Сабақ жоспары
Пәні: химия
Сыныбы: 10
Сабақ реті:
Сабақ реті:
Тарау:
VІ тақырып. Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары
Сабақтың тақырыбы:
§6.1.6.2. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s – элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру
Сілтеме:
Химия оқулығы 10 сынып. Электрондық оқулық. М.Қ.Құрманәлиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары»
Стратегия:
1.Оқушының химияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 7 модульді тиімді пайдалану
1.1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
1.2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
1.3.АКТ қолдану
1.4.Талантты және дарынды балаларды оқыту
1.5.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Күтілетін нәтиже:
Жұбымен жұмыс жасай біледі, топта бірлесе жұмыс жасай алады, бірін-бірі үйретуге машықтанады, әр түрлі көзқарастарды, басқа оқушылардың пікірлерін құрметтейді, бағалауды үйренеді ерекшеліктерін анықтай алады, өз ойларын сараптай алады, ойлау логикасы дамиды, сұрақ қоя білу дағдылары дамиды, сыни тұрғыда ойлауға үйренеді, қалай нені оқу керектігін үйренеді, АКТ тиімді пайдалана алады.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s – элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі туралы білім беру
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сабаққа деген белсенділігін, алған білімді есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы түсіндіріп білімдерін дамыту.
Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Оқушыларды топпен бірге жұмыс істеуге, уақытты тиімді пайдалануға, ұйымшылдыққа, қиын тапсырмаларды кейінгі қалдырмауға, өзінің және басқа оқушылардың пікірін қадағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілі:
1.Репродуктивті әдіс. Білім- білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту
2.Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылар өз бетімен шешіп, материалмен жұмыс жасайды.
3.Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі бір мақсат қойып оған жету жолдарын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді. Топтық жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп жауап топ ішінде жинақталады. СТО технологиясы бойынша стратегияларды пайдалану, Венн диаграммасы, ирек, еркін жазу, салыстыру, репродуктивтік, жартылай ізденгіштік, концептуалдық дөңгелек сызбасы
Пәнаралық байланыс:
Физика, математика
Көрнекі құралдар:
кесте, оқулық, карточкалар.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу 3 минут
2. Химиялық диктант 5 минут
Оқушыларды топқа бөлу 2 минут
3. Жаңа материалды меңгерту. Мағынаны тану 8 минут
4. Кубизм. 10 минут
5. «Кім жүйрік». 5 минут
6. «Білгенге маржан». 7 минут
7. Оқушылардың білімін формативті бағалау 3 минут
8. Үй тапсырмасы 2 минут
Сабақ кезеңдері:
Берілген уақыт мөлшері:
Мұғалім қызметі
Оқушы қызметі
Блум таксономиясы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу
Келмеген оқушылар туралы мәлімет алу
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Қызығушылықты ояту сатысы:
Химиялық диктант
Оқушының міндеті үй тапсырмасын, өткен тақырыптарды еске түсіру.
Реакцияны аяқта:
Cu + Mg(NO3)2 →
Теріс зарядты электрод. (Катод)
Стандартты жағдайдағы электродтың потенциалы не деп аталады? (Стандартты электродтық потенциал)
Платина тығыздығы нешеге тең? (21,5 г/см3)
10000С –ден төмен балқитын металдар не деп аталады? (Оңай балқитындар)
Металдардың жеңіл және ауыр деп қандай қасиетіне байланысты бөлінеді? (Тығыздығына)
Периодтық жүйедегі галогендер орналасқан топ. (VII топ, А негізгі топша)
Стандартты жағдайдағы температура нешеге тең? (298 К)
1.Білу
Өз бетімен ізденіп жұмыс жасай білу
Жаңа материалды меңгерту
Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім оқушыға мәтінді топ бойынша бөліп береді.
Оқушы мәтінді оқып бір – біріне түсіндіріп береді.
І топ. s – элементтердің жалпы сипаттамасы
ІІ топ. Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері
ІІІ топ. Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері.
І топ. s – элементтердің жалпы сипаттамасы
s – элементтер өздерінің валенттік электрондарын оңай береді де, күшті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Бұл қасиет ІІ топтың элементтеріне қарағанда І топтың элементтерінде айқынырақ байқалады. Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.
Ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топтарда артады. Бұл элементтердің сипаттамаларын салыстыру көрсеткендей, цезий атомынан сыртқытэлектрон жеңіл үзіледі, сондықтан цезий ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.
ІІ топ. сілтілік металдардың физикалық қасиеттері
Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді.
Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті, олар жұмсақ. Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.
Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.
ІІІ топ. Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері
Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір – біріне өте жақын. Олар – ең жақсы тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі өте жоғарылар. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті литийден цезийге қарай өседі, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электронды үзіп алып, катиондар түзуге қажетті энергия кемиді.
Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сумен, қышқылдармен әрекеттеседі.
2. Түсінді.
Тақырыпты талдай отырып, оқушылар металдардың физ – химиялық қасиеттерін түсінді.
Кубизм әдісі
Мұнда оқушылардың тақырыпты толық меңгергенін бақылау үшін төрт топқа кубтың алты қыры арқылы тапсырма беріледі.
Оқулықты пайдалана отырып, берілген тапсырманы топпен орындау. Кубтың қырларында жазылған сұрақтарға топпен жауап беру.
Сілтілік металдарды атаңдар. (Литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)
Натрий және калий қосылыстарын ашқан химиктер. (Ағылшын химигі Г.Дэви және неміс химигі Р.Бунзен)
№87 элементті ашқан химик. (Француз химигі М.Пере)
Натрийдің балқу температурасы. (97,70С)
Жер қыртысында болмайтын радиоактивті элемент. (Франций)
Элементтердің таралуы бойынша калий нешінші орында? (7)
3.Тапсырманы орындағанда жаңадан алған білімдерін қолдану
«Кім жүйрік»
Оқушылардың алған білімдерін есептер шығару барысында тексеру.
Тапсырманы дұрыс орындауға кірісіп, өзара талдау жасайды.
І топ. ІІ топша элементінің 13,05 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 3,36 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Me + H2SO4 = MeSO4 + H2
13,05 г ―3,36 л
Х ― 22,4 л
Х = 87 Sr
ІІ топ. ІІ топша элементінің 27,4 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Me + H2SO4 = MeSO4 + H2
27,4 г ―4,48 л
Х ― 22,4 л
Х = 137 Ва
ІІІ топ. ІІ топша элементінің 1,2 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 1,12 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Me + H2SO4 = MeSO4 + H2
1,2 г ―1,12 л
Х ― 22,4 л
Х = 24 Мg
4.Талдау (анализ).
Есептерді шығару барысында s – элементтердің периодтық жүйедегі орнына талдау жасайды.
«Білгенге маржан»
Мұнда оқушылардың тақырыпты толық меңгергенін бақылау мақсатында тақырып соңындағы тапсырмалар беріледі
Оқушылар топпен бірге жаңа тақырыптан алған білімдерін жинақтайды.
І топ. Мына айналымдарды жүзеге асыр:
Li3N→Li→Li2O→LiOH→Li2SO4
1)2Li3N → 6Li + N2
2)4Li + O2 = 2Li2O
3)Li2O + H2O = 2LiOH
4)2LiOH + H2SO4 = Li2SO4 + 2H2O
ІІ топ. Массасы 4,6 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы 30 г осы металдың йодиді түзіледі. Реакция үшін қандай сілтілік металл алынған?
2Мe + I2 = 2MeI
4,6 г ―30 г
Х ―х * 127
4,6 г*(х * 127) = х * 30 г
4,6 х + 584,2 = 30 х
584,2 = 30 х – 4,6 х
584,2 = 25,4 х
Х = 584,2 / 25,4
Х = 23
Д/ж: Аr(Na) = 23
ІІІ топ. ІІ – А топша элементінің 2 грамы тұз қышқылының құрамынан 1,12 л Н2 бөліп шығарса, ол қай элемент болғаны?
Me + 2HCl = MeCl2 + H2
2 г ―1,12 л
Х ― 22,4 л
Х = 40 Са
5.Жинақтау (синтез). Оқушылардың білімін бекіту үшін тапсырмалар оқулықтан беріледі.
Рефлексия
Біз бүгін не білдік?
«Кері байланыс»
Жинақтау
Оқушыларды бағалау
Әрбір тапсырма бойынша ұпай беріледі.
Топ мүшелері өзара тапсырмаларды орындау барысында көрсеткен білімдерін өзара бағалайды.
6.Бағалау парағы
Бағалау критерийлері:
Орындалатын жұмыстар
Тапсырманың сипаттамасы
Дескрипторлар
1.Химиялық диктант
Дәптерлерінде бар ма?
1.Сұрақтың барлығы дұрыс
2. Екеуі дұрыс емес
3. Төртеуі дұрыс емес
2.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен танысып, негізгі түйінді мәселені табу, түсінікті жеткізу
1.Мәтінмен танысып, негізгі түйінді мәселені таба білді, түсінікті жеткізді.
2.Мәтінмен танысып, негізгі түйінді мәселені таба алмады, толық жеткізі алмады
3.Өзімен – өзі отырды
3. Кубизм әдісі
Тақырып бойынша берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру
1.Барлығына дұрыс жауап берді.
2.Біреуіне дұрыс жауап бермеді.
3.мүлдем жауап бере алмады.
4. «Кім жүйрік»
Топпен бірге берілген есептерді дұрыс шешу
1.Есептер дұрыс шығарылған
2.Есеп дұрыс шығарылмаған
3.Тапсырма орындалмаған
5.«Білгенге маржан»
Оқушыларға берілген сұрақтарға топпен бірге жауап беру.
