Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

ШҚО Өскемен қаласы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ










Авторы: Жарылғасинова Дина

9а- сынып оқушысы



Тақырыбы: Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны


Бағыты: Жаратылыстану – математикалық бағыт



Секциясы: Химия



[link]  интернет-газеті осы мәселені ой елегіне салды. 

Оның несі айып? Сусынды мұсылман да ішпей ме дейтін де шығарсыз. Алайда, ол туралы толық мәлімет алсаңыз бұл ойыңыздан бірден айнып қалатыныңызға біз кәміл сенеміз. Алдымен бұл сусынға шетелдіктер қалай қарайтынын сүзгіден өткізейікші. Бауырлас Түркия әлдеқашан кока-коладан бас тартыпты. Себеп – жалғыз. Кока коланың сыртында оның құрамы туралы жазылмаған.

Риа-Новости агенттігіне берген сұхбатында, Қасиетті Николай қорының әлемдік кеңесінің басшысы Мұхаммер Карабулут: «Елдегі тұтынушылар туралы заңға сәйкес кез келген өнім шығарушы сатып алушыларды оның құрамымен таныстыру міндетті», - дейді. Осыдан кейін дереу қолға алынған «қызыл телпекті кока коланы» Түркияның ірі қаласы Ыстамбұлда үзілді-кесілді сатуға тыйым салынды. Тіпті, Балтық елдерінің бірі – Латвия да денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен мектептерінде кока-кола сатпайтын болған. Ал, Үндістандағы мұсылман ағайын тіпті сусынның мұсылмандарға мүлдем жат екенін, тіпті харам екенін де мәлімдеді. Олардың айтуынша, «Кока-кола» сөзін терісінен оқығанда «Мұхаммед жоқ, Мекке жоқ» деп оқылатын көрінеді. Әдейі жазылған ба, әлде солай болып көріне ме, әзірге белгісіз. Осыдан кейін қаһарына мінген Үнділік мұсылмандар кока-кола басшылығынан логотипін екі ай ішінде өзгертуді талап етеді. Арызына құлақ аспағандықтан Үндістан да кока-колаға байкот жариялап тынды.

Осыдан кейін әбден ойланған кока-кола басшылығы құпия болып келген сусындарының құрамын жариялауға мәжбүр болыпты. Сөйтсек, күнделікті ішетін коламыз кәдімгі құрт-құмырсқа заңдас тіршілік иесінен жасалады екен. Кошениль атты құрттан бөлінетін кармин кока-коланың негізгі бояғышы болып шықты.

Ал Франция тұтынушыларының халықаралық ұйымы кока-коланың құрамында қант мөлшерінің көптігі адам ағзасына кері әсер ететін дәлелдеді. Тіпті, халықаралық зерттеушілер коланың құрамында алкогольдің барлығын анықтап берді. Ең қызығы, кока-кола сусынын шетелдіктер біз сияқты ішудің орнына тазалық жұмыстарына кеңінен қолданатын көрінеді. Мәселен, дәретхананы тазалау, көліктің қозғалтқышы мен металл ыдыстарды тазалауда коладан артық ғажайып жоқ.
Егер кока-коланың бір құтысын доңыз етіне құйса, бірден құрттар пайда болатын көрінеді. Жүректі айнытар бұл көрініс тіпті ғаламтор бетінде жүр. Сондай сусынды мұсылманға ішуге бола ма? Мәжіліс депутаты Бекежанов тіпті кола мен пепси сусындарынан аулақ болуға шақырды. Мәжілісте сөйлеген сөзінде ол сусыннан адамның семіздік ауруына тап болатындығын баса айтқан.

1886 жылы АҚШ-та пайда болған бұл сусынның қазіргі жылдық табысы миллиардтаған долларға жеткен. Әлемдегі нөмір бірінші бренд сусын болып табылатын кола ғұмырының ұзақтығы немен байланысты?

Компанияның тек кока-коланы сатудағы табысы 30 миллиард доллардан асып жығылған. Өзгелер қаңсық қылып сатуға тыйым салса да, Қазақ елі қаржысын кока-кола үшін миллиондап шығындайды. Тіпті, кока-кола жүлдесі үшін түрлі спорттық турнирлер де ұйымдастыру қолға алынған. Жыл сайын кока-кола футболдан былғары доп бәсекелерін ұйымдастырып жатқаны осының нақты айғағы.
 

