Сабақ жоспары: Химиялық реакцияның жүруіне әртүрлі факторлардың әсері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Химиялық реакцияның жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері.

Мақсаты:

Білімділік: Химиялық реакцияның жылдамдығы туралы оқушылардың білімін жүйелеу.

Дамытушылық:Гомогенді және гетерогенді реакцияның жылдамдығына әсер ететін әртүрлі факторларды түсіндіру.Вант –Гофф ережесін тұжырымдау.

Тәрбиелік:Оқушыларды хмиялық реакцияның жылдамдығына арналған жаттығулар мен сандық есептер шығаруға үйрету.

Әдісі: Жеке, топтық.

Типі: Жаңа материалды меңгерту.

Көрнекілігі: Электрондық оқулық, күкірт қышқылы, барий тұздары, мыс, азот қышқылы, т.б.

Барысы:

І ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

І химиялық диктант.

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін ғылым---------------------------------------------------------------- деп аталады.

  2. Жалпы түрдегі рекция жылдамдығын былай------------------------------------------------ өрнектеуге болады.

  3. Жүйе дегеніміз-----------------------------------------------------------.

  4. Гомогенді жүйе дегеніміз-------------------- фазадан тұрады.

  5. Гетерогенді жүйе дегеніміз ------------------------------- фазадан тұрады.

  6. Гомогенді реакцияның жылдамдығын сипаттайтын математикалық өрнек-------------------------------

  7. Гетерогенді реакцияның жылдамдығын сипаттайтын математикалық өрнек-------------------------------

ІІ тест әдісі.

  1. Гомогенді жүйені табыңыз.

А)CaCO3 (қ) = CaO (қ) +CO2 (г)

В) CO2(г)+C(қ) = 2CO(г)

С) 2CO(г) +O2(г) =2CO2(г)

Д)C(қ)+O2(г)=CO2(г)

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы мына теңдеумен анықталады.

А)υ= Δ t/ Δ c

В) υ= c-t

С) υ= c2-c1/ t1-t2

Д) υ= c2-c1

  1. Қандай екі зат бірбірімен үлкен жылдамдықпен бірдей жағдайда әрекеттеседі.

А) Zn және H2SO4

В) H2SO4 және Mg

С)Fe және H2SO4

Д)Pb және H2SO4

  1. НСІ да мырыштың еруі мына жағдайда кемиді.

А) қышқыл концентрациясын арттырғанда.

В) мырышты ұсақтағанда

С) температураны жоғарлатқанда

Д) қышқылды сұйылтқанда.

  1. Қандай екі зат бір –бірімен үлкен жылдамдықпен бірдей жағдайда әрекеттеседі.

А) Са және H2SO4 В) H2SO4 және Mg

С)Fe және H2SO4 Д)Ni және H2SO4

ІІІ жаңа материалды түсіндіру.



Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар.








  1. Әректтесуші заттардың табиғатына байланыстылығы.

Мысал: оттегі + сутегі азот+ сутегі

Реакция тез жүреді. Реакция баяу жүреді.


Электрондық оқулықтағы тәжірибе:

НСІ +Zn

НСІ +Fe

HCI + Cu


  1. Концентрацияға байланысты.

А+В заттары әрекеттесу үшін олардың молекулалары соқтығысу қажет. Соқтығысу көп болса, реакция жылдам жүреді.

Әрекеттесуші заттардың концентрациясы жоғары болса, соқтығысу күшті болады.

Тәжірибе:

Үш стакан алып, біріншісіне 10 мл натрий тиосульфатын, екіншісіне 20 мл натрий тиосульфатын , үшіншісіне 30 мл натрий тиосульфатын құямыз, әрбір стаканға 50мл жеткенше күкірт қышқылын құямыз.

Қайсысының концентрациясы жоғары? Осы үш стаканға күкірт қышқылын құямыз , реакцияны бақылаймыз.Қай стаканда реакция тез жүреді? Концентрациясы жоғары стаканда молекулалардың соқтығысуы нәтижесінде реакция тез жүреді.


Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне пропорционал.

Мыс : А+В= С+Д


= CA * CВ CA * CВ- заттардың концентрациясы моль/л

  • жылдамдық клнстантасы.


Химиялық кинетиканың негізгі заңын әректтесуші массалар заңы деп аталады.

Бұл тек гомогенді реакцияға қатысты.


  1. Температураның әсері.

Көптеген реакциялардың жылдамдығы температураны көтергенде артады.Экспиременттік материалдарды қорытып Вант-Гофф мынадай ереже ұсынды.

Температураны әрбір 10 градусқа көтерген сайын реакцияның жылдамдығы 2-4 есе артады.

Вант –Гофф математикалық түрде оны былай жазуға болады деп ұсынды:


Т2

= γТ2-Т1

Т1

Мысал: Температуралық коэффициент 3 ке тең болса, онда темпратураны 100 градусқа көтергенде реакцияның жылдамдығы 60000 есе өседі.

γ = 3

t = 1000c

т/к υ =?


Жылдамдықтың температураға тәуелді екенін алғаш швед ғалымы С.Аррениус түсіндірді. Температура беру арқылы белсенді емес молекулаларды белсендіруге болады.

Белсенді емес молеклаларды, белсенді молеклаларға айналдыруға қажетті энергияны белсендіру энергиясы деп атайды.


IV жаңа материалды пысықтау.

І бөлім. Сұрақтар бөлімі.

  1. Гомогенді және гетерогенді реакциялардың жылдамдығына қандай фактолар әсер етеді?

  2. Белсенді соқтығысу теориясы температураны көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығының артуын қалай түсіндіреді?

  3. Белсендіру энергиясы деген не?

ІІ бөлім. Сандық есептер бөлімі.

5 Егер А затының бастапқы концентрациясы 1 моль/л –ге тең болса, 4 секундтан кейін бұл заттың концентрациясы 0,6 моль/л-ға тең болғандағы реакцияның жылдамдығын анықта?

6 Берілген химиялық реакцияның температуралық коэффициенті 2 болса, Температураны 1000с –қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады?

Қосымша есептер:

1 А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л , ал 10 с өткеннен кейін концентрация 0,125 моль/л болғандағы реакцияның орташа жылдамдығын есептеп шығарыңдар.

2 Температураны 100с көтергенде реакция жылдамдығы үш есе артатын болса, температураны 150 градустан 2000с дейін көтергенде реакция жылдамдығы неше есе артады.


V Қорытынды: Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Вант –Гофф ережесінің тұжырымдамасы?

VІТ §4.2 № 8 есеп.