4. Ас тұзы ерітіндісін электролиздегенде 2,8 л(қ.ж.да) хлор

бөлінді. Түзілген ерітіндіге 7,75 г фосфорға концентірлі азот

қышқылы әсер еткенде түзілген фосфор қышқылы қосылды.

Соңғы ерітіндіде түзілген тұздың массасын (г) есептеп табың-

дар.

A) 30,00

B) 34,00

C) 45,48

D) 58,00

E) 25,25

Шешуі:

Берілгені:                        ‌  ‌

V(Cl2) – 2,8 л

m(P) – 7,75 г

———————————

табу керек:  m(тұз) - ?


1)      Ас тұзының электролиз теңдеуін жазып, түзілген ерітіндідегі

сілтінің массасын табамыз:

2NaCl + 2H2O  Cl2↑+H2↑+2NaOH

22,4 л —— 80 г түзілді

2,8 л —— х г түзілді

х = 10 г NaOH

2) Фосфордың концентірлі азот қышқылымен әрекеттесу тең-

деуі бойынша түзілген фосфор қышқылының массасын есеп-

тейміз:

3P + 5HNO3 + 2H2O = 3H3PO4 + 5NO↑

3.31 гнан  ————— 3.98 гтүзіледі

7,75 гнан  ————— х г түзіледі

х = 24,5 г

  1. Түзілген сілті мен қышқылдың мөлшерін анықтаймыз:

  2. ν=  =  = 0,25 моль NaOH

ν=  =  = 0,25 моль H3PO4

4) Фосфор қышқылы үш негізді қышқыл болғандықтан, ол үш

түрлі тұз түзеді:

а)  3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O

ә)  2NaOH + H3PO4 = Na2HPO4 + 2H2O

б)  NaOH + H3PO4 = NaH2PO4 + H2O

Соңғы теңдеуде заттардың 1 : 1 моль қатынаста әсерлесуі

көрініп тұр, осы теңдеу бойынша түзілген тұздың массасын

табамыз:

NaOH  +  H3PO4  =  NaH2PO4  +  H2O

1 моль   –  1 моль  –  1 моль

0,25 моль – 0,25 моль – 0,25 моль

ν=  → m(NaH2PO4) = ν.M(NaH2PO4) = 0,25.120 = 30 г



2. Көлемі 200 мл (p = 1,46 г/мл) 80%-дық концентрлі азот қышқылы мыспен әрекеттескенде қандай газ, қанша көлемде ( қ.ж.) бөлінеді?

Берілгені: Шешуі:

ω(HNO3)=80% Cu+4HNO3(k)=Cu(NO3)2+2NO2↑+2H2O

ρ=1,46 г/мл ν,моль 1 4 2

Vерітінді=200 мл М,г/моль 64 63 -

 m,г 64 252 -

m(Cu)=200 г V,л --- -- 44,8

т/к V(NO2)=?

 m(HNO3)=200*1,46*0,8=233,6

МФ(Cu)= [pic]

МФ(HNO3)= [pic]

МФ(HNO3)< МФ(Cu)

252 г HNO3:44,8 л NO2=233,6 г HNO3:x л NO2

x=41,53 л

 Жауабы:41,53 л NO2