 Пайдалы кеңес

 Қазіргі кезде өндіріліп жатқан тағамдардың құрамында өсімдік  майы, ақуыздың  құнды түрлері, тағам талшықтарының  жетіспеушілігі байқалады. Оның есесіне көмірсуы басым тағам көп. Сондай-ақ аса тазартылған тағамды жиі пайдалану да үрдіске айналды. Табиғи азық-түлік азайып барады. Тіпті, қазір барлығы консервіленіп, ұсақталып, пісіруді қажет етпейтіндей күйде  ұсынылып жатыр. Сондықтан кез келген азамат мүмкіндігінше  табиғи азық-түлікті пайдаланғаны жөн. Оның ішінде балаларды жасанды, тез пісетін тағамдарға әуес қылмаған абзал. Олардың орнына түрлі жеміс-жидектер мен сүт тағамдарын молынан беру керек. Мәселен,  оқушылар үзіліс кезінде чипсы немесе қатырлақ нандардың орнына алма немесе  банан, киви секілді жемістерді жегені жөн. Өйткені жеміс-жидектер түрлі дәрумендерге бай. Ал сүт тағамдары   кальцийдің көзі. Жас кезде сүтті көп ішу керек. Ол сүйекті қатайтып, ағзаның сау, әрі дұрыс жетілуіне жақсы әсер етеді.

Егер адам дұрыс тамақтанып жүрсе, орталық нерв жүйесінің қызметі  жақсарып, жұмысқа қабілеті артады.




 


Қорытынды:

«Ауру - астан» екені рас. Аурудың 75-80 пайызы ішкен тамаққа байланысты пайда болатыны да жиі айтылып жүр. Мәселен, Дүниежүзілік медицина орталығының мәліметіне сүйенсек, сырқатқа шалдыққан адамға медицинаның тигізетін көмегі - 12 пайыз, ал қалғаны салауатты өмір салтын қалай ұстануыңызға байланысты екен.

Қазір мемлекет тарапынан да осы мәселеге баса назар аударылып жатыр. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты биыл Алматы қаласында ҚР Профилактикалық медицина академиясы жанынан  салауатты тағамтану орталығы ашылды.
Ағзаға түскен коланың құрамындағы күкірт және фосфор қышқылдары бауыр және бүйрек жұмыстарына кері әсер етіп, қауіпті науқастарға шалдықтырады. Бәлкім бізге де бауырлас мұсылман елдеріндей сусыннан бас тарту қажет шығар. Бұл үшін арнайы заң қабылдау қажет пе? Әлде, шекарамызды шегелеп, кеденнен кока-коланы мүлдем өткізбеуді қолға аламыз ба?

Қалай десек те, сусын алаш баласын сормаңдай қылатын түрі бар. Ертерек қимылдамасақ, ертең кеш болып қалуы әбден мүмкін. Ойланайық, мұсылман баласы, коланы ішіп, құрдымға кетіп жүрмейік?!


 

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі








































Алдыңызға келген қандай ас?

[pic]




Зиянды 10 өнім

[pic]




«АТАҢ ЖЕМЕГЕН АСТЫ АУЗЫҢА АЛМА» ДЕП... БІЗ ҚАНДАЙ ТАМАҚ ЖЕП ЖҮРМІЗ?



[pic]



«Coca-Cola» деп аталу себебі де жайшылық емес.

[pic]



Мұсылмандарға кока-кола ішуге бола ма?


[pic]


Дана халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қанатты сөзі бар.

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока-кола», «Пепси» сусындарының  адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғалам- торда жарияланған деректерде Америка Құрама Штаттарының  ғалымдары  бұл сусындарды   жасауға пайдаланатын  карамельдің негізінде жасалған бояғыштар  қатерлі ісіктің  дамуына себеп болатындығын алға тартады.

 Кока-кола карамель түстес, бірақ бұл қоңырқай түстес қоспа-қант, аммиак және сульфиттардың күрделі химиялық реакцияның арқасында жасалған канцероген. Бұл күрделі химиялық реакцияның салдарынан алынған бояғыштар құрамында  адам денсаулығына қауіп туғызатын заттар анықталған.

Атап айтқанда, бұл заттар өкпе-бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және  лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока- Кола» компаниясының 5 түрлі тағамында айтарлықтай мөлшерде табылған.

Алайда, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті қант орнына қолданылушы зат – аспартаманың  тағам құрамында бары да жазылмаған. Организмге түскен бұл зат метилдық спиртті құрап,  ол қатерлі ісікке  апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы көрсетілген.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы «Кока-Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген.

Ал Қазақстанда  студент-химиктер ассоциациясы «Кока-кола» сусынын адам денсаулығына зияндығы туралы бейне таспа түсіріп, институт қабырғасында  жарнама жасауда екен. Себебі қазір көп адамдар коланы трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Сонда темірді тоттанудан корғайтын затты біз қалай ішпекпіз?


 

Қоғамда орын алып отырған бұл мән-жайды дабыл деп түсінуіміз қажет.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңының 87 бабына сай  мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына  денсаулық сақтау құқығына кепілдік береді. Заңның бұл талабына жүгінсек мемлекет шұғыл түрде халық денсаулығын сақтау мақсатында шара көру керек деп есептеймін.

