Азот қышқылы 9 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: §16 Азот қышқылы

Сабақтың мақсаты: Оқыту: азот қышқылының химиялық құрамы туралы оқушының білімін арттыру және тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық баланс әдісімен теңестіруді үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың химиялық теңдеулер құрау арқылы білімін,біліктілігін арттырып,өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелік:  реактивтермен жұмыс жасағанда ұқыптылыққа тәрбиелеу. Керекті құралдар мен реактивтер: Азот қышқылының ерітіндісі, сынауықтар, лакмус қағазы, магний оксиді, натрий гидроксидінің ерітіндісі, индикатор қағазы, мыс сымы. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа дайындықтарын тексеру. 2.Оқушылардың білімдерін тексеру.

Химиялық диктант

А) Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде ......электрон бар

Б) Азоттың ең жоғарғы тотығу дәрежесі........

С) Азоттың электрондық формуласы.........

Д)  Азоттың ресми ашылған жылы.........

Г) Ауадағы азоттың көлемдік үлесі........

Ж) Азот адам ағзасында........%

Е) Азот ......, ......,...... газ

Л) Бөлме температурасында тек ........ әрекеттеседі

М) Азот......және....... қасиет көрсете алады

К) Адам азотты .......... арқылы алады  

Түсіндірмелі диктант:

1. Заттарды ата:  

2. Тотығу дәрежесін анықтау:  .

3. Бұл қосылыстардың ұқсастығы қандай?

4. Жалпы қандай тақырыпты оқимыз? 

3. Жаңа сабақ:  Жаңа сабақты ертегімен бастаймыз, оны тыңдағаннан кейін сабақтың тақырыбын айтыңдар.

«Ол ең таңғажайып, ең керемет әлем  – химиялық лабораторияда дүниеге келді. Оның әкесі – азот(IV) оксиді, ол туа біткен қатігез болған. Ал анасы  қарапайым және байыпты әйел, оны су деп атаған.  Олардан кішкентай және түссіз болып әдемі ұл дүниеге келеді.  Ұлдың есімін – Азот деп қояды. Тегі Қышқыл болады . Сабақ тақырыбын атаңдар. Сабақ тақырыбы: «Азот қышқылы»

Молекулалық құрылымы

Молекулалық  формуласы:  HNO3

Құрылымдық  формуласы: 

Қышқылдың қасиеттері: Негіздігіне қарай:  бірнегізді Құрамындағы оттекке байланысты: оттекті қышқыл Суда ерігіштігі: ериді Тұрақтылығы: тұрақсыз Ұшқыштығы: ұшқыш     Диссоциациялануы:қиын Физиккалық қасиеті: тығыздығы 1,51 г\см3  қату температурасы  -42С,қайнау температурасы  86С. HNO3(конц.түтінденеді)сары түсті, HNO3(сұйық түтінденбейді)түссіз. Атмосферада «түтінденеді» оның буы ылғалды өзіне тартып,майда тұман тамшыларына айналады.

HNO3 ---------4 NO2+ О2 + 2 H2 O 

Азот қышқылымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі -Резеңке қолқаппен жұмыс жасау -Күйіктен сақтану -Теріге қышқыл тисе салқын судың астында ұстау. Химиялық қасиеті: 1.Басқа қышқылдармен ұқсастығы 2.Өзіндік қасиеті Азот басқа қышқылдармен салыстырғанда өте күшті және өзіне сенімді қышқыл. Негіздік оксидтермен 

CuO+2HNO3=Cu(NO3)2+H2O

CuO+2H++2NO3-=Cu2++2NO3-+H2O

CuO+2H+=Cu2++H2O

Ерімейтін негіздермен    Cu(OH)2+2HNO3=Cu(NO3)2+2H2O

Еритін негіздермен   NaOH+HNO3=NaNO3+H2O

 

Тұздармен     Na2CO3+2HNO3=2NaNO3+CO2+H2O

 

Өзіндік қасиеті: металдармен сутегі бөлінбейді.

Металдар Концентрлі қышқыл

HNO3   >    60% Сұйытылған қышқыл

HNO3    30%<     60%

Белсенді 

Li - Zn

NO, NO2 NO2, N2  

N2 O

Орташа белсенді 

Cr - Sn Әрекеттеспейді NO, NO2

N2 O, NН3

Белсенділігі төмен 

Pb - Ag NO2 NO 

Асыл металдар

Au, Pt - -

 

Азот қышқылын 1650жылы таза күйінде неміс химигі Глаубери Иогани Рудольф алды.

Алынуы: лабораторияда натрий нитратына күкірт қышқылымен әсер ету арқылы.      Өнеркәсіпте аммиакты тотықтыру арқылы Қолдалынуы:тыңайтқыштар өндіруге,қопарғыш заттар алуға,пластмассалар ракета отынын алуға. Бекіту:   Мына пайымдауға келісесіңба?( иә, жоқ деп жауап беру керек)

1. Азот қышқылы күшті тотықтырғыш.

2. Азот қышқылы тек еритін негіздермен әрекеттеседі.

3. Азот қышқылы жарықтың әсерінен ыдырайды.

4. Азот қышқылының тұздары нитраттар деп аталады.

5. Азот қышқылы тек металдардың кернеу қатарындағы сутектен кейінгі тұрған металдармен әрекеттеседі.

6. Азот қышқылы алюминиймен әрекеттеспейді.

7. Азот қышқылын өнеркәсіпте аммиактан алады. 

8. Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде сутек бөлінбейді.

Үйге тапсырма:§16 5,6 жаттығуларды орындау 58бет.

Азот қышқылы туралы интернеттен мағлұматтар жинау