Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сарина С.И.
Сыныбы – 11(Ж) сабақ реті: күні________
уақыты Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:
Оқушыларға карбон қышқылдарының қасиеттері туралы білімді қалыптастыру;
карбон қышқылдарының гомологтары , изомерлерінің формуласын құрастыру,химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру ,түсіндіре білу білім және дағдыларын жетілдіру;
талдау,жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі:
Жаңа сабақ. беру
Сабақ өткізілу түрі:
Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау,тәжірибе көрсету.
Құралдар мен реактивтер:
интерактивті тақта, пробиркалар, стеарин балауызы, сабын,тұз қышқылының ерітіндісі, гранулы цинк түйіршіктері, кальций оксиді, мыс гидроксиді, сірке қышқылының ерітіндісі
Ұйымдастыру
кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.
5-7
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
Карбон қышқылдарының қасиеттері.
1.Білімді жаңғырту:
1 . 11-ЕТЖ-1 жаттығулар орындау
№7-74 – 7-80
7-74 құмырсқа қышқылы, 2-этил-4 метил-пентан қышқылы, пропан қышқылы, 3,3 –диметилбутаналь, гексан қышқылы.
7-79
1 и 5, 2,3,4,6
3-4
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды
шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1.Мұғалімнің аызша түсіндіруі
Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері.
1. Металдармен әрекетесуі
2CH3COOH+Ca(CH3COO)2Ca+H2
2. Металл оксидтерімен әрекетесуі
2CH3COOH+CaO----(CH3COO)2Ca+H2O
3. Нейтралдану реакциясы
2CH3COOH+Ca(OH)2------(CH3COO)2Ca+2H2O
4.Тұздармен әрекетесуі
2CH3COOH+CaCO3------(CH3COO)2Ca+H2O+CO2
5.Галогенагентінің әсері
6. Этерификация реакциясы
CH3COOH+HOСH2CH3---------------CH3COOC2H5+H2O
7.Қышқылдарды галогендеу
CH3COOH+Br2CH2BrCOOH
Өндірісте көп мөлшерде алифатты монокарбон қышқылдары синтезделеді.
2. Табиғатта кездесуі:
1. параграф 10.4 өз бетінше оқу (нашар үлгерушілермен жұмыс)
Құмырсқа қышқылы: құмырсқада, қалақайда. Сірке қышқылы тамақ өнімдері,шірігенде ашығанда пайда болады.
3. Карбон қышқылдарының физикалық және химиялық қасиеттері:
А)карбоксил тобындағы О—Н-байланыстың үзілуі арқылы жүретін реакциялар (диссоциациялану)
О
R---С
О------Н
Б). карбоксил тобындағы О—Н-байланыстың үзілуі арқылы жүретін реакциялар (күрделі эфирлердің тотықсыздану реакциясы)
О
R---С
ОН
В).декарбоксилдеу,мысалы электролиз: R------СООН:
СН3СООН------СН4 + СО2
Г) радикалдың а- көміртег іатомы бойынша жүретін реакциялар , мысалы а- галогенокарбон қышқылының түзілуі:
О
R----СН2----С
ОН
Диссоциация:
СН3СООН-------СН3СОО- + Н+ (индикаторға әсері - лимон,алма кесегін алу)
Металлдармен кальций
2 CН3СООН + Zn----- (CН3СОО)2Zn + Н2
Кальций оксидімен кальций :
2 CН3СООН + Са----- (CН3СОО)2Са + Н2 (қышқылда ериді)
Этерификация реакциясы:
CН3СООН + С2Н5ОН----- CН3СООС2Н5 +НОН
15-20
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын
алғашқы тексеру кезеңі:
Білімділік мақсаты:
1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;
11-ЕТЖ-1 мен жұмыс істеу № 7--85
2-3;
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
№8-10 жаттығу орындау
Дәптерге жазу.
6-7
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Жаттығуды тексеру .
3-4
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
Параграф 10.2 - 10.4 -оқу, жатт. 11,12 - жазбаша орындау
1-2
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.
1-2
Рефлексия кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.
1-2
1-