Сыныптан тыс сабақ тақырыбы:ғажайып химия

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ тақырыбы: Ғажайып химия
Сабақ мақсаты:
• Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып қызығушылығын арттыру. Оқушылардың пәнге ынтасын, қабілетін дамыту.
• логикалық сұрақтар, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәнерін, теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру.
• білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке, үлкенді сыйлай білуге дағдыландыру
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Сабақ кезеңдері
“Жаратылыстану ғылымына саяхат”
Таныстыру:
Әр топ өздерін және топтың құрамымен таныстырады.
І кезең
1 – топқа
1. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл?
( иод)
2. Ең жеңіл металл
( литий)
3. Иодты қай жылы, кім ашты?
( 1811 ж. Крутуа)
4. Отынның жануы қандай құбылыс?
( химиялық)
5. Тұз қышқылының формуласы
(HCI)
6. Фторды қай жылы, кім ашты?
(1886ж. Муассан)
7. Сұйық металл
(сынап)
8. Электртерістілігі ең төмен элемент
(Цезий)
2 – топқа
1. Гологендер орналасқан топ
(жеті топ)
2. Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі
(атом)
3. Хлорды қай жылы, кім ашты?
(1774 ж. Шееле)
4. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер
( амфотерлі)
5. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім?
(Г. Кавендиш)
6. Сөндірілмеген әк
( кальций оксиді)
7. Суда еритін негіздер қалай аталады?
(сілтілер)
8. Электртерістігі ең жоғары элемент
(Фтор)
ІІ кезең «Қызықты жазулар»
Басқатырғы
Бос тор көздерге элементтердің аттарын жазыңдар.
Жауабы: Оттегі, бор, азот, аргон, фосфор, криптон.
трий
ек
Жауабы:
н а трий
и т
с у т ек
о т т
(Бұл кезеңде оқушылар жасалған тәжірибелердің құпиясын ашу керек.)
Үстел үстінде атқылаған «вулкан»
Вулканның атқылауы жөніндегі мәліметтер география сабағынан белгілі. Сол вулканды үстел үстінде атқылатуға мүмкіндік бар. Штативке бекітілген асбест торының үстіндегі қос хром қышқылы аммоний тұзына сіріңке тигізеді. Сонда одан жан - жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат көлемін әлде неше өсіріп жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай химиялық реакция жүреді.
Суреттегі от
Сурет салатын ақ қағазға калий селитрасының концентрациялы ерітіндісімен қылқалам арқылы сурет салынады. Бірақ суреттің ізі үзілмеуге тиіс.
Сурет салынған сызық қағаздың шетіне шығып, аяқталады, сол жерін қарындашпен белгілеп қою керек. Селитраның ерітіндісі кепкен кезде қағаз бетіне ешбір із байқалмайды. Тәжірибені көрсететін кезде қарындашпен белгіленген қағаз шетіне ағаш шоғын тигізеді. Осы кезде салынған суреттің кескіні бойымен қуалаған от суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына негізделген:
Ауыртпай жасалған «операция»
Оқушының білегіне «спирт» жағып, операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып, оны кеседі (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, «қаны» тазарады. Бұдан кейін оқушылар жасалған «операцияның» жасырын құпиясын айтады.
«Оқушының білегін спиртпен тазалаған болып, оған 5 проценттік темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін жағылды да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кесті. Сонда оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданидін түзеді». Ол реакцияның теңдеуін былай жазуға болады:
V кезең
Берілген өлең жолдарынан реакция теңдеулерін табу керек:
1 топ 2 топ
Фосфор жақсаң будақтап, Су бетінде безектеп,
Ақ түтінін түзеді, Металл натрий жүзеді.
Ақ түтінді су сорып, Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді. Қандай қосылыс түзеді.
Жауабы:
1 топ 2 топ
4Р + 5О2→ 5Р2О5 2Nа + 2H2O → 2NaOH + H2↑
Р2О5 + 3Н2О → 2Н3РО4
Адам ағзасына бұл элемент жетіспесе зоб ауруына шалдығады. Бұл заттың спирттегі ерітіндісі медицинада қолданылады? (йод)
Ұн тағамдарына нан илеу үшін не болмаса торт, тәтті тағамдар пісіру үшін қопсытқыш ретінде қолданатын тұрмыстық зат? (ас содасы)
Ол көп мөлшерде суды зарарсыздандыруға және ағартқыштар, дәрі – дәрмектер, еріткіштер алу үшін қолданылады. Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы оны Германия тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған. Бұл қай зат? (Хлор)
Ол ерте кезден белгілі. ХIV – XVI ғасырларда қалайы өндіруші кеншілер мен металлургтер қалайы рудаларын өртеу кезінде оның біраз бөлігі шлакқа кетіп, шығындалатынын байқады. Қалайы өнімін төмендететін болғандықтан, ондай руданы «қасқыр көбік» деп атады. Оған берілген атау немісше «қасқырдың сілекейі» деген сөз. «Қалайының қас жауы» атанған бұл элемент қалай аталады?(Вольфрам)
Қорытынды: жинаған ұпай сандары бойынша топ марапатталады.