Word. Сан қырлы сырдың иесі, сүлікте емнің киесі ғылыми жоба 16 бет

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ..........................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Сүлік және оның тіршілігі .......................................................................4


2. 2 Сүлікпен емдеу .........................................................................................5


2. 3 Сүлік туралы аңыз.....................................................................................9



ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................11


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................12


















Аңдатпа


Сүлік өте сезімтал жәндік. Ол кіршіксіз тазалықты, тыныштықты ұнатады. Қанмен қоректенеді. Қатты дауысты, иіссу тәрізді өткі иісті ұнатпайды. Сондықтан да оны осы «мінезіне» қарап, кірпияз деуге болады. Ол науқастың көңіл-қошының жоқ екенін сезінсе, жоламайды. Аш сүлік емге жақсы. Оны тым жиі, көптеп салу адам денсаулығына зиян келтіруі де ғажап емес. Адамның бойындағы аурудың сипатына қарап 3-5 рет, сырқап дендеп кеткен болса, 7 ретке дейін салады. Сүлік арам қанды сорып алумен ғана шектелмейді, оның орнына сілекей құрамындағы күрделі заттардан тұратын биологиялық қоспаларды жібереді. Міне, осы қоспа адамның көп аурудан сауығуына ықпалын тигізеді. Табиғи тәсілдер қолданыла, тірі жәндіктер пайдаланыла жасалатындықтан емнің бұл түрі – гирудотерапия деп аталады. Сүлік сондай-ақ адам бойындағы сары суды сорады, тұзды да алады.














Кіріспе


Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Дені сау адамның көңіл шат, өмірі бақытты.

Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса «Дені саудың – жаны сау», сондықтан әрбір адам өз денсаулығына жауапты қарауы керек. Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде еліміздің әрбір азаматының денсаулығы – бұл Республикамыздың жетістігі екендігін айтқан. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені – біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.

Сүлік – буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтандары да жоқ. Сүліктер – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.

Сүліктер тұщы суда тіршілік ететін иірілмелі құрттар. Жер шарында сүліктің 400-ге жуық түрі бар, ал емдік мақсатта тек бір түрі – медициналық сүлік қана қолданылады.

Мақсаты: Сүліктің адамға пайдасын анықтау және халық емшілігінде, медицинада қолдану жолдарын бақылау.






Негізгі бөлім


2. 1 Сүлік және оның тіршілігі


Сүліктің ұзындығы 12 см-ге дейін, түсі жасылдау болып келетін, арқасында ұзына бойы қызғылт-сары сызықтары бар. Бұл оны басқа сүліктерден ажыратуға мүмкіндік беретін өзіне тән белгісі. Сүліктің аузында майда тісті үш жағы және қанның ұюына жол бермейтін ерекше зат – гирудин бөліп шығаратын сілекей бездері бар.

Алыс шетелдерді былай қойғанда, сүлік салуды емшілер Ресейде ХҮІ ғасырдан бастап қолға алған. Сүліктің түрлеріне келетін болсақ, басылымдардың көпшілігінде ол екі түрге бөлінетіндігі айтылады. Олар: жылқы сүлігі және медицина сүлігі. Ал кейбір жерлерде ол 3 түрлі болады деп, жоғарыда аталғандарға балық сүлігі қосылады. «Қызыл кітапқа» енгізілуіне табиғаттағы түрлі улы заттардың зияны себеп. Сүліктің көлемі әртүрлі. Ересегінің ұзындығы – 7 сантиметрден 15-20 сантиметрге дейін, халық емшілері тиімді пайдаланып келеді.

Медицина ғылымында денеге сүлік салып емдеудің түрі «гиру­дотерапия» деп аталады. Мұндағы «gerudіs» сөзі қазақша «сүлік» деген ұғымды білдіреді. Ежелгі медицина классиктері Гален, Ибн Сина, Гиппоктар бас сақинасы, жүрек сырқаттары, жоғары қан қысымы, көтеу кезінде қан алдыру туралы айтқан.

