Сабақ Химиялық элементтердің валенттілігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ

Маханова Г.Е.

М. Горький атындағы №1 гимназия-мектебінің химия пәні мұғалімі,

Жетісай қаласы, ОҚО.


Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға элементтердің валенттілігі туралы мағлумат беру

ә) дамытушылық: элементтердің валенттілігін анықтау; қосылыстардың формуласын құрастыру; қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастыру біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;

б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.


Сабақ құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, тірек кестесі,молекулалар модельдері, жауап парақтары.


Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру


II. «Ой шақыру» кезеңі: сұрақтар қою арқылы және тірек–сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру:

А. «Cен білесіңбе?»

оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді, дұрыс жауап үшін матрицада 1 ұпай қосылады

1 нұсқа сұрақтары:

  • Заттар қандай бөлшектерден құралған?

  • Атомдармен мен молекулалардың айырмашылығы қандай?

  • Химиялық элемент дегеніміз не?

  • Жай заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.

2 нұсқа сұрақтары:

  • Күрделі заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.

  • Химиялық формула анықтамасы; мысал келтіріңдер.

  • Индекс, коэффициент дегеніміз не?

  • Химиялық реакция дегеніміз не?


Ә. «Химиялық диктант» тапсырма тақтада берілген, әр нұсқа өз тапсырмасын орындайды

1 нұсқа. Келесі элементтердің таңбаларын жазыңдар: магний, хлор, фтор, қорғасын, қалайы, бром, кальций, алтын, фосфор, күкірт.

2 нұсқа. Келесі элементтердің атауларын жазыңдар: Mn, Ba, Li, Hg, N, Si, K, Fe, Ag, C


Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген

1 нұсқа: Mg, Cl, F, Pb, Sn, Br, Ca, Au, P, S

2 нұсқа: марганец, барий, литий, сынап, азот, кремний, калий, темір, күміс, көміртек

Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

Б. «Кім жүйрік?»

тапсырма тақтада берілген, әр нұсқа өз тапсырмасын орындайды

1 нұсқа. Келесі қосылыстардың молекулалық массасын анықта: K24, Са(NО3)2

2 нұсқа. Келесі қосылыстағы элементтердің массалық үлестерін анықта: Nа24


Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген:

1нұсқа: K24 - 174, Са(NО3)2 -164

2. нұсқа: Nа - 32, 39%, S - 22,54%, О – 45,07%

Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

III. Ұғыну кезеңі

Валенттілік туралы түсінік

- Осы мезгілге дейін, біз оқулықта берілген заттардың дайын формулаларымен қолданып келдік. Химиялық формуланы қосылыстардың құрамына негізделе отырып құрастыруға болады. Негізінде, көп жағдайда, элементтер бір-бірімен қосылыс түзгенде арнайы заңдылықтарға бағынады.

Тапсырма: HCl , H2O, NH3, CH4 қосылыстарының сандық және сапалық құрамын салыстырыңдар.

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

1. Молекулалардың қандай ұқсастығын байқадыңдар?

Оқушылардың жауаптары- Құрамында сутек атомдары бар.

2. Молекулалардың айырмашылығы неде?

Оқушылардың жауаптары:

- HCl – Бір хлор атомы мен бір сутек атомынан құралған

- H2O – Бір оттек атомы мен екі сутек атомынан құралған

- NH3 – Бір азот атомы мен үш сутек атомынан құралған

- CH4–Бір көміртек атомы мен төрт сутек атомынан құралған


3.Қосылыстардың молекулаларының модельдерін көрсету.


5. Мәселенің шешімін табыңдар: Не себептен әртүрлі атомдар сутектің әртүрлі атом санын қосып алады? Оқушылардың жауаптарын талқылау.

6. Мәселені талқылау бйынша қорытынды жасау:

Қосылыс тузгенде атомдар басқа атомдардың, өзіне тәң, белгілі бір санын ғана қосып алады. Бүл қабілет валенттілікдеп аталады. Валенттілік сөзі латын сөзі valentia –күш деген мағынасын білдіреді.

Валенттілік” терминін Э.Франкленд 1853 ж. енгізген.

Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.

Валенттік химиялық элементтің таңбасының үстінгі жағына рим сандарымен жазылады.


I I

HCl

I II

H2O

I III

H3N

I IV

H4C


Сутек атомының валентігі I, ал оттек атомының валенттігі II тең


Валенттілігі өзгермейтін элементтердің валенттігін тұрақты, ал валенттілігі өзгеретін элементтердің валенттігін айнымалы деп аталынады.


