Тақырыбы: Күкірт қышқылы және тұздары.
Мақсаты:
Б: Оқушыларға күкірт қышқылының молекула құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері мен халық шаруашылығында қолданылуы туралы білім бере отырып химиялық реакциялар көмегімен қасиеттерін жаза білуге дағдыландыру;
Д: Оқушылардың күкірт қышқылы туралы іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой - өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, оқулықтан өз бетінше білім алуға, химиялық формула бойынша реакция теңдеу жаза білуге дағдыландыру;
Т: Экологиялық тәрбие бере отырып, оқушының тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы күкірт қышқылының қосылыстарын өмірде, тұрмыста, қолданылуын және қоршаған ортаға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдісі: ақпаратты - комплексті, топтық, сұрақ - жауап, сөз - көрнекі.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, тірексызба, танымдық тапсырмалар, суреттер.
Сабақ барысы:
І ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, жұмыс орнын әзірлеу)
Тренинг алдарыңызда жасыл, қызыл, сары түсті дөңгелектер бар. Кімнің көңіл –күйі өте жақсы жасыл түсті көрсетеміз, кімнің көңіл-күйі жақсы сары түсті көрсетеміз, кімнің көңіл-күйі орташа қызыл түсті көрсетеміз. Барлығымыздың көңіл-күйіміз жақсы екен, сабақты сәтті өткізіп, сабақ соңында да осындай көңіл күйде болуларыңа тілекшімін.
ІІ үй тапсырмасын сұрау.
а ) Графикалық диктант.
H2S (күкіртсутек) берілген. Төмендегі сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріңіз.
1. Күкірттің тотығу дәрежесі – 2
2. Бұл жай зат
3. Өте улы газ
4. Бұл негіз
5. Жағымсыз иісі бар
6. Күшті қышқылдық қасиет көрсетеді
7. Суда нашар ериді
8. Ауада көгілдір жалыншығарып жанады
9. Заттың құрамына сутегінің төрт молекуласы кіреді.
10. Әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.
ІІІ жаңа материалды түсіндіру.
Жұмбақ
Түссіз, ауыр, сұйықтық
Су құйылса, қызып тұр.
Ылғал тартып ауадан,
Күштілігі артып тұр,
Ал, қанекей айтыңдар
Қай қышқылды айтып тұр?
Жауабы: Күкірт қышқылы Күкірт қышқылы- химиялық технологияның кең қолданылатын негізгі өнімдерінің бірі немесе «өндірістің наны» деп аталады. Күкірт қышқылын кеңінен қолдану үшін онымен толық танысуымыз керек. Ол үшін алдарыңыздағы сізге жол көрсететін нұсқау – конспектілеріңізге назар аударыңдар. Осы нұсқау-конспектінің көмегімен бірге бүгінгі сабақты талқылаймыз.
Кітаптан күкірт қышқылының физикалық қасиетін оқып ассоциация құрады.
[pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
Суға күкірт қышқылын араластыра отырып еппен құю керек.
Бір оқушы тақтаға химиялық формуласын, екінші оқушы құрылыс формуласын жазады.
Сұрақ: Күкірт қышқылы қандай қышқыл? (күшті)
Химиялық қасиеті.
Диссоциацияланады.(тақтаға оқушылар шақырылады. Бір оқушы бірден диссоциациясын, екінші оқушы сатылап диссоциациялайды.)
Диссоциация нәтижесінде сутегі катионы түзіледі, сондықтанда әмбебап индикаторының түсін қызылға өзгертеді)(тәжірибе)
Сұрақ:Күкірт қышқылы ертіндісі қандай заттармен әрекеттеседі? (оқушылар жауабы.)
1.Кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металлмен әрекеттеседі.Тәжірибе (Оқушы тақтаға шығады.)(тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышын табады.)
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2
2.Негіздік оксидпен әрекеттеседі. Тәжірибе(оқушы тақтаға шығады.)(Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеуін жазады.)
СиО + Н2SО4 = СиSО4 + Н2О
3.Сілті мен негізбен әрекеттеседі. Тәжірибе (оқушы тақтаға шығады.)(Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеуін жазады.)
2NaOH + Н2SО4=Na2SО4 + Н2О
4.Тұзбен әрекеттеседі, нәтижесінде тұнба түзіледі. Тәжірибе (оқушы тақтаға шығады.)(Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеуін жазады.)
Сапалық реакция.
ВаСІ2+ Н2SО4=ВаSО4↓ + 2НСІ
Ақ
Ерекше қасиеті.
Концентрлі күкірт қышқылы қыздырғанда сутектен кейінгі металдармен әрекеттеседі.
Cu + Н2SО4 = CuSО4 + SО2 +Н2O
Oлеум дегеніміз өндірісте күкіртті газды 98% күкірт қышқылымен сіңіреді.
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
қолданылуы
[pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] Тұздары
Сульфат гидросульфат
Na2SO4 Ca(HSO4)2
IV материалды пысықтау.
А- №1 В-№2 ,1 жаттығулар
VҚорытынды: Концентрлі күкірт
қышқылымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?
VI Ү/т§ 15