Сабақтың тақырыбы: | Сандық есептер шығару. |
Оқып үйренудің негізгі мақсаты: | Оқушылардың іскерлік,химиялық есептер шығара білу дағдысын топта бірлесе жұмыс жасата отырып дамыту. |
Оқып үйренудің нәтижелері: | Қышқыл,сілті,тұздардың диссоциациялану теңдеулерін жазады, диссоциациялану дәрежесін анықтай алады. Химиялық есептерді шығару дағдылары қалыптасады. Жаңа білімді меңгереді. Тапсырманы өз бетімен орындайды. |
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Санау әдісі, миға шабуыл, топтық жұмыс,сергіту сәті, сұрақ – жауап, тест, инсерт. |
Сабақ барысы: |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Уақыт | Дерек көздері |
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Сәлемдеседі, қол ұстасып бір-біріне жылы лебіз білдіреді. | 1мин | Периодтық кесте. ЭТ кесте.
|
Топқа бөлу ( санау әдісі бойынша) Оқушылар сағат тілі бойынша рет нөмірлерін санау арқылы үш топқа бөлінеді. | Рет сандарын санау бойынша үш топқа топтасады. | 1мин |
|
Бағалау критерийлерінің параметрін айту 1.Өткен сабақты пысықтау. 2.Топтық жұмыста белсенділік. 3.Есептер шығару. 4.Тест жұмысы. Топтық ереже |
Оқушылар берілген параметрлерге назар аударады.
Топтық ережені орындау |
|
Бағалау парақшасы |
Миға шабуыл. 1.Мына заттар электр тоғын өткізе ме? а) натрий хлоридінің ерітіндісі; ә) қант ерітіндісі; б) күкірт қышқылының ерітіндісі.
2.Құрамында мынадай иондары бар қосылыстарды жазыңдар: а) Na+ жәнеCl- ә) K+ және S2- б) Ba2+ және NO3- в) B2+ және Br- г) Al3+ және SO42-
3.Кестеде берілген қосылыстардың иондық құрамын көрсетіңдер.
Қосылыстың иондық құрамының формуласы |
Оң |
Теріс |
BaCl2 NaOH Al2(SO4)3 MgCl2 Zn(NO3)2 Ba(OH)2 HCL
|
|
|
4. Логикалық есеп.
Топпен жұмыс істейді,сұрақтарға жауап береді,иондарды анықтайды.
Кестені 1,2,3,4,5,6,7,8,9сандарымен толтырып тігінен,көлденеңінен 15 санын шығара-
ды,таныстырылым жасап талдайды.
13 мин
Плакаттар. Маркерлер. Үлестірме қағаздар.
Жаңа тақырыптың мағынасын ашу:
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтан оқып бір-біріне түсіндіреді.
2 мин
Оқулық
Жаңа тақырып:
1.«Ерітіндіде сірке сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең» деген сөйлем нені білдіреді?
2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан:
а) 70;
ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?
3. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б) әлсіз.
Топпен жұмыс істеу барысында есептерді шығарады. Әр топ өз жұмыстарын талдайды, ой бөліседі, келесі топ қарсы пікірлер айтады.
16 мин
Плакаттар. Маркерлер. Үлестірме қағаздар.
Алған білімдерін қолдану.
Тест жұмысы.
Оқушылар тест орындайды .
8мин
Қосымша:
Дарынды балаларға қосымша есептер (кеңейтілген сұрақтар)
Үлестірме кеспедегі есептерді шығару
Р1, Р2, Р3, .
Тест
Кері байланыс.
Сабақта қандай сұрақтар қамтылды және не үйрендік?
Сабақ барысында алған білімдерін жазып баяндайды.
INSERT
«V» -білемін
«-» - мен үшін түсініксіз
«+» - мен үшін жаңа ақпарат
«?» - мені таң қалдырды
2мин
Инсерт парағы
Бағалау ( бағалау дескрипторы бойынша бағалау)
Бағалау критерийлерінің параметрлері арқылы бірін – бірі бағалайды. Бағалау шкаласы бойынша ұпай сандарын көрсетеді.
1мин
4-11 ұпай «3»
12-19 ұпай «4»
20-25 ұпай «5»
Сабақ қалай өтті?
Оқушылар өткен сабаққа кері байланыс жасады. Сұрақтарға топтасып жауап берді. Топтық жұмыс орындады. Оқулықпен жұмыс жүргізді, есептер шығарды. Сергіту сәтінде бірге ән салды. Бағалау парақшасымен бірін-бірі бағалады.
Не сәтті өтті?
Өткен сабақты пысықтауға берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықты. Оқулықтағы тапсырма бойынша жұмыс жасағанда белсенділік көрсетті. Бірін – бірі әділ бағалады.
Не сәтсіз өтті?
Сабақ барысында қойылған сұрақтарға оқушылар жауап беруге қиналды. Алған білімдерін баяндап жазуда кейбір оқушылар сыныптасынан көшірді.