Гиру­дотерапия кардиологияда, оф­таль­мологияда, дерматология­да, хирургияда, гинекологияда, уро­логияда, неврологияда тамаша нәтижелер беретін көрінеді. Сү­лік­ті ертеректе құшнаштар мен оташылар дененің қажетті жеріне салған. Кейін келе бұл міндетті арнайы оқыған мамандар атқа­ратын болды. Гирудотерапев маманның айтуынша, дүниежүзіндегі сүлікпен айналысатын, ұдайы өздері де сүлік қолданып жүрген мамандардың барлығының дерлік жастары 80-нен асқан көрінеді. Бұл бәлкім сүліктің адам жасын жасартатынының анық дәлелі болса керек. Мәселен, сүлік саласын зерттейтін, көптеген ғалым-профессорлар: израильдік профессор Рэгби, ресейлік ғылым Баскова, германиялық профессор Фриц, қытайлық профессор Ой секілді сүлікші ғалымдардың барлығының дерлік жастары 70-80-нен асып кеткен көрінеді. Ал қазақстандық Нәзігүл Нұрахметқызының осы саланы таңдауына себеп болған, талай жылдар сүлікті өзі де пайдаланған емші Бәкетай атасы 90 жасқа келген екен.

Сүлік өте сезімтал жәндік. Ол кіршіксіз тазалықты, тыныштықты ұнатады. Қанмен қоректенеді. Қатты дауысты, иіссу тәрізді өткі иісті ұнатпайды. Сондықтан да оны осы «мінезіне» қарап, кірпияз деуге болады. Ол науқастың көңіл-қошының жоқ екенін сезінсе, жоламайды. Аш сүлік емге жақсы. Оны тым жиі, көптеп салу адам денсаулығына зиян келтіруі де ғажап емес. Адамның бойындағы аурудың сипатына қарап 3-5 рет, сырқап дендеп кеткен болса, 7 ретке дейін салады. Сүлік арам қанды сорып алумен ғана шектелмейді, оның орнына сілекей құрамындағы күрделі заттардан тұратын биологиялық қоспаларды жібереді. Міне, осы қоспа адамның көп аурудан сауығуына ықпалын тигізеді. Табиғи тәсілдер қолданыла, тірі жәндіктер пайдаланыла жасалатындықтан емнің бұл түрі – гирудотерапия деп аталады. Сүлік сондай-ақ адам бойындағы сары суды сорады, тұзды да алады.


2. 2 Сүлікпен емдеу


Бүгінде Қазақстанда да сүлік салу арқылы емдеу ісі біртіндеп кең етек алып келеді. Соның ішінде біздің Қызылордада да арнайы мамандар емнің осы түрімен айналысуда. Мәселен, ондай орталық облыстық ме­дициналық орталықта да бар. Оны ақылы терапия бөлімінің бас дәрігері Биқан Райымқұлова жүргізеді. Орталыққа келушілер қашанда көп. Бірақ адам денесінің әр түрлі нүктелеріне сүлік салудың да реті бар. Оны ма­мандар айдың толуына бай­ланысты әр түрлі науқас­тар­ға салып оты­рады.

Сүліктің емдік қа­сие­тінің негізгі сыры адамның бойынан арам қанды сорып алып, қан ай­налысын жақ­сартумен бірге, биологиялық бел­сенді зат­тарға бай түрлі ферменттерден тұратын сілекейлері арқылы ағ­заларды емдейді. Осындай алуан түрлі ферменттер өз алдына, одан бөлек қанның ұюына жол бер­мейтін гирудин мен жүзге жуық биоло­гиялық заттар тәнді жақ­сартып, ағзаны жасартады. Ол бір са­ғаттың шамасында адамнан 15 милилитрдей қан сорып алады.

