Сабақтың тақырыбы: Оттегі -тіршілік нәрі
Сабақтың мақсаты: Оттегі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту , өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыруДәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Реактивтер: марганцовка .
Құралдар: спирт шам, сынауық, газ өткізгіш түтігі бар тығын, штатив,стақан , шыра.
Сабақтың барысы:
І. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Достық атмосферасын құру .
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1-оқушы. Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды.
Танымдық сұрақтар
1. Белсенді және жер бетінде ең көп таралған элементті атаңыз?
2. «Оттексіз тіршілік жоқ» деген ұғымды қалай түсіндіресіз?
3. Оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі.
4. Озонға жалпы сипаттама
5.Катализатор және оксидтер дегеніміз не?
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Оттегі мен озонның қасиеттерін салыстыра отырып кестені толтыру
Реті Заттың қасиеттері
Оттек
Озон
1
2
3
4
5
6
Агрегаттық күйі
Түсі
Иісі
Суда ерігіштігі
Қайнау температурасы
Тотықтырғыштық қасиеті
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар «шеңбер» ішіндегі элемент таңбаларын пайдаланып, оксидтердің формулаларын құрастыру керек.
Дұрыс әрі ең көп оксидтердің формуласын құрастырған оқушылар бағаланады.
Бекіту. ББҮ кестесін толтыру
Білемін Білгім келеді
Үйрендім
Қорытынды.
Тіршілік үшін ең қажетті өмір өзегі-ауа.
Болмасын ауа ешкімнің арман- мұңы,
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы,кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні?!
Үйге тапсырма.
«Оттегі- тіршілік нәрі» тақырыбына эссе жазу.