Конспект урока Химия өмірде

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ХИМИЯ ӨМІРДЕ


Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру,әртүрлі тапсырмалар арқылы қызығушылықтарын ояту, білімге құштарлығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, топтасып жұмыс істеуге үйрету, алғырлыққа баулу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, шар.

Барысы: Химия - ырыс бұлағы Аялдама, алға ұмтыл,

Шалқыған байлық мол дәулет Құдіретті біздің ой!

Аялап күтіп тұр алда Сенде байлық, сенде ырыс

Болашағымыз - нұр сәулет. Сенімен өмір сәнді ғой,-

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Химия өмірде» сайысына қош келдіңіздер. Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтейін.

I топ: Калций

II топ: Натрий

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді,көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Сайысымыз бес кезеңнен тұрады.

Сайыс шарттары:

1.кезең «Сұрақ- бізден, жауап - сізден» Екі топқа сұрақтар қойылады.

2.кезең «Ғажайып шеңбер» элементтердің атын құрастыру

3.кезең «Құпия сөздің кілтін аш» ойын ойнатылады.

4.кезең «Кім жылдам?» жұмбақтар шешу.

5.кезең «Жекпе жек» топ басшылар есеп шығарады.

Сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Сайыскерлерімізге сәттілік тілеймін.

1.кезең «Сұрақ- бізден, жауап - сізден» Сұрақтар қойылады.


I топ:

Мыстың латынша атауы? /купрум/

Темірдің атомдық массасы? /56/

Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл? /литий/

Қиын балқитын металл? /вольфрам/

Ең қатты металл? /хром/

Менделеевтің периодтық жүйесінде қанша элемент бар? /110/


II топ:

Темірдің латынша атауы? /феррум/

Күмістің атомдық массасы? /108/

Адам ағзасында сүйектің құрамына кіретін металл? /кльций/

Аса бағалы металдар? /алтын, күміс/

Ең ауыр металл? /осмий/

Жер бетінде қосылыстары ең көп таралған металл? /алюминий/

2.кезең «Ғажайып шеңбер»

Тіршіліктің көзі болған жерінде,

Химиялық элементтер елінде.

Жиын болды мерекелік бас қосқан,

Менделеев кестесінің төрінде – деп келесі кезеңге көшеміз.3- минут ішінде шеңберде берілген әріптерді пайдаланып химиялық элементтер аттарын құрастыру қажет. Дұрыс тапқан элементке 1 ұпайдан беріледі.


3.кезең «Құпия сөздің кілтін аш» ойын ойнатылады. Ойын шарты бойынша екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Берілген элементтің латынша атын табу.

Fe - феррум Cu - купрум

N - зн Au -аурум

H - аш C - це

Hg - гидраргирум Si - силициум

4.кезең «Кім жылдам?» жұмбақтар шешу.

1.Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,

Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.

Мені балқыта алмай қиналады көбісі,

Қазақстан әлемде, кенім жөнінен бріншісі. /Вольфрам/

2.Ертеден белгілі жетеудің бірімін,

Электроника саласында ірімін.

Көптеген құймаларға кіремін,

Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. /Мыс/

3.Қара металлургия жанымын,

Машина, трактордың қанымын.

YIII қосымша топшада болсам да,

Металл атаулының ең көп қолданатын санымын. /Темір/

4.Табылса бұрын там тұмнан,

Қазір көп әр өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде? /Алюминий/

5.Өзі ауыр металға жатады,

Емшілер қорықтық құюға қолданады? /Қорғасын/

6.Адамдар мені салмақты деп атайды,

Сонда да мен химиктерге жақпаймын.

Өндірісім жөнінен Азия мен ТМД-да өз елімді,

Бірінші қылмай тынбаймын. /Күміс/

5.кезең «Жекпе жек» топ басшылар есеп шығарады.

I-топ: Na→NaOH→Na2CO3→NaCl

II-топ: K→KOH→K2SO4→KCl

Мықты болса іргетас, Химиясыз өмір жоқ,

Құламайды үйлерің. Ән мен бүгін көңіл тоқ.

Химияға тәжім ет, Терең білім алуға,

Белді бекем будағы. Талпынайық сіз, біз боп,- деп осымен сайысымыз аяқталды. Жеңген топ марапатталады.