Сүлік салған адам үш күн диета ұстау керек. Мүмкіндігінше сүт өнімдерінен бойын аулақ ұстап, жеміс-жидек, көкөністер (қызылша, сәбіз, құлпынай т.б.) пайдаланғаны абзал.

Маман дәрігердің айтуынша, жоғары қан қысымы, стено­кардия, миокард инфаркті, ин­сульт, тромбофелит, қан тамыр­ларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, көтеу, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, неврит, гипертензивті синдром, холе­цисит, панкреатит, гепатит, колит, простатит, белсіздік, бе­деулік, эндометриоз, семіздік, аналық бездер поликистозы, жабысқақтар, парадонтоз, есек­жем, остеохондроз, отадан және жарақаттан кейінгі асқынулар кезінде, инфаркт пен инсульттің алдын алу, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, ор­га­низм­ді жасарту үшін сүлікті қолдануға болады.

Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады. Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде.

Бүгінгі таңда ауырып-сыр­қамай-ақ денесіне сүлік сал­дыратын кісілер көбейіп келеді екен. Себебі, сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қал­пына келіп, қан қысымы мен қандағы қант мөлшері күрт тө­мен­дейді. Сонымен бірге ұсақ қан қатпалары жойылып, ісікке қар­сы және ауырсыздану меха­низмдері іске қосылады. Мұндай емдерге негізінен аш сүліктер жаратылатынға ұқсайды.

Медициналық сүліктің сілекей бездерінің сөлінде 100-ден аса биологиялық белсенді заттар бар, олар ісікке қарсы, бактериостатикалық, ауырсыздандырушы, таратушы әсерге ие, сондай-ақ микроциркуляциялық бұзылыстарды, тіндер мен ағзалардағы тамыр өткізгіштігінің бұзылуын жояды, гипоксияны кетіреді, қан қысымын төмендетеді, организмді қоқыстан тазартады, миокард инфаркті, инсульт секілді қауіпті асқынулардан сақтайды.

Сүлік салынатын жердегі тері алдын-ала бір шөкім сулы мақтамен немесе дәкемен ысқылап, қызарғанша сүртіледі. Терідегі кез-келген хош иісті затты жою үшін мақтаны екі-үш рет ауыстырады. Теріні заласыздандырушы спиртті сұйықтықтармен сүртудің қажеті жоқ. Өйткені кез-келген бөгде, табиғи емес иіс сүлікті шошытады.

Сүлікті теріге антибиотиктерден қалған шишалармен немесе құтымен қояды. Сүлік қадалу бойына ирелеңдей бастайды, сол сәтте ыдысты алып тастайды да, сүліктің астына бір қабат мақта, дәке салады. Гирудотерапия сеансы қан толық сорылғанша, сүлік өзі түсіп қалғанша жалғасады. Ем-шарадан кейін сүлікті формалин немесе мүсәтір ерітіндісіне салып, жояды. Емге бір рет қолданылған сүлікті екінші рет қолдануға болмайды, медициналық орталықтарда қолданылған сүліктер іле-шала жойылып отырады. Айта кетер жайт, сүлік емінің ең арзаны біздің елімізде екен.

Сүлік тістеген жерлерде үш сәулелі жаралар қалады. Олардан қан 6-24 сағат бойы ағады. Қанап тұрған жараларға асептикалық таңғыш тағады. Егер қан тоқтамаса, келесі күні жаңа таңғыш тағылады. Қанның тоқтауын тездету үшін изотоникалық ерітіндісі бар қысатын таңғыш салуға болады. Қан тоқтаса жараның шетіне йод ерітіндісін жағады немесе тағы бір тәулікке асептикалық таңғыш тағады.

Гирудотерапияға абсолютті қарсы көрсетім – гемофилия, яғни, қанаққыштық ауруы. Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер: жүктілік, айқын астения, қаназдық, гипотензия, аллергиялық реакциялар, екінші қайтара болатын иммунитет тапшылығы, кахексия.

Сүлікпен емдеу барлық соматикалық аурулардың қалыпты еміне қосымша ретінде қолданылады.

