8 сынып Химия пәні Табиғаттағы тірі ағзадағы химиялық реакциялар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 24.10 8 химия сабақ № 16

Оқушыларға оттектің, көміртектің, азоттың табиғаттағы айналымы, қасиеттері, қолданылыуы жайында мәлімет беру. Оқушылардың заттарды элемент тұрғысынан танып, заттардың құрамын жаза білуге үйрету. 

Күтілетін нәтиже

Оқушылар оттектің, көміртектің, азоттың табиғаттағы айналымы, қасиеттері, қолданылыуы жайында мәлімет алады.Оқыушылар заттарды элемент тұрғысынан танып, мағлұмат пайда болады, заттардың құрамын жаза білуге үйренеді. 

Сабақтың түрі


Сабақтың әдіс – тәсілдері

Визуалды оқыту «Серпілген сауал»» әдісі арқылы кітаппен жұмыс жасата отырып, сұрау, зерттеушілік әңгіме. «Өкіл» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіну. Оттек, азот, көміртек табиғатта таралуы мен маңызын салыстыра отырып түсіну. «Химиялық диктант» әдісі арқылы сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау . Кері байланыс. 

Керекті жабдықтар

Оқулық әдістемелік әдебиеттер, интернет желісі.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

-сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Математикалық фигуралардың суреттері арқылы топтарға бөлу.

ІІ. Білу


  • Зат мөлшері деге не? Оның өлшем бірлігі қандай?

  • Авогадро саны нені көрсетеді? Оның шамасын қалай есептеп шығаруға болады?

  • Молярлық масса деген шама нені өрнектейді?

  • Молярлық масса, салыстырмалы атомдық масса, салыстырмалы молекулалық масса мәндерінің бірдей болатыны неліктен?

«Серпілген сауал» әдісі арқылы бастау. 1.Химиялық реакцияның неше типі бар? Ата! 2. Қосылу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! 3.Айырылу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! 4. Орынбасу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! 5. Орыналмасу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! Оқушыларға дорба лақтыру арқылы сұрақтар қойылады. 1.Сабаққа әзірлеу. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді
3топқа бөлінеді

ІІІ. Түсіну

Мағынаны тану

АКТ-ны пайдалану арқылы Көміртек, азот және оттектің табиғаттағы айналымы жайлы мағлұматтар тыңдату арқылы жаңа сабаққа қызығушылығын ояту. Оқушылар электронды оқулықты тыңдайды, дәптерлеріне жазып алады.

ІV. Қолдану

Көміртек, азот және оттектің табиғаттағы айналымы мен маңызы және қолданылуы жайлы жан- жақты сипаттап көрейік. «Өкіл жіберу» әдісімен жүргіземін. Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызу. топ мүшелері орында қалады, өкіл қалған басқа топқа барып мәлімет береді. 3- айналымнан соң топқа келіп топ мүшелеріне келіп айтады.
Постер шығарады.Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Бағалау критериі арқылы топ сарапшылары бағалайды.
 

V. Талдау


1.Оттектің табиғаттағы айналымы және маңызы, аллотропиялық түрөзгерісі.

2.Көміртектің табиғаттағы айналымы және маңызы. 3.Азоттың табиғаттағы айналымы және маңызы.

VI. Жинақтау


«Химиялық диктант» интерактивті тақта арқылы, жазылмай қалған сөздерді толықтырып жазып сөйлем шығару

VII. Қорытынды


Стикерлер арқылы көңіл-күйін білдіреді.
1.Алған білімдерін пайдаланады, сараптайды, топпен ақылдасады, сыни ойлайды.
2. Жеке химиялық диктант орындайды. Жауабын тексереді. Бағалау парағына жазады.
Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпқа түсінгендерін бағдаршам түстері арқылы көрсетеді.Қызыл – түсінген жоқпын. Сары – жартылай түсіндім. Жасыл – түсіндім.
Стикерлерін толтырып, іледі.

Бағалау критерийі

1. Эстетикалық талғамы - 1 ұпай
2. Шығармашылығы-1ұпай
3. Баяндаушының жеткізуі- 1 ұпай
4. Мазмұны – 1 ұпай
4 ұпай –«5»3 ұпай – «4» 2 ұпай –«3»1 ұпай –« 2»

VIII. Үй тапсырмасына нұсқау беру

Тақырыптарды оқып келу, Қосымша ақпараттар арқылы реферат дайындау.



Тексерген: ______________________________________________Б.Т.Сағатов