Дәптерлерінде барма?
1. Сұрақтарға дұрыс жауап берді
2.тапсырма дәптерге жазылмаған.
3.Тапсырма орындалмаған.
Үйге тапсырма
§6.6. Натрий және калий қосылыстары
Ақпарат құралдарынан мәліметтер
2. Екеуі дұрыс емес
3. Төртеуі дұрыс емес
2.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен танысып, негізгі түйінді мәселені табу, түсінікті жеткізу
1.Мәтінмен танысып, негізгі түйінді мәселені таба білді, түсінікті жеткізді.
2.Мәтінмен танысып, негізгі түйінді мәселені таба алмады, толық жеткізі алмады
3.Өзімен – өзі отырды
3. Кубизм әдісі
Тақырып бойынша берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру
1.Барлығына дұрыс жауап берді.
2.Біреуіне дұрыс жауап бермеді.
3.Мүлдем жауап бере алмады.
4. «Кім жүйрік»
Топпен бірге берілген есептерді дұрыс шешу
1.Есептер дұрыс шығарылған
2.Есеп дұрыс шығарылмаған
3.Тапсырма орындалмаған
5.«Білгенге маржан»
Оқушыларға берілген сұрақтарға топпен бірге жауап беру.
Дәптерлерінде барма?
1. Сұрақтарға дұрыс жауап берді
2.тапсырма дәптерге жазылмаған.
3.Тапсырма орындалмаған.
Бағалау парағы
8 – 10 ұпай – «5»; 6 – 7 ұпай – «4»; 4 – 5 ұпай – «3»; 1 – 3 ұпай – «2».
Сабақ барысында қойылатын сұрақтар:
Химиялық диктант
Р [pic] еакцияны аяқта:
Cu + Mg(NO3)2 →
Теріс зарядты электрод. (Катод)
Стандартты жағдайдағы электродтың потенциалы не деп аталады? (Стандартты электродтық потенциал)
Платина тығыздығы нешеге тең? (21,5 г/см3)
10000С –ден төмен балқитын металдар не деп аталады? (Оңай балқитындар)
Металдарды жеңіл және ауыр деп қандай қасиетіне байланысты бөледі? (Тығыздығына)
Периодтық жүйедегі галогендер орналасқан топ. (VII топ, А негізгі топша)
8.Стандартты жағдайдағы температура нешеге тең? (298 К)
Жаңа материалды меңгерту
І топ. s – элементтердің жалпы сипаттамасы
s – элементтер өздерінің валенттік электрондарын оңай береді де, күшті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Бұл қасиет ІІ топтың элементтеріне қарағанда І топтың элементтерінде айқынырақ байқалады. Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.
Ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топтарда артады. Бұл элементтердің сипаттамаларын салыстыру көрсеткендей, цезий атомынан сыртқытэлектрон жеңіл үзіледі, сондықтан цезий ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.
ІІ топ. сілтілік металдардың физикалық қасиеттері
Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді.
Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті, олар жұмсақ. Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.
Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.
ІІІ топ. Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері
Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір – біріне өте жақын. Олар – ең жақсы тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі өте жоғарылар. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті литийден цезийге қарай өседі, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электронды үзіп алып, катиондар түзуге қажетті энергия кемиді.
Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сумен, қышқылдармен әрекеттеседі.
Кубизм әдісі
Сілтілік металдарды атаңдар. (Литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)
Натрий және калий қосылыстарын ашқан химиктер. (Ағылшын химигі Г.Дэви және неміс химигі Р.Бунзен)
№87 элементті ашқан химик. (Француз химигі М.Пере)
Натрийдің балқу температурасы. (97,70С)
Жер қыртысында болмайтын радиоактивті элемент. (Франций)
Элементтердің таралуы бойынша калий нешінші орында? (7)
«Кім жүйрік»
І топ. ІІ топша элементінің 13,05 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 3,36 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Me + H2SO4 = MeSO4 + H2
13,05 г ―3,36 л
Х ― 22,4 л
Х = 87 Sr
ІІ топ. ІІ топша элементінің 27,4 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Me + H2SO4 = MeSO4 + H2
27,4 г ―4,48 л
Х ― 22,4 л
Х = 137 Ва
ІІІ топ. ІІ топша элементінің 1,2 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 1,12 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Me + H2SO4 = MeSO4 + H2
1,2 г ―1,12 л
Х ― 22,4 л
Х = 24 Мg
«Білгенге маржан»
І топ. Мына айналымдарды жүзеге асыр:
Li3N→Li→Li2O→LiOH→Li2SO4
1) 2Li3N → 6Li + N2
2) 4Li + O2 = 2Li2O
3) Li2O + H2O = 2LiOH
4) 2LiOH + H2SO4 = Li2SO4 + 2H2O
ІІ топ. Массасы 4,6 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы 30 г осы металдың йодиді түзіледі. Реакция үшін қандай сілтілік металл алынған?
