Бақылау жұмысы «Негізгі және қосымша топша металдары» 10 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: Бақылау жұмысы Тақырыбы:«Негізгі және қосымша топша металдары» І – нұсқа Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.Темір (ІІІ) оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен т...


Бақылау жұмысы


Тақырыбы: «Негізгі және қосымша топша металдары»


І – нұсқа


  1. Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Li → Li2O → LiOH → Li2CO3 → CO2 → СaCO3

Li3PO4


  1. Темір (ІІІ) оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен темір (ІІІ) гидроксиді әрекеттеседі: О2, NaOH, CO2, H2SO4, NaCl? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді, ал тотығу – тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.


  1. Массасы 160 г 10% - тік мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне батырылған темір тақташасында түзілген мыстың массасын есептеңдер.


  1. Массасы 68,4 г сілтілік металл сумен әрекеттесіп 8,96 л сутек (қ.ж.) түзеді. Бұл қандай металл?




ІІ – нұсқа


  1. Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Fe FeCl2 Fe(OH)2 Fe(OH)3 Fe2O3 Fe2(SO4)3

NaFeO2


  1. Мырыш оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен мырыш гидроксиді әрекеттеседі: СаО, Н2SO4, КОН , СО2, К2SO4 , Н2О, NaОН, НСI? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді, ал тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.


  1. 20 г 10%-тік темір (ІІ) хлориді ерітіндісі мен 15 г 5%-тік натрий гидроксиді ерітіндісін араластырғанда түзілетін темір (ІІ) гидроксидінің массасын (г) есептеңдер.


  1. 20г натрий гидроксиді мен 20г хлорсутек әрекеттескенде қанша грамм тұз түзіледі?