 

Ол үшін, біріншіден, аты әлемге әйгілі сусындардың қаншалықты адам денсаулығына зиянды екенін анықтау мақсатында  сараптама жүргізу керек. Егер аталған сусындардың құрамынан адам ағзасына зиянды заттар табылған жағдайда оның Қазақстанға әкелінуіне, сатылуына тыйым салып, оның адам денсаулығына зияны туралы ақпараттық үгіттеу шараларын мемлекет деңгейінде жүзеге асыру керек.

Екіншіден, құрамында консерванттар мен химикаттар бар басқа да өнімдерді (сағыздар, чипсылер, энергетикалық сусындар, кириешкалар, фаст-фудтар)  Республика территориясына алып келуді қатаң бақылауға алу керек.    

Үшіншіден нарықты қауіпті әрі сапасыз тауарлардан сақтауға бағытталып жүргізілетін жұмыс барысында айналымда бар және де өмірге қауіп төндіретін өнімдердің мониторингі мен инвентаризациясын жүргізу қажет.


адам 30 күн бойы тек фастфудты ғана жейді, соның ішінде тәжірибе талаптарына сәйкес, McDonald’s компаниясының тамағын күніне минимум түрде 1 рет жеуі керек болатын.Осы аталған тәжірибенің қорытындылары бойынша, медициналық мекеменің адамның денсаулығына белгілі бір зиян келгендігі туралы ақпарат шығарады. Яғни, ол 12 кг.-ға толып, қан құрамындағы кант мөлшерінің көбейгендігі, іш ауруы, көңіл-күйінің тұрақсыздығы және т.б. қиындықтарға тап болады. Бағдарламаның авторларының айтуы бойынша, осындай жағдайдан жазылу үшін 50 000$ шамасында интенсивті жартыжылдық ем қажет болады. McDonald’s тағамдарын дайындау барысында көптеген химиялық қоспалар ( ароматизаторлар, стабилизаторлар, консерванттар, бояғыштар және т.б.), кейбір канцерогендер (мысалы, бензоат натрия, Е211) қосылады. қуырылған және пісірілген крахмалды азық-түліктер кең қолданылады (картофель фри), олар да канцерогеном акриламидке бай болады .

тез тамақтану – басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам өмірінің барлық тұсынан көрініс табады. Мұндай астан бас тартудың миллион себептері бар: Артық салмақ қосқыңыз келсе? Бір орташа гамбургер, фри картоптары және жарты литр кола – 1500ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның бір күнгі кабылдайтын мөлшері. Ал бір күнде сіз осыларды ғана жеумен шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн өз тәжірибесінде 30 күн бойы Нью-Йорк қаласының фаст-фуд орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Егер сіз өзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, фаст фудқа жоқ деңіз! Денсаулығыңызды қатерге тіккіңіз келсе? Әдетте фаст фуд жегеннен ең алдымен ас қорыту нашарлайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, еркектік қабілеттің нашарлауы, бедеулік, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды нәрселер себепші. Бір сөзбен айтқанда жеңіл әрі тез дайырланатын тамақтардан адам азғасына келер ешқандай пайда жоқ. Көп ақша жұмсағыңыз келсе? Сіз мұнымен келіспеуіңіз мүмкін, Ал енді бір айда жеңіл асқа қанша ақша жарататыныңызды есептеңіз? Осыған фаст фуд әсерінен пайда болған шаш пен теріңіздің зақымдарын жасыру мақсатында сән салондарына жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. Ал егер мұндай асты әлі де қолдана беремін десеңіз, онда болашақта денсаулығыңызға байланысты медициналық орталықтарға кететін ақша мөлшерін тағы қосыңыз. Жаңа сатып алатын киімдеріңіз жайлы тіпті айтпаймын, себебі бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын десеңіз? Бүгінде тез даярланатын өнімдер үлкен адамдармен қатар мектеп жасындағы балалар арасында да танымал. Әсіресе чипстер, кептірілген нан (сухарики) олардың сүйікті тағамдарына айналған. Шведтік ғалымдардың айтуынша бұл тағамдар акрималид сияқты қауіпті концорогендерге бай. Акриламид – адамның жүйке жүйесін бұзатын, генетикалық мутацияға ұшырататын  ақ немесе тұссіз суда еритін зат. Ол көмірсуға бай тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1келі чипстың құрамында 2000 микрограмм акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп. Ал газдалған сусындарды күнделікті пайдалану адам ағзасында кальцийдің азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. Олардың бірі – остеопороз. Бұрынырақ бұл аурумен 60 жастағы карт адамдар ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. Балаларыңыздың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз!