С
ыныбы: 8 сынып Пәні: химия
Күні: 5.03.16.
Тақырыбы: Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі.
Мақсаты: оқушыларға ерітінділердің концентрациясы, еріген заттардың мас
салық үлесі туралы білім қалыптастыру, теориялық білімін практикамен байланыстыра білуге, топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар еріген заттардың массалық үлесін табуды мең-гереді.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, іздену.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ.
Сабаққа кіріктірілген модуль:
1.Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқыту (ОЖЕ).
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (СТО ).
3.Оқыту үшін бакғалау және оқуды бағалау (ОҮБжОБ).
4.Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер.
5.Оқытуды бас қару және көшбасшылық(ОБжК).
Бағалау:Өзін-өзі(ӨӨБ),топтық(ТБ)
Деректер: маркерлер, кубиктер, бағалау парақтары.
Әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, Кубизм әдісі,РАФТ әдісі, Көкпар.
Сабақтың барысы: І, Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқу құралын тексеріп, түгелдеу.
2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл»-диалог арқылы сұрақ-жауап сәті:
1.Ерітінділер деген не ?
2. Сұйық заттардың суда ерігіштігі.
3.Газдардың суда ерігіштігі.
ІІІ, Жаңа сабақ: Химияда суда еріген зат пен еріткіштің арасындағы сандық
қатынасты анықтау үшін ерітіндінің концентрациясы деген ұғым
енгізілген.Ерітіндінің концентрациясы еритін зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады.Ерітінді концентрлі және
сұйытылған болып бөлінеді. Егер еріген зат мөлшері аз болса сұйылтылған,
көп болса концентрлі ерітінді деп аталады. Ерітіндідегі еріген заттың мас-
салық үлесі дегеніміз –еріген зат массасының ерітінді массасына қатына-сы:
т
ω= — . 100%.
М
ІV.Түсіну: РАФТ әдісі бойынша өткен тақырыппен жаңа тақырыптың бай-
ланысын ашу: ерітінді- еріткіш.
V.Оқулықпен жұмыс: топтарға бөлу,тапсырма беру, мәтінді оқу.
1-топ:Тұздың 20%-тік 250гр. ерітіндісін даярлау үшін қанша тұз, қанша су
керек екенін есептеңдер.
2-топ: Жеміс-жидек консервілеу комбинатында қиярды тұздау үшін ас тұзы-
ның массалық үлесі 0,05немесе 5%-тік ерітіндісі қолданылады.Осындай екі
тонна ерітіндіні дарлау үшін қанша ас тұзы және қанша су қажет екенін есеп
те.
3-топ: 200г суға 20гқант ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесін (%) табың
дар.
VІ.Талдау; 1.Кубизм әдісі.
2. «Көкпар» ойыны.
1.Кубизм әдісі бойынша әр топқа кубикке жазылған сұрақтар беру;
1-топқа: массалық үлес дегеніміз не, ол қандай таңбамен белгіленеді?
2-топқа:ерітіндідегі еріген заттың массасын қалай табады?
3-топқа: ерітіндідегі судың массасын қалай есептейді?
2. «Көкпар» ойынында есептер шығару жарысын ұйымдастыру:
1-топқа: №2-есеп.
2-топқа: №3-есеп.
3-топқа: №4-есеп.
VІІ.Кері байланыс:
VІІІ.Бағалау:Оқушылар топ болып және жеке бағалау парақшасын бағалау
шкаласына қарап толтырады.
ІХ. Үйге: § 38, №5, 6 есеп (106 бет ).