Сүлік жас балалардағы жарық (грыжа), тіл-көз тию, шошыну, іш аурулары, ал ересектердің қан тамырлары ауруы, адамның бүйрек, бауыр, ішек, асқазан, жүрек сияқты ішкі құрылыстарының аурулары, гинекологиялық ауруларға ем. Бұл аталғандармен шектеліп қалуға болмайды. Оның ем болатын аурулары көп.

Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолдану кезінде әйелдер ауруларынан айығып қана қоймай, гормондық – зат алмасу процестері жылдам қалпына келетіні байқалған. Сондай-ақ бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулардың алдын алумен қатар, сүлік кейбір жағдайларда негізгі ем ретінде де қолданылады. Әсіресе, сүлік операциялардан кейін тез жазылуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі таңда дәрігерлер операциядан соң, сүлік салдыруға кеңес береді. Сүлікті қолданғанда науқастың жасына,, қосалқы ауруына, денесінің салмағына, қан қысымының көрсеткішіне және сүліктің жағдайына да көңіл бөлінеді.

Сүлік салу – табиғи емнің ең көне түрі. Жалпы, оны пайдаланғанда ем шипалы болу үшін адамға ең алдымен сенім қажет. Сырқат адамның «осы ем маған қонады, пайдасы тиеді» деген ішкі сенімі болуы қажет.

Бүгінде Қазақстанда сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтардың саны артып келеді. Солардың бірі – 1998 жылдан бері жұмыс жасайтын Қазақстандағы бірінші медицина сүлігімен емдеу орталығы.

Қазір ғалымдар сүлік сілекейінің тағы бір қасиетін тапты. Нақтырақ айтқанда, соңғы кезде сүлік сілекейі дәрі-дәрмек, косметика жасауға қолданылуда. Мысалы, қанды сұйылтатын гепарин деген дәрі бар. Ол инфаркт, инсульт, тромбоз секілді ауруларға қолданылады. Бұл химиялық заттардан жасалған препарат болғандықтан организмге кері әсері көп. Ал дәл осындай дәрі жасау үшін сүліктің сілекейінен алынатын зат – табиғи, сондықтан бұл дәрінің адам организміне кері әсері жоқ. Сондай-ақ сүлік сілекейінен жасалған косметика аллергия тудырмайды.

2. 3 Сүлік туралы аңыз


Сол сүлік туралы ел аузында мынадай аңыз бар. Ертеде Сү­леймен пайғамбар алыс сапардан шаршап-шалдығып келе жатып, жол-жөнекей кездескен бір көл­шіктің маңына демалады. Ұзақ жолды жаяулап-жалпылап жүр­гендіктен, аяғы домбығып ісініп кетіпті. Әлгіндегі көлшіктің жаға­сына жетіп, шаршаған аяғын дамылдатпақ болып қисайса, көп ұзамай қатты ұйықтап қалады. Бір уақыттары ұйқысы қанып, тыңайып оянып кетсе, бойы біраз жеңілдеп қалғанын байқайды. Аңғарып қараса, ісініп кеткен аяқтары да қайтып, қалпына келіп қалыпты. Ал аяғының тобы­ғында бір қара қошқыл ұзын құрт жабысып тұр екен. Пайғамбар әулиеміз осының бәрі бір том­пақ құрттың арқа­сында болғанын ұғынып, оған шарапаты түсе мейірленіп қа­райды. Орнынан сәл көтеріліп, оң қолын созып жіберіп, әлгі құрттың жон арқасынан сипаған екен жарықтық сол кез­де. Сүлей­мен­нің сол сипасынан құрттың ар­қасына бірден таң­балы дақтар тү­сіп, тұра қалады. Мұны кейінгі жұрт «Сүлеймен пайғамбардың қолының іздері» деп атап жүр. Болса болар, жер-жаһандағы барлық жан-жануар­лар мен құс­тардың түгел тілін білген пайғамбардың мұндай қасиеті бол­ғанына сенбеске бол­мас. Осы­лайша пайғамбардың риза­шы­лығына бөленген сүлік атты құрт адамзат баласының содан бергі өте сирек кездесетін жәндік­терінің біріне айналып келеді.