Тұрақты валентті элементтер

I валетті элементтер: H, Li, Na, К, Rb, Cs, F, Ag

валетті элементтер: О, Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Zn, Cd

IІІ валетті элементтер: B, Al


Айнымалы валентті элементтер

I және ІІ валетті элементтер: Cu, Hg. Мысалы: Cu2О, CuО

және ІІІ валетті элементтер: Fe, Co, Ni. Мысалы: FeО, Fe2О3

және IV валетті элементтер: Sn, Pb, C. Мысалы: СО, СО2

IІІ және V валетті элементтер: P, As. Мысалы: Р2О3, Р2О5

II, IV және валетті элементтер: S. Мысалы: Н2S, SО2, SО3

II, III және валетті элементтер: Cr. Мысалы: CrО, Cr2О3, CrО3

II, IV, VI және VII валетті элементтер: Mn.Мысалы: MnО, MnО2, MnО3, Mn2О7

I, III, V және VII валетті элементтер: Cl, Br, I. Мысалы: Cl2О, Cl2О3, Cl2О5, Cl2О7


IV. Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықтау алгоритмімен танысу

Валенттілікті анықтау заңдылығы: Молекулада бір элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің саны екінші элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің санына тең.

Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі

Мысал

1. Қосылыстың формуласын жазыңдар

H2S, Cu2O

2. Валенттігі белгілі элементтің валенттігін белгілеңдер

II
H
2S,

II
Cu2O

3.Валенттігі белгілі элементтің валенттігін оның атомының санына көбейтіңдер

2
I
H
2S

2
II
Cu2O

4.Алынған санды валентігі белгісіз элементің атомдарының санына бөліңдер. Алынған жауап ізделінген валенттік болып табылады

2
I II
H
2S

2
I II
Cu2O

Жаттығу: Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта(тапсырма улестірме ретінде берілген)

1 нұсқа: SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3

2. нұсқа: HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген:

IV I VI II I II IV II II II VI II

1 нұсқа: SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3

I I V II VII II III I I II III II

2 нұсқа: HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3

Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

V. Екі элементт атомдарынан құралған қосылыстың формуласын

құрастыру алгоритмі

Амалдарды орындау реті

Фосфор(v) оксидінің формуласын құрастыру

1. Элементтердің символдарын жазу

Р О

2. Элементтердің валенттілігін жазу

V-II
P O

3. Валенттілік сандарының ең кіші орта еселігін анықтау

5•2 = 10

4.Анықталған ЕКО санын элементтердің валенттілігіне бөліп элементтердің атомдарының қатынасын анықтау. Қатынасын білдіретін сандар элементтердің индекстері болып табылады

10 : 5 = 2, 10 : 2 = 5;

P : О = 2 : 5

5. Элемент символдарының қасына индекстерін жазу

Р2О5

6. Қосылыс формуласы

Р2О5

Жаттығу орындау:Қосылыстардың формулуларын құрастырыңдар:

II I III I V II III II VII II

1нұсқа: CaCl PCl NO CrO ClO

VI II II I III I VII II III II

2-нұсқа: СrO BaCl AlH MnO PO

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген:

1нұсқа: CaCl2 PCl3 N2O5 Cr2O3 Cl2O7

2-нұсқа: СrO3 BaCl2 AlH3 Mn2O7 P2O3

Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

VI. Қосылыстардың құрылымдық формулулары туралы түсінік беру

Элементердің қосылыстағы валенттігі бойынша молекуланың құрылымдық формуласын құрастыруға болады. Құрылымдық формула – молекуладағы атомдардың байланысу тәртібін анықтайды. Атомдардың арасындағы байланыс саны сызықшамен белгіленеді.

Мысалы:Fe2О3-қосылыс молекуласында Fe - 3 байланыс, ал О - 2 байланыс түзеді, себебі Fe 3- валентті,ал О – 2 валентті элементтер.

III II

Fe2О3 молекуласының құрылымдық формуласы: О = Fe - О - Fe = О

IV II

SO2 O=S=O

VI II

SO3 O=S=O



O

VII II

Cl2O7 O=Cl-O-Cl=O



O O

VII. Cабақты қорытындылау

1.Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу:

Біз сабақ барысында қандай мәселені шештік?

Қандай қорытындыға келдік?

Валенттілік ұғымына анықтама беріңдер.

Сутек атомының валенттілігі неге тең? Оттегінің валенттілігі?

2.Матрица және жауап парақтары бойынша оқушылардың білімін бағалау.

3. Үйге тапсырма: Н.Нурахметов т.б.,Химия -8 оқулығы

§11-12; 3 34 бет; 3-4 36 бет