Темір және оның қосылыстары (9 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 8.02.16 ж.

Сынып: 9

Пән: Химия

Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаттары:

а)Білімділік: Темір және оның қосылыстарына жалпы сипаттама беріп, темірдің тотығу дәрежесіне байланысты химиялық қасиеттерін түсіндіру, тотығу дәрежесі +2, +3 темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін қарастыра отырып, оқушылардың біліктіліктерін дамыту. Темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат беру.

ә)Дамытушылық: Әр оқушының қабілетіне, білім дәрежесіне қарай тақырыпты толық және дұрыс меңгеруін қамтамасыз ету.

б)Тәрбиелік: Сабақ оқу кезінде оқушылардың бір-біріне көмек көрсетуін үйрету, ұжымдыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі:

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, слайд, карточкалар, вертуалды тәжірибе.

І. Мотивациялық кезең:

А) Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу;

- сынып тазалығын тексеру;

- сынып кезекшілігін анықтау;

- оқушыларды түгендеу;

- сабаққа дайындықтарын тексеру.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру: §38-39 оқу, 132 бет №3 және карточкамен жұмыс

Al2(SO4)3 +6 HCl = 2AlCl3 + 3H2SO4

AlCl3 + 3H2O = Al(OH)3 +3 HCl

ІІ. Операциялық кезең:

Сабақ барысы: Алдымен тақтаға бүгінгі күнді және тақырыптың атын жазып қоямын.

Сабақты түсіндіру:

Оқушыларға сұрақ: 4период, 26 реттік нөмері қандай элемент?

Жауабы: Темір

Мұғалім шәкірттердің ойлау қабілеттерін, біліктілігін дамыту мақсатында қысқа сызбанұсқа ұсынуына болады.












1. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны 4 үлкен период. VIII 26, Ar = 56.

2. Атом құрылысы: 3s2 3p6 3d6 4s2

+26Fe1s22s2p63s23p63d64s2

Валенттік электрон:

Fe0(3d64s2) - 2ē = Fe+2 (3d64s0) FeO, Fe(OH)2, FeCl2

Fe0(3d64s2) - 3ē = Fe+3 (3d64s0) Fe2O3, Fe(OH)3, FeCl3

+2тотығу дәрежесіне сәйкес қосылысына темір (II) оксиді FeO қара сұр түсті ұнтақ, темір (II) гидроксиді Fe(OH)2 және тұздары FeCl2, FeSO4жатады.

Бұл қослыстар тез тотығып +3 қосылыстарына айналады. Оксидтері мен гидроксидтері негіздік қасиет көрсетеді.

3. Темірдің табиғатта кездесуі.

4. Физикалық қасиеттері.

5. Химиялық қасиеттері.

6. Өнеркәсіпте алынуы.

7. Қолданылуы.

Оқушылармен карточка арқылы жеке жұмыс істеу.

1 карточка. Темірдің табиғатта кездесуі

1.Темір таралуы қандай?

2. Қандай минералдары бар?

3. Қазақстанда темір қорлары қайда орналасқан?

4. Темірдің биологиялық рөлі қандай?

2 карточка. Темірдің физикалық қасиеттері

1.Темірге сипаттама (түсі, балқу температурасы, тығыздығы).

3 карточка. Темірдің химиялық қасиеттері

1.Вертуалді тәжірибені көріп сипаттама бер.

2.Құрғақ атмосферада темірде қандай өзгерімтер болады?

4 карточка. Темірдің химиялық қасиеттері

1.Вертуалді тәжірибені көріп сипаттама бер.

2. Темірді белсенділігі төмен металдармен реакция теңдеуін жазып көрсет.

5 карточка. Темірдің өнеркәсіпте алынуы

1.Темірдің алу жолдарын жазып бер.

6 карточка. Темірдің қолданылуы

1.Темірді қайда қолданамыз?

Қазақстанда темірдің бай қоры бар, ол Торғай темір кенді бассейнінде және Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазіргі кезде елімізде темірдің жүздеген кен орындары мен кен жылғалары белгілі болып отыр. Көптеген кен орындарындағы кеннің жер бетіне жақын жатуы оны арзан, ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.