Біздің ата-бабаларымыз да аталмыш жәндіктің адам ағ­засындағы қан айналымын жақ­сартып, жүрек соғысын қалпына келтіруде өлшеусіз пайдасы бар екенін жақсы білген. Олар сондықтан оны ерте замандардан «әулиеқұрт» деп атаған. Сүлік және оның денсаулыққа ететін пайдалы әсерлері туралы жаз­балар ерте дәуірлердегі Мысыр перғауындарынан қалған па­пирус қағаздарда сақталған. Сүлікпен емдеудің атам заманнан бері келе жатқанының тағы бір айғағы, Үндістанның көп қолды Дханвантари емші құдайының бір қолында сүліктің суреті тұрса, келесі қолында шөптің суреті болған. Бір ғажабы, сүлік атты қасиетті құрт Құран Кәрімде де бар. Бұл қасиетті кітаптың «На­хыл» сүресінде кездеседі. Ол жөнінде иудаизм және ескі хрис­тиан жазбаларында да жазылған.

Бүгінде Қазақстанда сүлік салу арқылы емдеу ісі біртіндеп кең етек алып келеді. Соның ішінде Қызылорда облысында да арнайы мамандар емнің осы түрімен айналысуда. Мәселен, бұл бөлім облыстық медициналық орталықта бар.

Бір сөзбен айтқанда, сүлікпен емдеу ежелден келе жатқан тәсіл болғанымен ол шын мәнінде қазіргі таңда жаңаша қарқын алып, ерекше дами бастады. Ра­сында да «Пайғамбар құрты» атанған бұл жәндіктің адам баласына берері көп.





















Қорытынды


Сүлікті жас ерекшелігіне қарамай кез-келген адамға сала беруге болады. Негізінде герудотерапиялық емдеудің барлық тәсілімен аралас жүргізіле береді. Сөйтіп ол емдеудің басқа тәсілдері тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Яғни, адам ағзасын тазартып, гормондардың сырқаттық мөлшерін азайтады, емнің қонуына жол ашады. Сүлік салудың таблеткалық дәрі-дәрмектерден пайдасы зор екендігі медициналық және ғылыми тәжірибелер тұрғысынан дәлелденген.

Дерт дауасы- Сүліктің,

Қыр-сырына қызықтым.

Бұл жәндікті зерттеу үшін

Барды сала кірістім.

Пайғамбарға бас идірген

Қасиетін байқадым.

Ем жасаған бабалардың

Өсиетін айтамын.

Киелі құрт сүлік деген,

Емделіңдер сүлікпенен.

Барлық дертке шипа болар,

Алдамайды үміттерің.

Бұл жобаның арқасында

Көп нәрсе біліп байқадым.

Жолағы бар арқасында

Сүлік жайлы айтарым.

Ем болар дауа дертіңе

Саламын бірақ еркіңе

«Сан қырлы сырдың иесі,

Сүлікте емнің киесі».


Ұсыныс:

  1. Медициналық сүлік салу емі кеңінен қолданылса;

  2. Қазақстанда сүлік салумен айналысатын мед. орталықтар көбейсе.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Сұлтанова Ж. Сыр бойы. 04.20.2010 ж. №10. 3-б.

2. «Қазақстан әйелдері» журналы. –Астана, 2012 ж. №10. 5-6-б.

3. «Жан дауа» газеті. –Алматы, 2010. №5. 4-б.

4. «Емші» журналы. –Шымкент, 2007. №6. 5-б.

5. «Денсаулық» журналы. – Алматы, 2005. №12. 9-б.

6. Биология оқулығы /8-сынып/. Алматы баспасы. 2010 ж.


14