2Мe + I2 = 2MeI
4,6 г ―30 г
Х ―х * 127
4,6 г*(х * 127) = х * 30 г
4,6 х + 584,2 = 30 х
584,2 = 30 х – 4,6 х
584,2 = 25,4 х
Х = 584,2 / 25,4
Х = 23
Д/ж: Аr(Na) = 23
ІІІ топ. ІІ – А топша элементінің 2 грамы тұз қышқылының құрамынан 1,12 л Н2 бөліп шығарса, ол қай элемент болғаны?
Me + 2HCl = MeCl2 + H2
2 г ―1,12 л
Х ― 22,4 л
Х = 40 Са
Қосымша материалдар:
І топ. №6 есеп. Ұнтақ түрінде алынған мырыш пен алюминийді күкіртпен аздап қыздырғанда тұтанады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз. Әрбір металдың 0,5 молімен реакцияға түсетін күкірттің массасын есептеңдер.
Б [pic] ер: Шешуі:
ʋ( Zn) = 0.5 моль 1) Zn+S→ZnS
ʋ (Al) = 0.5 моль
[pic] т/к: m (S) =? ʋ (Zn) = 0.5 моль
М (S)= 32 г/моль
0,5моль – х
1моль – 32г/моль
х = 16 г (S)
2) 2Al + 3S→Al2S3
0.5 моль – х
2 моль – 3 моль
х=0,75 моль
m= M*ʋ= 0.75 моль*32 г/моль = 24 г
І [pic] І топ. №7 есеп. Құрамында 65% мырыш және 35% мыс бар 10 г құйманы артық мөлшерде алынған тұз қышқылына салады. Реакция аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні суалтты. Қандай тұз түзілді? Оның массасы қандай?
Берілгені: Шешуі:
m(Zn)= 10 г Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
ω [pic] (Zn)=65% 10г хг
ω [pic] (Cu)=35% 65 136
т [pic] /к m(тұз)=? Х =20,92 г ZnCl2
[pic] 20,92 г ZnCl2 100%
[pic] Хг 65%
Х=13,6г ZnCl2
ІІІ топ. №8 есеп. Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қанша?
[pic]
Бер: Шешуі:
m( Fe) =5,6г CuCl2 + Fe →FeCl2 + Cu
[pic] М ( Fe) = 56 г/моль М (Сu) = 64 г/моль
т/к: m (Cu) = ? 5.6 г – х
56 г/ моль – 64 г/моль
X=6.4г
Литий ең ауыр металл. (жоқ)
Тығыздығы ең көп металл осмий (ия)
Натрийдің валенттілігі ІІІ тең. (жоқ)
Ең жеңіл газ сутегі (ия)
Сынап – сұйық металл. (ия)
Алюминий қосылыстарында - 3 тотығу дәрежесін көрсетеді. (жоқ)
Калий сілтілік металл (ия)
Сұрақ қойылады, жауап берген оқушыға жауапқа байланысты мақал - мәтел құрастыруы керек.
1.СаО молекулалық массасы қай элемент атомына сәйкес келеді? /Темір/
Мақал: Темірді қызған кезде соқ.
2. І Б топшада орналасқан с. а. м. 108 болатын элемент? /Күміс/
Мақал: Тағасының күмісіне мақтанба, атыңның жүрісіне мақтан.
3. Н2О / Су/ Мақал: Су ішкен құдығыңа түкірме.
4. ІҮ А топшасындағы рет саны 82 болатын элемент? /Қорғасын/
Мақал: Қойдың сүті қорғасын, қойды ұрған оңбасын.
5. Қанға қызыл түс беретін металл? /Темір/
Мақал: Ағаш кессең ұзын кес қысқартуға оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуға оңай.
6. Сұйық металл? /Сынап/
Мақал: Көз бұлақ, көңіл – сынап.
1.Барлық бейметалдар – р элементтер.(Иә)
2. І –ІІ топтың негізгі топша элементтері s- элементтеріне жатама?(Иә)
3. р- элементтерінің металдық қасиеті жоғары.(Жоқ)
4. d - элементтерінің қосымша топша металдары қиын балқитын металдар.(иә)
5.Хром, молибден немесе вольфрам - өз периодындағы (VІ топ, қосымша топша) ең оңай балқитын элементтер.( жоқ)
Мынадай айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Са → СаО → Са(ОН)2 →СаСl2
2Ca + O2 =2CaO
CaO + H2O = Ca(OH)2
Ca(OH)2 + CuCl2 = CaCl2 + Cu(OH)2
Үйге тапсырма:
§6.6. Натрий және калий қосылыстары