Темір сульфат және гидрокарбонат түрінде минералды сулардың құрамына кіреді. Темір тұздары теңіз суларында да бар, сол сияқты мұхиттардың түбінде де темірге әжептәуір бай табиғи шөгінділер кездеседі.

Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.

Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.

Физикалық қасиеттері: Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады. Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және микрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.

Химиялық қасиеттер: I. Жай заттармен әрекеттесуі:Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:

3Fe + 2O2 = Fe3O4


Лабораториялық тәжірибе жасау арқылы FeO және Fe(OH)2 химиялық қасиеттерімен таныстырады:

FeO + 2HCl→FeCl2 + H2O

Fe(OH)2 + 2HCl = FeCl2 + H2O

Тәжірибе жасай отырып, темір (II) гидроксидін алмасу реакциясы көмегімен алуға болады:

FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2 ↓ + Na2SO4

Fe2+ + 2OH- = Fe(OH)2

Жасылдау түсті тұнба

Fe(OH)2 ауада тоттотығып, қызыл күрең тұнбаға айналадаы:

4Fe(OH)2 + 2H2O + O2 = 4 Fe(OH)3

Fe(OH)2 аздап қыздырғанда темір (II) оксиді мен суға ыдырайды.

Оқушыларға Fe2O3 негіздік оксиді екені, ал Fe(OH)3 әлсіз (екідайлы) негіз, сондықтан қышқылмен де, сілтімен де реакцияға түсетіні айтылады. Оқушылар темір (III) гидроксидінің қышқылымен әрекеттесіп- темір нитратын (III) ал сілтімен ірекеттесіп -натрий ферритін түзетінін түсінеді.

Темір (III) гидроксиді қыздырғанда ыдырайды:

2Fe(OH)3→Fe2O3 + 3H2O

Темірдің +2,+3 иондарына сапалық реакция жасауды оқулықтан гидроксидтерінің жасыл және қызыл күрең тұнбасына сүйеніп тануға болатынын түсіндірген соң, мұғалім темір Fe3+ ионын сары қан тұзы K4[Fe(CH)6] және калий роданидімен KCNS анықтауға болатыны туралы мағлұмат береді:

4FeCl3 + 3K[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

Берлин көгі

Fe2+ ионын қызыл қан тұзын қосып анықтайды:

3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3 [Fe(CN)6]2 + 6KCL Турунбул көгі

Өнеркәсіпте алынуы: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен: Оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

Бұл процестер күрделі өнеркәсіптік қондырғыларда жүреді.

Қолданылуы:

Темір жіне оның қосылыстарының қолданылуын қарастырып, таза темірдің тез магниттелетіні және магниттік қасиетін жоюға бейім екенін түсіндіріп, темір(III) хлоридінің алты сулы кристалгидраты 3FeCl2* 6H2O қанды ұйытатын қасиеті болғандықтан медицинада қан тоқтату үшін, ал Fe (II) сульфатының 7сулы кристал гидраты FeSO4*7H2O бақша зиянкестерін құртуға және бояулар жасауға қолданыталтынын айтқан жөн.

Дүние жүзінде темір және оның құймалары басқа барлық металдармен салыстырғанда 20 еседей көп өндіріледі.

III. Рефлексия кезеңі:

Қорытындылау:Сабақ аяқталмастан бұрын сендердің сабақ жөніндегі ойларды білгім келеді. Ол үшін қорытынды тестке жауап беріңдер. Оқушыларға 4 сұрақ карточка арқылы беріледі. Осы сұрақтарға «+» және «-» таңбаларын қою керек. Төрт «+» болса яғни бағасы 5, үш «+» болса 4, ал екі «+» болса 3.

Сұрақтар:

1.Мен көптеген жаңа мағлұмат алдым

2.Маған өмірде бұл қажет болады

3.Барлық қойылған сұрақтарға мен жауап алдым

4. Мен сабақта өз дәрежемде жұмыс істедім

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға тиісті бағаларын қоямын.

Үй тапсырмасы: §40-41 оқу. Оқушылардың өз қабілеттеріне байланысты:

  1. Сурет салатындарға: Темірдің қолданылуы туралы сурет салу;

  2. Өлең шығаратындарға: “Біздің өміріміздегі темірдің маңызы” туралы өлең шығару немесе шағын шығарма жазу.