Ашық сабақ тақырыбы:Оксидтердің аталуы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оксидтердің аталуы


Сабақтың тақырыбы: Оксидтер
Сабақтың мақсаты:
білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;
дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту;
тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап;
Сабақтың көрнекілігі: бор, оқулық, тірек сызбалар;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу,
- оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;
- психологиялық дайындық;
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
«Оттек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады. (иә, - жоқ).
1. Оттек иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.
2.Оттекті тек XVIII ғасырда Пристли ашты.
3. Оттек ауада 21 % кездеседі.
4. Оттекті зертханада алыну теңдеуі мынадай:
5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады
6. Бертолле тұзынан оттегін лабороторияда мына теңдеу арқылы алады:
7. Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.
8. Оттегін 2 әдіспен ауаны, суды ығыстыру арқылы алады
9. Ауаның массасы – 27 ге тең
10. Оттек суда нашар ериді
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
М: 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?
2. Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
3. Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
Немесе мына сызбанұсқадан көре аламыз.
«Сиқырлы гүл» ойыны.
Гүл жапырақтарында әртүрлі химиялық формулалар жазылған. Формулалар жазылған жапырақтарды тиісті кестенің ұяшықтарына қоямыз.
Металдар
Бейметалдар
Күрделі заттар
Заттың оттекпен әрекеттесу тотығу деп аталады.
ЭО – оксидтердің жалпы формуласы.
Мысалы:
Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.
1-тәсілі: - алюминий (ІІІ) оксиді.
2-тәсілі: - дюралмюминий триоксиді
«моно»-1, «ди» - 2, «три» - 3, «тетра» - 4, «пента» - 5 т.б
IV. Бекіту.
Түзілуі
М: Сонымен, оксид деп нені айтады?
О: Оксид дегеніміз – екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз.
М: Оксид деген – бинарлы
Екі элементтен тұрады.
Бірі оның оттегі
Болу керек міндетті
Екеуі бірге қосылса,
Тотығу реакциясы болады.
Нәтижесінде осының
Күрделі зат туады.
Ойын: «Алтын кілт» «Оксид» деген сейфтің шифрін табу. Мына берілген қосылыстардың ішінен оксидтердің формуласын тауып, сейфтің шифрін табамыз
1.CO2 2. NaOH 3. НNO3 4. CaO 5. SO2 6. MgO 7. H3RO4 8. Ca (OH) 9. N2O5 10. PH3 11. P2O5 12. ZnSO4
Сейфтің шифрі: 1,4,5,6,9,11
Ойын: «Аукцион» Оксидтердің формуласы беріледі. Сол оксидтің атын атайды. Элементтің валенттілігін, түзілу реакциясын құрып, реакция типін анықтау. Қай оқушы толық жауап берсе, сол оқушыға «оксид» картинасы беріледі.
“Кедергілермен көтерілу”.
“Химиялық сатымен” көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата.
V. Дидактикалық тапсырмалар.
«Айқыштар мен нөлдер» Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып, алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз.
натрий (І) оксиді
фосфор (V)
темір (ІІ) оксиді
«Кім жылдам?» Төмендегі өзгерістерді орындаңыз, түзілген оксидтерді атаңыз.
«Кім математик?»
№1. 16 г күкіртті жаққанда түзілген күкірт (IV) оксидінің массасын табыңыз.
Берілгені: Шешуі:
m(S)= 16 г
16 г S - х г
табу керек 32 г – 64 г
m( )=?
Ar(S)=32u
Mr( )= 32+16*2=64
Жауабы: m( )=32 г

№2. Массасы 64 г SO2 зат мөлшерін есептеңіз
№3.Массасы 44 г CO2 зат мөлшерін есептеңіз
IV.Қорытынды.
Оксидтерді екі түрі атаумен атау.

Қорғасын моно оксиді
Көміртегі диоксиді
Қорғасын (ІІ) оксиді
Магний (ІІ) оксиді
Күміс (І) оксиді
Көміртек (IV) оксиді
Магний моноокисді

Дикүміс моно оксиді
VI. Үйге:§23. №5 жаттығу 66 бет
VII. Бағалау: